Түркия Ресейді Сирида «соғыс қылмысын» жасады деп айыптады
https://itolqyn.com/news/world-i874-Түркия_Ресейді_Сирида_соғыс_қылмысын_жасады_деп_айыптады
Түркияның Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Сириядағы лаңкестерге қарсы әуе шабуылдарына қатысты психикалық амалдарды жалғастырып, Мәскеуді Сириядағы мектептер мен ауруханаларға шабуыл жасады деп айыптап, мұны соғыс қылмысын жасаумен тең деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 16, 2016 14:54 Asia/Almaty
  • Түркия Ресейді Сирида «соғыс қылмысын» жасады деп айыптады

Түркияның Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Сириядағы лаңкестерге қарсы әуе шабуылдарына қатысты психикалық амалдарды жалғастырып, Мәскеуді Сириядағы мектептер мен ауруханаларға шабуыл жасады деп айыптап, мұны соғыс қылмысын жасаумен тең деп атады.

Бұл Ресейдегі Сирия елшісі Рияз Хаддад АҚШ бастаған коалицияны осындай орындарға шабуыл жасауға кінәлі деп атаған жағдайда орын алып отыр.

Мұнымен бір мезгілде кейбір ақпарат көздері Түркия армиясының артиллериясы тарапынан Сирияның солтүстігіндегі аудандарға оқ жаудырылғанын хабарлады.

«Pars» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Түркияның Сыртқы істер министрлігі дүйсенбі күні кешке мәлімдеме жасап, Мәскеуді Сирияда соғыс қылмысын жасады деп айыптады.

Осыған орай «Today Zaman» газетінің сейсенбі күні таңертең хабарлауы бойынша, Түркия Ресейді дүйсенбі күні екі мектеп, шекарасыз дәрігерлер ұйымына тиесілі бір аурухана мен бір емханаға шабуыл жасады деп айыптап, осы әскери амалдарда ондаған адамның қаза табуын соғыс қылмысын жасаумен тең деп сипаттады.

Түркияның Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде: «Ресей тез арада өзінің шабуылдарын тоқтатпайтын болса оның салдары ауыр болмақ»,- деп ескертті.