Ұлыбритания әскерилері арабстандық және бахрейндік түрме күзетшілерін жаттықтырады
(last modified Thu, 26 May 2016 15:50:45 GMT )
Maм 26, 2016 21:50 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания әскерилері арабстандық және бахрейндік түрме күзетшілерін жаттықтырады

Британдық әскерилер Сауд Арабиясы мен Бахрейндегі түрмелердің басшыларын жаттықтырады.

«Daily Mail» газеті өзінің интернет торабында: «Бахрейн Ұлыбританияның адам құқығы ахуалын бақылау тізіміне енгізілген, бірақ Лондон Бахрейннің әскери күштері мен өзге елдердің, әсіресе Сауд Арабиясы күштерін жаттықтыруды одан әрі жалғастырады» деп жазды.

«Daily Mail» газетінің жазуынша, Бахрейн түрмелерінің басшылары 2016 жылы қаңтар айында 3 түрмені аралап көруге Солтүстік Ирландияға келген. Бахрейн түрмелерінің күзетшілерін жаттықтыру жобасын іске асырудың бастамасы болған осы сапарға 3 млн 80 мың АҚШ долларын шығындады.

«Daily Mail» газеті «Адам құқығы белсенділері өткен аптада Бахрейн патшасы шейх Хамд Бин Иса Але Халифенің Ұлыбритания патшайымы Элизавета ІІ-нің 90 жасқа толған туған күнін тойлауға қатысуына байланысты көптеген сын пікірлер мен наразылық білдірді» деп жазды.

«Россия сегодня» интернет торабы да «Ұлыбритания армиясы 2014 жылдан Бахрейн мен Сауд Арабиясы және өзге 14 елдің әскери күштерін жаттықтырып жатыр. Бұл елдер адам құқығы негізінде жақсы атаққа ие емес» деп жазды.

Халықаралық Кешірім ұйымы бюросының төрағасы Кит Ален 2016 жылы ақпан айында Ұлыбританияның Сауд Арабиясымен байланысының түрі Лондонның адам құқығы мәселесіне көзжұмбайлық танытуға әзір екенін көрсетеді деп мәлімдеді.