Мэриленд штатында болған атыста 3 адам көз жұмды
Маусым 25, 2016 17:11 Asia/Almaty
Американың Мэриленд штатында болған атыста 3 адам көз жұмып, екі адам жарақат алды.
Мэриленд полициясы атысты ашқан адамның қуғында болғанын, жарақат алғандардың бірінің де халінің мүшкіл екендігін хабарлады. Бұл атыс осы уақытқа дейін Америкадағы ең көп кісі өлімі орын алған деп саналған, яғни 49 адамның көз жұмып, 50 адамның жарақат алуына соқтырған Флорида штатындағы Орландо қаласындағы атыстан кейін болып отыр.
Тегтер