Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Абайдың 180 жылдығына арналған «Шығыс таныған Абай» атты әдеби-музыкалық кеш өтті
https://itolqyn.com/news/world-i82074-Әл_Фараби_атындағы_ҚазҰУ_де_Абайдың_180_жылдығына_арналған_Шығыс_таныған_Абай_атты_әдеби_музыкалық_кеш_өтті
ParsToday - 2025 жылдың 28 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны, философы, ойшылы, композиторы, аудармашы және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Шығыс таныған Абай» атты музыкалық-әдеби кеш өтті.
(last modified 2025-12-05T12:59:28+00:00 )
Жел 02, 2025 15:22 Asia/Almaty
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Абайдың 180 жылдығына арналған «Шығыс таныған Абай» атты әдеби-музыкалық кеш өтті

ParsToday - 2025 жылдың 28 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны, философы, ойшылы, композиторы, аудармашы және ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Шығыс таныған Абай» атты музыкалық-әдеби кеш өтті.

Кешке Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Сона Ахмади ханым, Иран Мәдени орталығының директоры Хоссейн Ағазаде мырза, Үндістан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулының орынбасары Дипеш Шарма мырза, сондай-ақ, үнді кәсіпкерлер одағының президенті Бенуша Сайбу, Пәкістан Бизнес форумының президенті Сайед Сарфараз Хуссейн мырза және сондай-ақ  зиялы қауым өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Абай ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор Мусалы Лейла Жұматайқызы баяндама жасап, ұлы Абай мұрасының жас ұрпақты білім мен тәрбиелеудегі маңызы туралы айтып, жас шығыстанушыларға кәсіби қалыптасу жолында табыс тіледі.

Студенттер кеште Абайдың өлеңдері мен «Қара сөздерінен» үзінділерді және «Көзімнің қарасы» әнін хинди, урду, парсы және араб тілдерінде орындады. Кеште студенттер ақынның басқа да кеңінен танымал әндері мен күйлерін студенттерден құрылған Сур-саз ұлт аспаптар ансамбілінің сүйемелдеуімен орындады. Кеште сондай-ақ Абай шығармаларының шағын көрмесі де болды. Кеш соңында осы шараны ұйымдастырушы Сымбат Исмагуловаға Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Сона Ахмади ханым алғыс хат табыстап, Иран Мәдени орталығының директоры Хоссейн Ағазаде мырза ақшалай сыйлық табыстады.

Кеш қонақтары студенттердің өнеріне ерекше әсерленіп, олардың тілдік, әдеби және музыкалық дайындықтарын жоғары бағалады.

 

Дайындаған: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультетінің аға оқытушысы Айман Жұбатқанқызы Боранбаева