Арабтардың Израильмен жасырын байланысы әшкереленді
https://itolqyn.com/news/world-i8662
Хабар көздері жақын болашақта Тель- Авивте Сауд Арабиясының елшілігі ашылатындығын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 01, 2016 22:01 Asia/Almaty
  • Арабтардың Израильмен жасырын байланысы әшкереленді

Хабар көздері жақын болашақта Тель- Авивте Сауд Арабиясының елшілігі ашылатындығын хабарлады.

Француз тіліндегі «Voltaire Net» интернет торабының мәлімдеуінше, Сауд Арабиясы Тель-Авивте өз елшілігінің ғимаратын салып жатыр. Жуырда Палестинаның жаулап алынған жерлерінде Сауд әулетінің елшілігі ашылады.

Тель-Авивтегі Сауд Арбаиясы елшілігінің ғимараты Палестинаның жаулап алынған жерлеріндегі ең үлкен елшілік болатын көрінеді.

Тель- Авивте Сауд Арабиясы елшілігінің салынуымен Сауд әулетінің қайраткерлері өзінің Израильмен байланысындағы бірнеше он жылдыққа созылған құпиялылықты аяқтайды.

Сауд Арабиясы мен сионистік режим соңғы айларда тікелей және жанама түрде әріптестік орнатты.

Ливанда шығатын «әс- Сафир» газеті Парсы Шығанағы аймағындағы араб елдерінің, әсіресе Сауд Арабиясының сионистік режиммен байланысы тарихына шолу жасап: «Енді бұрынғыдай емес, Израиль Парсы Шығанағы аймағындағы араб елдерімен үшінші жақтың араағайындығымен емес, тікелей байланыс орнатады» деп жазды.

Америкалық «Blumberg» ақпарат агенттігі 2015 жылы маусым айында жариялаған мәліметте: «Израиль мен Сауд Арабиясының өкілдері 5 рет құпия отырыс өткізген» деп жазды.