Стамбулда полиция мен күрдтерді қолдайтын шерушілер қақтығысты
https://itolqyn.com/news/world-i832
Стамбулдағы күрдтерді қолдаушылардың шеруі полицияның араласуының салдарынан қатыгездіктерге ұласты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 15, 2016 15:55 Asia/Almaty
  • Стамбулда полиция мен күрдтерді қолдайтын шерушілер қақтығысты

Стамбулдағы күрдтерді қолдаушылардың шеруі полицияның араласуының салдарынан қатыгездіктерге ұласты.

Франция ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі мәліметі бойынша Түркия күрдтерінің жүздеген жақтастары Стамбулдың Гази аймағында шеруге шығып, бұл елдің әскерінің Күрдістан аймағындағы әскери әрекеттеріне наразылық білдірді.

Бұл мәлімет бойынша, полиция шерушілерді тарату үшін су шашатын көліктер мен көз жасаурататын газ қолданған.

Күрдтерді жақтайтын ақпарат құралдары да полицияның әскери оқтарды пайдалануының салдарынан кемінде екі адамның қаза болғанын хабарлады.

Ресми мәліметтер бойынша Күрд Жұмысшылар партиясы тобының Түркия әскерімен қарулы қақтығыстары мен Ирактың солтүстігіндегі Түркияның бомбалаушы ұшақтарының Күрд Жұмысшылар партиясының позицияларын бомбалауы салдарынан аталмыш топтың 3 мыңнан астам мүшесі мен 300-ден артық әскери, қауіпсіздік және әскери емес күштер өлтірілген.