Сирия мен Ирактың қазіргі жағдайы - америкалық-сионистік қастандық
ИИР Қорғаныс министрі: «Қазір Ирак пен Сирияда орын алып отырған оқиғалар америкалық-сионистік қастандықтардың салдары»,- деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран Қорғаыс министрі Хосейн Дехкан Теһранда өткен Ливан Хизболласы қолбасшыларының бірі Мұстафа Бадруддиннің шәһид болуын еске алу рәсімінде: «Исламдық жерлерде соғыс ашу ислам әлемі дұшпандарының қастандықтарына жатады. АҚШ пен сионистік режим (Израиль) лаңкестерге қаржылай және әскери қолдау көрсетіп, оларды мұсылмандарға қарсы арандатады. Бұл мәселе әлемдік үстемшілер үшін сионистік режимнің қауіпсіздігін сақтау үшін маңызды»,- деді.
Хосейн Дехқан ИИР-ның тәкфіршілерді мұсылман деп санамайтынын қуаттап: «Тәкфіршілердің наным-сенімдері және іс-әрекеттерінің исламның негіздеріне ешбір қатысы жоқ»,- деп баса айтты.