Иран мен Қытай қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейтетінін қуаттады
Maм 21, 2016 23:08 Asia/Almaty
Иран ІІМ- нің қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп бойынша орынбасары қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп саласында Қытаймен ынтымақтастықтарды кеңейтетінін қуаттады.
Қытайда сапармен жүрген Мұхаммад Хосейн Золфақари осы елдің қоғамдық қауіпсіздік министрінің орынбасары Минг Хонгвимен кездесуінде қауіпсіздік саласында қос жақты ынтымақтастықтарды кеңейту жолдары туралы ой бөлісті.
Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрінің орынбасары Минг Хонгви де екі елдің байырғы қарым- қатынасына және Иранның халықаралық айдындағы маңызды мәртебесіне сілтеме жасап, барлық бөлімдерде екі елдің ынтымақтастықтарын кеңейтуге мүдделік танытты.
Тегтер