Зариф: Иран қарсыласу және әріптестікпен нәтижеге жетті
https://itolqyn.com/news/world-i9394-Зариф_Иран_қарсыласу_және_әріптестікпен_нәтижеге_жетті
Иран Сыртқы істер министрі Иран ислам республикасының қарсыласу және әріптестікпен ірі алпауыт елдердің алдында нәтижеге жеткенін мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 15, 2016 08:02 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран қарсыласу және әріптестікпен нәтижеге жетті

Иран Сыртқы істер министрі Иран ислам республикасының қарсыласу және әріптестікпен ірі алпауыт елдердің алдында нәтижеге жеткенін мәлімдеді.

ИРНА- ның хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Норвегияда тұратын ирандықтармен кездесуінде сөйлеген сөзінде Иран халқының әлеммен әріптестік жасап, қарсыласып, келіссөздер жүргізуінің нәтижесі барлық тараптар үшін оң нәтиже берді» деді.

Зариф әлемде ирандық болмыстың кері насихатталып жатқанына сілтеме жасап: «Осы улы насихаттар ирандықтардың еңбегінің арқасында жойылады. Ирандық жастардың нано және биотехнология сияқты түрлі салалардағы табыстарымен Иран бүгінде соғыс пен санкция кезеңін артқа тастады» деді.

Иран Сыртқы істер министрі сондай- ақ қарсыласу экономикасын күшіне енгізудің әлеммен байланысты үзу дегенді білдірмейтінін айтып: «Қарсыласу экономикасы елдің ішінде өндіріп, сыртпен байланыс жасауға негізделген. Ішкі мүмкіндіктерге назар аудару қарсыласу экономикасының бір бөлігі болып табылады» деді.

Иранның дипломатиялық аппаратының төрағасы елден жырақтағы ирандықтарды атамекені мен қоныс тепкен жері арасындағы байланыс көпірі ретінде саяси көзқарастары мен ұлысына қарамастан, ирандық ұлы мәдениеттің өкілдері деп атады.