БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Түркияның Сирияға қарсы шабуылдарын тоқтатуды талап етті
БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі сәрсенбі күні Түркияның Сириядағы күрдтердің позицияларына қарсы шабуылдарына алаңдаушылық білдіріп, шабуылдарды тоқтатуды талап етті.
«Russia Today»-дің мәліметі бойынша, Қауіпсіздік кеңесінің қазіргі төрағасы БҰҰ-дағы Венесуэлланың елшісі Рафаэль Рамирес кеңес мүшелерінің отырысынан кейін: «БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Түркияның Сирияның кейбір аймақтарына шабуыл жасауына алаңдаушылық білдіруде. Кеңестің барлық мүшелері Сирияны халықаралық заңдарға табандылық танытуға шақырады»,- деді.
Түркия әскері сейсенбі күні төртінші күн бойы Сирияның солтүстік аймақтарында күрд күштері мен Сирияның әскерін артиллериямен атқылады. Анкара үкіметі халықаралық сынға қарамастан Сириядағы күрд жасақтарына қарсы шабуылдарын жалғастыратынын хабарлады.