Жетекші көзқарасы: жетекшінің шәһидтердің ардақты отбасыларымен кездесуінде сөйлеген сөзі
(last modified Sun, 03 Jul 2016 03:27:59 GMT )
Шіл 03, 2016 09:27 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы: жетекшінің шәһидтердің ардақты отбасыларымен кездесуінде сөйлеген сөзі

Иранның ислам революциясының мәртебелі жетекшісі мүміндердің әміршісі хазірет Әлидің шәһид болған күнінің жылдығында «жетінші тир» шәһидтері мен қасиетті кесенелерді қорғаушылардың ардақты отбасыларымен кездесті. Бүгінгі бағдарламада хазіреттің сол кездесуде сөйлеген сөзінің маңызды тұстарын баяндаймыз.

Иран ислам революциясының мәртебелі жетекшісі мүміндердің әміршісі хазірет Әлидің шәһид болған күнінің жылдығында шәһидтердің құрметті отбасысларымен кездесті. Ол кісі хазірет Әлиді «кесімділік пен табандылықтың шәһиді» деп атады.

Хазірет аятолла Хаменеи революцияның өміршеңдігі мен Иранның қауіпсіздігі мен дамуын шәһидтердің қаны мен олардың қадірлі отбасыларының төзімділігіне қарыздар санап, осы шәһадаттықтардың ислам мен мұсылмандарға әсерінің аз емес екендігін қуаттап: «Шәһид болған сол жастардың әрқайсысының қатынастары, сөздері мен әрекеттері адамды қырағылық пен хабардарлыққа, мағрифат әлемі жаққа тартатын терезе болып табылады» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи ислам революциясының басында жетінші тир күні болған лаңкестік оқиғасына тоқталып: «Елдің ішіндегі рақымсыз, сұм лаңкестік бір топ елдің басшы қайраткерлері мен үлкен тұлғаларына террор жасап, бізді олардан айырды. Содан кейін олар қашып, терроризмге қарсылығы туралы сөздері мен уәждері дүниені толтырған елдердің құшағына тығылды» деді. Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сол террористерді паналатқан еуропалық елдерді сынға алып: «Осы оқиғадағы батыс және еуропалық елдер мен Америка үкіметтерінің үлкен масқарашылығы оған оңайлықпен көзжұмбайлық таныту мүмкін емес тарихи оқиға» деді. Хазірет сонымен қатар сол оқиғаны лаңкестердің болмыстары тұрғысынан ғибрат сабағы деп атады. Себебі сол лаңкестер осы қылмысты халықты қорғау, тіпті исламды қорғау деген ұрандармен жасады.

1981 жылдың 27-ші маусым күні (1360 жылдың тир айының жетісі) ислам революциясының жеңісінен үш жылға жетпеген уақытта «Моджаһедине халқ» лаңкестік тобы республика партиясының кеңсесін, яғни елдің негізгі әрі ең үлкен партиясының кеңсесін бомбамен жарды. Жарылыс кезінде президенттік сайлау мен инфляцияны ауыздықтау туралы үйлесімділік жасау мақсатында өткізіліп жатқан жиналысқа жүзден астам мемлекет қайтаркері мен революция жетекшілері қатысып отырған болатын. Солардың 73-і шәһид болды. Жарылыстың жауапкершілігін адамгершілікке жатпайтын әрекеттеріне байланысты ирандықтардың арасында «мұнафықтар» деп танымал болған «Моджаһедин» ұйымы өз мойнына алды. Лаңкестік жарылысты жүзеге асырған адам оқиғадан кейін Францияға қашты. Франция осы уақытқа дейін қылмыскерді Иранға қайтарудан бас тартып келді. Иран халқының мыңдаған адамына террорлық әрекет жасаған аталмыш топ мүшелерінің көбісі қазір Франция мен Америкада еркін өмір сүріп жатыр.

