Ресей: Кешірім сұрау – Түркияның алдындағы жалғыз жол
https://itolqyn.com/news/world-i8545-Ресей_Кешірім_сұрау_Түркияның_алдындағы_жалғыз_жол
РФ Президентінің ақпарат өкілі: «Кешірім сұрау – Түркия үшін жалғыз шешім жолы»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 31, 2016 16:17 Asia/Almaty
  • Ресей: Кешірім сұрау – Түркияның алдындағы жалғыз жол

РФ Президентінің ақпарат өкілі: «Кешірім сұрау – Түркия үшін жалғыз шешім жолы»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Кремльдің ақпарат өкілі Дмитрий Песков дүйсенбі күні: «Анкара Мәскеумен қарым-қатынасын қалыпты жағдайға келтіру үшін Ресейдің бомбалаушы ұшағын құлатқаны үшін ресми түрде кешірім сұрағаннан басқа амалы жоқ. Қарым-қатынасты қайта бастау Түркияның кешірім сұрап, Су-24 бомбалаушы ұшағын құлатқаны үшін өтемақы төлеген жағдайында мүмкін болмақ. Бұл салада басқа жол жоқ»,-деп қуаттады.

Песковтың бұл сөздері Ресейдің Түркия Премьер-министрі Бен Әли Йылдырым бастаған жаңа үкіметке айтқан бұрынғы ұстанымдарына табандылығынан хабар беріп, осы елдің Сыртқы істер министрі Моулуд Чавушоғлының Мәскеу мен Анкара арасындағы қарым-қатынасты қалыпты жағдайға келтіру үшін жұмыс комитетін құру мүмкіндігі жайында айтқан жуырдағы сөздеріне жауап ретінде айтылды.