Сауд Арабиясы Клинтонның сайлау шығындарының бір бөлігін қамтамасыз етіп отырғанын мойындады
(last modified Tue, 14 Jun 2016 17:03:14 GMT )
Маусым 14, 2016 23:03 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы Клинтонның сайлау шығындарының бір бөлігін қамтамасыз етіп отырғанын мойындады

Сауд Арабиясының тақ мұрагері ханзадасының орынбасары әрі осы елдің Қорғаныс министрі Мұхаммад Бин Салман эр- Риядтың Америкадағы алдағы президенттік сайлаудағы демократтардың үміткері Хиллари Клинтонның сайлауалды насихаттары шығынының 20 пайыздан астамын қамтамасыз еткенін мойындады.

Сауд Арабиясының тақ мұрагері ханзадасы орынбасарының айтуынша, эр- Рияд соңғы жылдары әрдайым Америкадағы негізгі екі партияның үміткерлеріне қаржылай қолдау көрсеткен. Америкадағы президенттік сайлау үміткерлерінің шетелден қаржы алуы заңсыз болуына қарамастан Сауд Арабиясы үміткерлерге қаржылай қолдау көрсетіп отыр.