Иран Украинамен қарым- қатынасты кеңейтуге дайын
ИИР президенті Теһранның Киевпен барлық салада қарым- қатынасты кеңейтуді қолдайтынын мәлімдеді.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні Теһранда Украина Сыртқы істер министрі Павел Климкинді қабылдауында: «Иран ислам республикасы мен Украина әрдайым жақсы және өсу үстіндегі қарым- қатынасқа ие болған. Теһран осы достық байланысты күшейтуге мүдделі» деді.
ИИР президенті екі елдің ынтымақтастығы үшін мол мүмкіндіктер мен әлеуеттердің энергия мен транзит саласында бар екендігіне тоқталып, осы мүмкіндіктер мен әлеуеттердің ортақ және аймақтық ынтымақтастықтарды экономикалық салада күшейту бағытында қолданыла алатындығын мәлімдеді.
Рухани Шығыс Еуропа аймағындағы тұрақтылық пен тыныштықтың Иран үшін маңызды екендігін қуаттап, сұхбаттасу, саяси келіссөз және бейбіт шешім жолдарын баянды тұрақтылықты қамтамасыз етудің және аймақтық қиыншылықтарды шешудің жалғыз жолы деп атады.
Украина Сыртқы істер министрі де осы кездесуде Иранды терең тарих пен бай мәдениетке ие ел деп атап: «Киев Теһранмен игі, терең және ілгерілеу үстіндегі байланыс жасауға мүдделік танытады» деп баса айтты.