Иранның 20-дан астам ядролық жетістігінің тұсауы кесілді; Либерман – Нетаньяху Трамптың қолға үйретілген иті
https://itolqyn.com/news/world-i82720-Иранның_20_дан_астам_ядролық_жетістігінің_тұсауы_кесілді_Либерман_Нетаньяху_Трамптың_қолға_үйретілген_иті
ParsToday - Ислам революциясының «Фаджр» онкүндігінде медицина мен денсаулық сақтау, қоршаған орта және өнеркәсіп салаларындағы 20-дан астам жетістік жарияланады.
(last modified 2026-02-12T18:19:10+00:00 )
Ақп 04, 2026 18:20 Asia/Almaty
  • Иранның 20-дан астам ядролық жетістігінің тұсауы кесілді; Либерман – Нетаньяху Трамптың қолға үйретілген иті

ParsToday - Ислам революциясының «Фаджр» онкүндігінде медицина мен денсаулық сақтау, қоршаған орта және өнеркәсіп салаларындағы 20-дан астам жетістік жарияланады.

PressToday хабарлауынша, Иранның Атом қуаты ұйымының   басшысы Мұхаммад Ислами сейсенбі күні: «Ислам революциясының «Фаджр» құтты күндерінде біз медицина мен денсаулық сақтау, қоршаған орта және өнеркәсіп салаларындағы 20-дан астам жетістіктін тұсауын кесуге дайынбыз», - деді. Иранда тері қатерлі ісігін емдеуге арналған радиофармацевтикалық препараттардың өндірісіне тоқтала отырып, ол былай деп мәлімдеді: «Біз тері қатерлі ісігін емдеуге арналған радиофармацевтикалық препаратты өндіруде табысқа жеттік, ал Иран қазір әлемдегі осындай препаратқа ие негізгі және жетекші елдердің бірі болып табылады; бүгінде ирандық зерттеушілер мен ғалымдар радиофармацевтикалық препараттарды тері қатерлі ісігін емдеуге арналған жақпа майға айналдыра алды».

 

Либерман: Нетаньяху - Трамптың қолға үйретілген иті 

Израильдің бұрынғы соғыс министрі Авигдор Либерман режимнің саяси, қауіпсіздік және халықаралық жағдайына және оның Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынасына тоқталып: «Израильдің қауіпсіздігі мен саяси институттары бізді 2023 жылдың 7 қазанындағы қауіпсіздік апатынан кем емес қауіпті саяси апатқа алып баруда», - деп қосты. Израильдің әлемде және Америка Құрама Штаттарында ешқашан соншалықты оқшауланбағанын айта келе, ол былай деп қосты: «1967 жылдан бері (Палестинаның көптеген қалалары басып алынған күннен бастап) біздің жағдайымыз алғаш рет палестиналықтардың жағдайынан нашарлады, себебі Нетаньяху Америкадағы екі демократиялық және республикалық партиялар арасында тепе-теңдік орнату саясатына немқұрайлы қарайды». Либерман былай деп мәлімдеді: «Израиль іс жүзінде саяси тәуелсіздігін жоғалтты және ештеңеден тәуелсіз емес, ал Нетаньяху американдық саясаттың кепіліне және Трамптың қолға үйретілген итіне айналды».

Авигдор Либерман, Израильдің бұрынғы соғыс министрі