Зариф: Қатыгездіктің зияны баршаға тиеді
https://itolqyn.com/news/world-i9403-Зариф_Қатыгездіктің_зияны_баршаға_тиеді
Иран Сыртқы істер министрі қиыншылықтарды әскери жолмен шешуге болмайтынын қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 15, 2016 08:44 Asia/Almaty
  • Зариф: Қатыгездіктің зияны баршаға тиеді

Иран Сыртқы істер министрі қиыншылықтарды әскери жолмен шешуге болмайтынын қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бүгін сейсенбі күні Осло саммитінде Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жетекшісі және Норвегия Сыртқы істер министрімен бірлескен отырыста: «Бүгінде әлемде еш келіссөзде ұтушы мен ұтылушы жоқ, мәселелерді әскери жолмен де шешуге болмайды, керісінше дағдарыстарды саяси жолмен шешу керек» деді.

Зариф Иранның ядролық келіссөздеріне сілтеме жасап: «Батыс елдері өткенде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты қате таңдаулармен және негізсіз жала жабуларымен қатаң санкциялар саясатын ұстанды» деді.

Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жетекшісі Федерика Могерини де әлемде бейбітшілік орнату үшін баршаның өз пайдасын бейбітшілікте деп санауы үшін сұхбаттасу керектігін айтты.

Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жетекшісі сондай- ақ Сирия дағдарысын шешу келіссөздеріне сілтеме жасап: «Келіссөздер Сириядағы барлық ықпалды ойыншыларды қамтуы керек. Осы елде бейбітшілік орнату үшін барша талпыныс жасауы керек» деді.