Хазірет аятолла Хаменеи шәһидтер мен олардың отбасыларының мәртебесі туралы сөзінің жалғасында тиісті органдардың шәһидтерді таныстыруда аз жұмыс атқарып жатқанын сынап: «Фильм, роман, пьеса және тағы да басқа өнер туындыларын тудыру арқылы шәһидтердің тұлғалары мен олардың ерекшеліктерін таныстыруымыз керек» деп қуаттап, халықтың әртүрлі таптарының қасиетті қорғанысқа ерікті түрде қатысуы мен басқыншы дұшпанға қарсы сегіз жылдық соғыстың халықтық болуына сілтеме жасаған хазірет басшыларға бүгін де халықтың әртүрлі салалардағы құзырын пайдалануға кеңес берді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сөзінің жалғасында пайғамбар әулетінің қасиетті кесенелерін қорғаушы шәһидтерге тоқталып: «Бұл тарихтың ғажайып оқиғаларының қатарына жатады. Қасиетті қорғаныс жылдары имам Хомейни сөз сөйлегенде жастар топ-топ болып соғыс майдандарына аттанды. Бірақ біз бүгін жастарды олай ынталандырмаймыз. Дегенмен осы түрткі қандай күшті! Бұл иман деген қандай таза! Ирандық, ауғанстандық және басқа да елдердің жас жігіттері жолға шығып, өздерінің жас әйелдері мен жас сәбилерін, рахат тұрмыстарын қиып, бөтен бір елге барып, жат жерде Құдайдың жолында күресіп, шәһид болады. Ислам революциясының тарихы тарих қалыптастырушы осындай таңғажайыптарды көрді. Бұлар таңғаларлық оқиғалар» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи қасиетті кесенелердің шәһидтерінің отбасыларының сабырлары мен төзімділіктерін мадақтап: «Шәһидтердің иманы мен олардың жақындарының сабырымен қоса осы оқиғада көңіл аударатын басқа да жайт бар. Ол ислам републикасында ерік-жігерлердің пайда болып, қалыптауында» деді. Ол хазірет әрбір қоғамда осалдықтар мен кемшіліктердің әртүрлі мөлшерде бар екендігін баса айтып, бірақ маңызды нәрсенің мынада екендігін, яғни қоғам өзін дамытатын, оқиғалардың алдында қорғайтын діңгектер мен бағандарға, былайша айтқанда қорғаушы күштерге ие болуы керектігін қуаттап: «Біздің еліміздегі сол бағандар мен діңгектер осы шәһидтер мен ардагерлер және олардың жанұялары» деді.

Иранның ислам революциясының мәртебелі жетекшісі исламдық Иранның даму жолы революцияшыл рухы мен күрескерлік рухын жандандыру деп қуаттап, күрескерліктің әртүрлі алаңдарының бар екенін мәлімдеді.

Иранның атом саласының шәһидтері ғылым мен білім алаңында күресіп жүргенде шәһид болған ғалымдар болды. Хазірет аятолла Хаменеи Құран Кәрімнің «... Алла (Т.) малдарымен, жандарымен соғысушыларды дәрежеде арттырды» деген Ниса сүресінің 95 аятына сілтеме жасап, Құдай жолындағы джиһадтың құндылығын қуаттап: «Әлем миллиардтаған жыл бұрын болған және бізден кейін де болады. Мені мен сіздерге бар болғаны елу жыл, алпыс жыл және жетпіс жыл ғана нәсіп етілген. Осы уақыттағы мұрсатты пайдалануымыз керек. Өзімізді ақырет әлеміндегі нағыз өмірге дайындауымыз керек. Осы уақытта кейбіреулер джиһад жасайды. Бұл джиһад оларды жоғары мәртебелерге жеткізеді. Олар тек өздерінің ақыреттерін ғана жасамайды, сонымен қатар басқалардың дүниесін де жасап, күшейтіп, нығайтады» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи Құдайдың Құрандағы әли-Имран сүресінің 169-170 аяттарында «Алла жолында өлтіргендерді өлді деп ойлама, әрине олар тірі. Раббыларының жанында олар ризыққа бөліндіріледі. (169). Олар Алланың кеңшілігімен өздеріне берген нәрселеріне мәз- мейрам болады да, әзірше өздеріне қосылмай арттарында қалғандарды да: «Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды» деп сүйіншілегілері келеді (170)» деп шәһидтерге берген уәдесіне сілтеме жасап, сүйіктілерін жоғалтудың шәһидтердің отбасылары мен жақындары үшін қаншалықты қиын болғанымен, олардың шәһидтерінің Алланың нығметтеріне бөленіп, қуаныш пен бақытта екендіктерін білуі керектігін баса айтты.

