Бейжің Теһранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы прагматизмін қорғайды; Қытайдың Еуропаға баратын алғашқы контейнерлік пойызы Иран арқылы сапарын бастады
(last modified Mon, 10 Mar 2025 11:25:31 GMT )
Нау 10, 2025 17:25 Asia/Almaty
  • Бейжің Теһранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы прагматизмін қорғайды; Қытайдың Еуропаға баратын алғашқы контейнерлік пойызы Иран арқылы сапарын бастады

ParsToday – Қытайдың Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктегі өкілі: «Біржақты келісім-шарт бойынша келісімнен шыққан ел өзінің тарихи жауапкершілігінен құтыла алмайды»,-деді.

Атом Қуаты Халықаралық Агенттіктегі Қытайдың тұрақты өкілі Ли Сун жұма күні АҚХА Басқарушылар кеңесінің тоқсан сайынғы отырысында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын мақұлдайтын №2231 қарарына сілтеме жасап: «Осы келісімді жүзеге асырудың соңғы мерзіміне сегіз айдан аз уақыт қалды. Бұл мәселені дипломатиялық жолмен шешу үшін маңызды терезе. Иран өзінің ядролық бағдарламасының бейбітшіл сипатына бірнеше рет тоқталып, АҚХА-мен келіссөздер мен ынтымақтастықты қайта бастауға дайын екенін білдірді»,-деді. Қытайдың АҚХА-дегі өкілі сондай-ақ: «Біз АҚШ-тың ортақ келісімді жоюдың негізгі факторы ретінде тез арада практикалық қадамдар жасап, халықаралық дипломатиялық күш-жігерге оралып, Иранмен диалогқа түсуі керектігін баса айтамыз»,-деді.

 

Қытайдың Еуропаға баратын алғашқы контейнерлік пойызы Иран арқылы сапарын бастады

Қазақстан темір жолы Қытайдан Еуропаға жаңа контейнерлік тасымалдау қызметін іске қосу үшін Қытай теміржол контейнерлік тасымалдау компаниясымен ынтымақтастықтың басталғанын хабарлап: «Қытайдың алғашқы контейнерлік пойызы жақында Қытайдың Чэнду қаласынан Қазақстан теміржол желісі арқылы Польшаның Лодзь қаласына жолын бастайды. Пойыз Қазақстан, Түрікменстан, Иран және Түркия арқылы Польшаға жетеді деп жоспарланған»,- деп мәлімдеді.

 

Басқа жаңалықтар:

  • «Иран-Қытай жас ғалымдар алмасу» бағдарламасының жаңа кезеңіне шақыру 2025 жылдың қаңтарында жарияланды, оның барысында 53 мүмкіндік таныстырылды.
  • 8 наурызда Жапонияның Теһрандағы елшісі Цукада Тамаки Иранға қарсы санкция салуды әділетсіз деп атап: «Әлем Трамптың саясатына күмәнмен қарайды» деді.
  • Канада Қытайда жасалған электр көліктері мен болат пен алюминий өнімдеріне баж салығын енгізгеннен кейін Бейжің сенбі күні Оттаваның кейбір ауылшаруашылық тауарларына да тарифтерін енгізу арқылы жауап берді.
  • Солтүстік Корея сенбі күні ядролық сүңгуір қайықты таныстырды.