Украинаның Иранға инвестиция салуы үшін жағдай туды
(last modified Mon, 30 May 2016 07:55:11 GMT )
Maм 30, 2016 13:55 Asia/Almaty
  • Украинаның Иранға инвестиция салуы үшін жағдай туды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің оныңшы шақырылымының уақытша төрағасы Украинаның Иранға инвестиция салуына, соның ішінде темір жол желілерін дамыту үшін жағдай туды деп мәлімдеді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің уақытша төрағасы жексенбі күні Теһранда Украинаның Сыртқы істер министрі Павел Климкинмен кездесуінде Мәжілістің оныншы шақырылымының алтыншы даму бағдарламасын қарастырғанына тоқталып: «Бұл бағдарламада темір жол мен әуе қарым-қатынастарын дамыту және Украинаның Иранға инвестиция салу мүмкіндігі қуатталды»,- деді.

Лариджанидің айтуынша, әртүрлі кезеңдерде америкалықтардың айтқандарына сенуге болмайтындығы мен олардың ұстанымдарын жылдам өзгертетіндіктері дәлелденді. Сондықтан Украина олардан көмек күте алмайды.

Украина Сыртқы істер министрі де сол кездесуде: «Саяси қарым-қатынастарды арттырумен бірге екі елдің экономикалық қарым-қатынастырын да кеңейтуге талпыныс жасаймыз»,- деді.

.