Иран ислам революциясының мәртебелі жетекшісі шәһидтіктің сындарлы мәдениеті мен олардың Алланың алдындағы дәрежелеріне тоқталып, дұшпандардың мұндай мәселелерді түсінуден мақұрым екендіктерін, сол себепті де олардың есептеуде қателесіп, нәтижеге жетпейтіндіктерін қуаттап: «Дұшпан бізбен теңсіз соғысқа түседі. Себебі біздің мүмкіндіктеріміз бен тәсілдеріміз, тіпті біздің күшіміздің қоры оларға беймәлім әрі олардың түсініктерінен тыс.

Олар Құдайға иман келтіру мен джиһадқа деген сенімнің қандай күшке ие екендігін біледі. Нәтижелерін де көреді. Бірақ дұрыс сараптай алмайды, сол себепті ақымақтық әрекеттерге барады» деді. Хазірет ДАИШ сынды лаңкестік топтарды қалыптастыруды Иран Ислам Республикасын құртуды мақсат ететін дұшпандардың әрекеттерінің бірі деп атап, бірақ олардың осы шәһадат мәдениеті мен ирандық жастардың кесімді ерік-жігерлерінің арқасында Ирак пен Сирияда тұралап қалғанын айтты.

Иранның ислам революциясының мәртебелі жетекшісі ДАИШ пен аймақтағы басқа лаңкестердің ислам республикасын қолдайтын, үстемшілдердің, яғни Америка мен сол елдің одақтастарына қарсы тұратын адамдарды нысанаға алатындықтарын айтты. Хазірет Ирандағы сүннит ғалымдарға лаңкестік топтар тарапынан террор жасалғанына тоқталып: «Олар сүннит, шиіт деп ажыратып жатпайды. Олар революцияны жақтайтын адамдарды, Америкамен жау адамдарды өлтіріп, оны шиіт пен сүнниттің соғысы деп атайды» деді. Хазірет аятолла Хаменеи Бахрейн оқиғаларына сілтеме жасап: «Бахрейннің мәселесі шиіт пен сүннитің соғысы емес. Бұл зұлым және ақымақ, өзімшіл, үстемшіл бір азшылықтың көпшілікке билігінің мәселесі. Кішкентай бір азшылық Бахрейн халқының жетпіс-сексен пайызына билік етіп отыр. Қазір сол жерде шейх Исам Ғасемге зұлымдық жасалып жатыр. Бұл олардың ақымақтықтарын, олардың надандықтарын көрсетеді.

Шейх Иса Ғасем – бүгінгі күнге дейін қолынан келгенше халықпен сөйлесіп, олардың өткір, қарулы әрекеттеріне тосқауыл қойып, кедергі жасаған адам. Олар қандай адаммен байланысқандарын білмейді. Шейх Исам Ғасемге тиісу дегеннің бахрейндік жалынды, батыл жастардың алдындағы кедергіні алып тастау деген сөз екенін түсінбейді. Бахрейндік жастар билеуші жүйеге қарсы көтерілсе басқа ешбір жол арқылы оларды тыныштандыру мүмкін емес болады. Есептері қате дегендегі айтпағымның бір үлгісі мынада: олардың қате есептері қоғам мен халықтың жағдайын, халықтың иманы мен халықты танымауында» деді.

Иранның ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сөзінің келесі бөлімінде қадір түндерінің ұлылығы мен маңызына тоқталып, осы ғазіз сағаттардың қадірін түсініп, көңіл аударып, мойынсұнып, Құдайдың дәргейіне қол жайып, дұға тілеп, басқа мүміндердің де дұғаларының қабыл болуын Құдайдан сұрау керектігін айтты. Хазірет аятолла Хаменеи дұғада шын жүрекпен сұраудың қажеттілігін қуаттап: «Дұға – ұлы Құдаймен сөйлесу. Сіздер Құран оқыған кезде Құдай сіздермен сөйлесіп тұрады. Дұға тілеген кезде сіздер Құдаймен сөйлесіп тұрасыздар. Егер дұға жақсы оқылса, Құдай оны естиді. Шағбан айының мүнәжаттары сынды: «Пәруәрдігер! Менің дұғамды естіші» дегендей.

Хазірет аятолла Хаменеи сөзінің соңында ұлы Құдайдан жоғары мәртебеге ие шәһидтер мен олардың жанұяларына кешірім мен илаһи сый және сабыр мен тыныштық сұрады.