Йемендегі ауруханалардың жағдайына қатысты ескерту жасалды
https://itolqyn.com/news/world-i973
Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы жанар май, дәрі- дәрмек және дәрігерлердің жетіспеушілігі салдарынан Йемендегі ауруханалардың көптеген маңызды бөлімдерінің жабылып жатқанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 17, 2016 21:54 Asia/Almaty
  • Йемендегі ауруханалардың жағдайына қатысты ескерту жасалды

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы жанар май, дәрі- дәрмек және дәрігерлердің жетіспеушілігі салдарынан Йемендегі ауруханалардың көптеген маңызды бөлімдерінің жабылып жатқанын хабарлады.

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының ақпарат хатшысы Йеменнің оңтүстік-батысындағы Таиз қаласына жәрдем беруші күштердің жетуіне бірнеше ай бойы кедергі жасалудан кейін әлемдік денсаулық сақтау ұйымы науқастардың жанын құтқару үшін осы қалаға 20 тоннадан астам дәрі-дәрмек пен денсаулық сақтау жабдықтарын жөнелткенін хабарлады.

Сауд Арабиясы Йемен халқына дәрі-дәрмек пен азық- түлік жеткізуге кедергі келтіріп отыр.