БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Түркияның Сирияға қарсы шабуылдарын тоқтатуды талап етті
https://itolqyn.com/news/world-i943-БҰҰ_ның_Қауіпсіздік_кеңесі_Түркияның_Сирияға_қарсы_шабуылдарын_тоқтатуды_талап_етті
БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі сәрсенбі күні Түркияның Сириядағы күрдтердің позицияларына қарсы шабуылдарына алаңдаушылық білдіріп, шабуылдарды тоқтатуды талап етті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 17, 2016 15:08 Asia/Almaty
  • БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі  Түркияның Сирияға қарсы шабуылдарын тоқтатуды талап етті

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі сәрсенбі күні Түркияның Сириядағы күрдтердің позицияларына қарсы шабуылдарына алаңдаушылық білдіріп, шабуылдарды тоқтатуды талап етті.

«Russia Today»-дің мәліметі бойынша, Қауіпсіздік кеңесінің қазіргі төрағасы БҰҰ-дағы Венесуэлланың елшісі Рафаэль Рамирес кеңес мүшелерінің отырысынан кейін: «БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Түркияның Сирияның кейбір аймақтарына шабуыл жасауына алаңдаушылық білдіруде. Кеңестің барлық мүшелері Сирияны халықаралық заңдарға табандылық танытуға шақырады»,- деді.

Түркия әскері сейсенбі күні төртінші күн бойы Сирияның солтүстік аймақтарында күрд күштері мен Сирияның әскерін артиллериямен атқылады. Анкара үкіметі халықаралық сынға қарамастан Сириядағы күрд жасақтарына қарсы шабуылдарын жалғастыратынын хабарлады.