Халықаралық Амнистия ұйымы Сауд Арабиясының кассеталық бомба қолданғаны туралы хабарлады
Халықаралық Амнистия ұйымы Ұлыбританияда жасалған кассеталық бомбалардың Сауд Арабиясының Йеменге қарсы шабуылдарында қолданылуына қатысты істі Лондоннан анықтауды талап етті.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Халықаралық Амнистия ұйымы Ұлыбритания Премьер-министрі Девид Кэмеронға жолдаған хатында: «Жаңа деректер бойынша Сауд Арабиясы Йеменге қарсы әуе шабуылдарында Ұлыбританияда жасалған кассеталық бомбаларды қолданған»,- деп мәлімдеді.
Халықаралық Амнистия ұйымы Кэмеронға жазған хатта Йеменнің солтүстігіндегі ауылда қолданылған BL-755 типті кассеталық бомбалар туралы зерттеу жүргізуді талап етті.
Осы мәлімет бойынша Халықаралық Амнистия ұйымы Ұлыбритания үкіметінен ұлыбританиялық күштердің ықтималды рөлі және кассеталық бомбалардың Торнадо қырғи ұшақтарынан атылуын анықтауды талап етті.
Бұдан бұрын Сауд Арабиясының АҚШ-та жасалған кассеталық бомбаларды қолданғаны туралы хабарлар да жарияланған болатын.