Рахмани Фазли: Есірткі заттарын транзиттау Батыс Еуропаға дейін жалғасуда
(last modified Tue, 21 Jun 2016 16:25:10 GMT )
Маусым 21, 2016 22:25 Asia/Almaty
  • Рахмани Фазли: Есірткі заттарын транзиттау Батыс Еуропаға дейін жалғасуда

Иранның есірткі заттармен күрес штабының бас хатшысы есірткі заттарые транзиттаудың халықаралық контрабандистер тарапынан Ауғанстаннан басталып, Батыс Еуропаға дейін жалғасып жатқанын мәлімдеді.

ИРНА- ның хабарлауынша, Иранның Ішкі істер министрі әрі есірткі заттармен күрес штабының бас хатшысы Абдолреза Рахмани Фазли сейсенбі күні Теһранда есірткі заттармен күрес күнінің жылдығы рәсімінде: "Ауғанстанда орта есеппен 5 мың тонна есірткі зат өндіріледі. Оның 4 тоннадан астамы аймақтық және халықаралық нарыққа шығарылады.

Иран Есірткі заттарды транзиттау жолында орналасқан 30 елдің қатысуымен Теһранда отырыс өткізуге дайын. Осы елдер есірткі заттарды транзиттау бағытында бірлесіп ынтымақтастық жасау арқылы Балқан өңірі мен Батыс Еуропаны қадағалай алады.

Иранда есірткі заттармен күрес үдерісі ұлғаюда. Өткен жылы тосқауыл қою саласында шамамен 13 пайызға артты" деді.