Зариф Иран мен Латвияның Ригада өткен сауда отырысында баяндама жасады
Маусым 02, 2016 21:55 Asia/Almaty
Иран Сыртқы Істер Министрі Иран Ислам Республикасы мен Латвияның экономикалық байланыстарының кеңеюін қуаттады.
Иран Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Латвияның астанасы Ригада өткен Иран мен Латвияның сауда отырысында бұл сапардың екі елдің экономикалық қоғамдары үшін сындарлы ынтымақтастықтың бастауы болуына үміт білдірді. Иран Сыртқы Істер Министрі Иран мен Латвияның ғылыми саладағы әріптестіктерінің кеңеюі қажеттігін баса айтып, Иранның нанотехнология саласындағы дамыған он елдің бірі саналатынын мәлімдеді.
Тегтер