Қытай президенті армиядан дайын болуды талап етті
https://itolqyn.com/news/world-i8149-Қытай_президенті_армиядан_дайын_болуды_талап_етті
Қытай президенті армиядан қауіпсіздік саласындағы түйткілдермен күресу үшін дайын болуды талап етті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 25, 2016 20:04 Asia/Almaty
  • Қытай президенті армиядан дайын болуды талап етті

Қытай президенті армиядан қауіпсіздік саласындағы түйткілдермен күресу үшін дайын болуды талап етті.

Қытай президенті Си Цзиньпин осы елдің барлық әскерилерін өздерінің жауынгерлік әлеуеттерін жоғарылатуға шақырып, армияға модернизациялау бағытында әрекет етуге жарлық беріп: «Ешбір мемлекет экономикалық айдында күшті және мықты әскери күшке ие болмай, өз жетістіктерін қорғай алмайды» деді.

Оңтүстік Қытай теңізінде Қытай, АҚШ және Филиппин арасындағы текетірестер ұлғайып отырған жағдайда Қытай президенті армияны шайқас үшін дайын болуға шақырып: «Қытай қауіпсіздік саласында күшті және ауқымды қиыншылықтарға тап болып отыр. Сондықтан соларға төтеп беруге әзір болуы керек» деді.

Көпшілік Қытай әлі дамыған техникалық жабдықтар мен киберлік әскери әлеуетке ие емес және осы салада талпыныс жасауы керек деп санайды.

Қытай шамамен 2 млн 300 мың әскеримен әлемдегі ең үлкен армияға ие, алайда осы елдің үкіметі армияның 300 мың мүшесін қысқартуды мақсат етіп отыр.