Эмамали Рахмон АҚШ армиясы қолбасшылығының төрағасымен кездесті
Тәжікстан президенті осы елдің астанасы Душанбе қаласында АҚШ армиясы қолбасшылығының төрағасымен кездесіп, әңгімелесті.
Тәжікстан президенті Эмамали Рахмон және Джозеф Вотел сәрсенбі күні өткен отырыста екі тараптың әскери ынтымақтастықтарын кеңейту жолдары мен аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесіне шолу жасады. Рахмон осы отырыста Душанбе мен Вашингтонннің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтарын аймақты, әсіресе Ауғанстанды бейбітшілік және тұрақтылықпен қамтамасыз етудегі маңызды фактор деп атады. Джозеф Вотел де осы кездесуде Тәжікстанның лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрестегі, сонымен қатар аймақты бейбітшілік және тұрақтылықпен қамтамасыз етудегі айқын рөліне алғыс айтты.