X қолданушылары: ХАМАС Палестинаның атын тірі қалдырды; Израиль - әлемдегі ең жек көрінішті сөз
https://itolqyn.com/news/world-i81582-x_қолданушылары_ХАМАС_Палестинаның_атын_тірі_қалдырды_Израиль_әлемдегі_ең_жек_көрінішті_сөз
ParsToday – Х әлеуметтік желісінің қолданушылары Газадағы соғысты тоқтату келісіміне реакция білдіріп, сионистік режимді Палестинаның ХАМАС исламдық қарсыласуына қарсы мақсаттарына жету жолында жеңілген режим деп атады.
(last modified 2025-11-09T13:32:42+00:00 )
Қаз 10, 2025 16:30 Asia/Almaty
  • X қолданушылары: ХАМАС Палестинаның атын тірі қалдырды; Израиль - әлемдегі ең жек көрінішті сөз

ParsToday – Х әлеуметтік желісінің қолданушылары Газадағы соғысты тоқтату келісіміне реакция білдіріп, сионистік режимді Палестинаның ХАМАС исламдық қарсыласуына қарсы мақсаттарына жету жолында жеңілген режим деп атады.

Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) бейсенбі күні мәлімдеме жасап, Газадағы соғысты тоқтату және тұтқындарды айырбастау туралы келісімге қол жеткізілгенін ресми түрде жариялады. ХАМАС былай деп хабарлады: «Палестина қарсыласу қозғалысы мен топтары АҚШ президентінің Шарм-әл-Шейхтегі ұсынысына қатысты жауапты және байыпты келіссөздерден кейін Палестина халқына қарсы қырғын соғысты тоқтату және басқыншылардың Газа секторынан шығуы үшін ХАМАС Газадағы соғысты тоқтатуды, басқыншыларды шығаруды, көмекті енгізуді және тұтқындарды айырбастауды қамтитын келісімге қол жеткізгенін жариялады». Pars Today агенттігінің хабарлауынша, X әлеуметтік желісінің қолданушылары осыған байланысты Израиль режимін Хамасқа қарсы мақсаттарына жете алмағанына тоқталды:

Садат Хусейни есімді қолданушы: «Тарихқа жазыңдар, барлығы Хамастың жеңілісін және Израильге бас иуін күтті, бірақ соңында Израиль Хамас пен Палестина халқының қарсылығының алдында атыс тоқтатуға келісуге   мәжбүр болды» деп жазды.

Пария былай деп есептейді: "Бұл атысты тоқтату премьер-министр Биньямин Нетаньяху үшін ұзақ мерзімді перспективада қиын болады. Нетаньяху Израильге соғыс жүктеді, бірақ ақырында келіссөздерге бағынды. Израиль ХАМАС-ты жоймас түгілі,  басқыншыларын Газадан шығаруға міндеттелді. Нетаньяхуға қандай қысым болатынын алдағы уақытта көреміз".

Тағы бір X белсендісі Парваз: «Ең озық технологияларға ие Израильдің Хамас алдында атысты тоқтатуды жариялағанын ұмытпайық», - деп жазды.

Юсеф: «Қарсыласу майданы жеңіп, әлемдегі қылмыскер Израиль масқара болды. Бұл режимнің батыстық жақтастары мен Америка атысты тоқтатуға мәжбүр болды. Жеңімпаздар Газа, Палестина, Ливан, Иран және Йеменнің төзімді халқы. Израиль іштен күйреді» деді.

Ибтихал есімді қолданушы да сионистерге: «Ей, сионистер, Газа халқы Хамаспен бірге және бұл қозғалысты қолдайды. Әйтпесе халық бірінші күннен бастап Хамасқа опасыздық жасап, Хамас мүшелерін Израильге тапсырар еді».

Ахмад былай деп жазды: «Хамас бүкіл әлем бойынша сионистік насихатты залалсыздандырған әрекет жасады. Хамас Палестина халқын қолдауды Америка мен Еуропа көшелерінде жария ұранға айналдырды. Қазір Израиль әлемдегі ең жек көрінішті сөз болып отыр».

Мұхаммад Талха: «Израиль жер бетінде мыңдаған палестиналықтардың қанын төкті, егер ХАМАС болмаса, бұл режим Палестинаның аты мен бейнесін өшірер еді», - деп атап өтті.

Соңында Альдо Чайя Хамасты мадақтап: "Газадағы палестиналықтар нық тұрып, Израильдің барлық мақсаттарын, соның ішінде тұтқындарды қайтару, Хамасты жою және Газадан палестиналықтарды көшіру сияқты мақсаттарына кедергі жасады. Израильдің стратегиясы апатты түрде сәтсіз аяқталды»,- деді.