Зариф Иран мен Швецияның экономикалық байланыстарының бұрынғы деңгейіне оралуына үміт білдірді
Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Швецияның экономикалық байланыстарының санкциядан кейінгі кезеңде өзінің бұрынғы деңгейіне оралуына үміт білдірді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Швецияның Инновация және компаниялар ісі жөніндегі министрі Микаэль Дамбергті қабылдауында Иранның экономикалық және адами қабілеттерін баяндап, Швецияның Иранның нарығында жақсы беделге ие екендігін мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрі Иранның ауыр жүк тасымалдау флотын жаңарту, ауаның ластығы, жаңа энергиялар мен қалдықтарды өңдеуді Иран мен Швецияның байланыстарын кеңейтудің операциялық негіздері деп атады.
Швецияның Инновация және компаниялар ісі жөніндегі министрі де Теһран-Стокгольм ынтымақтастықтарының ұлғаюын қолдап, бүгін Стокгольмде Зарифпен бірге келген делегацияның қатысуымен өтетін экономикалық форумның екі елдің компанияларының байланыстарының артуына және экономикалық қарым- қатынастарының кеңеюіне жағдай жасауына үміт білдірді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні кешке өзінің бірнеше еуропалық елге кезекті сапарының жалғасында Швеция астанасы Стокгольмге келді.
Иран Сыртқы істер министрі Стокгольмде Швецияның үкімет басшысы Стефан Лёвен және Сыртқы істер министрі Маргот Вальстрёммен кездесіп, бірлескен экономикалық отырысқа қатысуды жоспарлап отыр.