Қарсыласу экономикасы – исламдық дамудың үлгісі (2)
Қарсыласу экономикасы – Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи тарапынан ұсынылған исламдық ой-пікір мен мәдениеттен бастау алатын үлгі мен теория.
Бұл исламдық ой-пікір – исламдық экономиканың арнайы мәселелерінің бірі. Қарсыласу экономикасы исламдық теория ретінде исламдық ой-пікірмен екі тұрғыдан байланыстырылды. Бұл үлгіде бір жағынан экономиканың осал тұстарын анықтау Ислам көзқарасы тұрғысынан жүзеге асырылса, екінші жағынан экономиканы қауіп-қатерлер алдында қауіпсіздендіру мақсатындағы стратегиялар мен жобалар исламдық ой-пікірден бастау алады.
Егер естеріңізде болса, өткен бағдарламада қарсыласу экономикасының тәуелді әрі тұтынушы экономикаға қарсы шығып, оның сылбыр болмайтынын, керісінше үстемшіл экономиканың мақсаттарына қарсы табандылық танытатындығына тоқталдық. Басқаша айтқанда, Қарсыласу экономикасы – қысым түскен бөлімдерді анықтап, одан кейін оларды бақылауға алып, бейтараптандыру және алға мақсат қою арқылы бұл қысымдарды мүмкіндікке айналдыруға талпыныс жасау. Қарсыласу экономикасы тәуелділіктерді азайтып, ішкі өндіріс пен елдің өз күшіне сүйенуді қуаттайды. Қарсыласу экономикасы даму үлгісі ретінде болашақты нақты әрі көрегенділікпен зерттеу арқылы дұшпанның қоғамның экономикасына соққы беру мақсатындағы барлық қоқан-лоққыларын анықтап, оларды мүмкіндікке айналдыра алады.
Өткен бағдарламада даму теорияларына қысқаша тоқталып, екі даму теориясы, яғни, синонимі "батыстандыру" сөзі болып табылатын жаңарту теориясы мен бұл теорияға қарама-қайшы болып табылатын тәуелділік теориясын таныстырдық.
Даму теорияларының келесі бірі – "Валлерстайн теориясы" деген атаумен танымал болған әлемдік жүйелер теориясы. Валлерстайнның пікірінше, әлемдік жүйе 16-шы ғасырдан бастап капитализм мен арнайы өндірістік байланыстар пайда болғаннан кейін қалыптасты. Жаппай өндіріс жүйесі мен жұмысшылар табының пайда болуы мен Еуропада капиталдың толассыз түрде жиналуы Еуропа экономикасының бірте-бірте әлемге таралуына себеп болды. Еуропаның саудагерлері, кәсіпкерлері мен инвесторлары экономикалық қажеттілігі мен күшінің артуына байланысты әлемнің басқа бөліктерін өзінің әлемдік жүйесіне тарта бастады.
Бұл жүйеде барлық нәрсе бір-бірімен байланысты. Сол себепті бүгінгі әлемде феодалдық немесе социалистік экономикалық жүйенің болуы туралы сөз қозғауға келмейді. Себебі қазіргі әлемді тек жалғыз капиталистік жүйе билеп тұр. Әлемдік жүйе біріккен қоғамдық жүйе болғандықтан, онда барлық қоғамдар жалпы бір құрылымның бір бөлігі болып табылады. Бұл капиталистік жүйе өз ішінде әртүрлі, бірақ бір-бірімен байланысқан үш бөлімнен тұрады: 1-орталық қоғамдар; 2-перифериялық қоғамдар; 3-жартылай перифериялық қоғамдар.
Орталық қоғамдар – тарихи тұрғыдан экономикалық жұмыстарда, соның ішінде, банк ісі, өнеркәсіптік өндіріс пен ауылшаруашылықта озық болған болған қоғамдар. Бұл топ күрделі технологияларды қажет ететін тауарларды өндіреді. Орталық үкіметтер ең мықты үкіметтер болып саналады. Перифериялық қоғамдар басқа өнеркәсіптер үшін шикізат дайындау рөлін атқарады. Олардың үкіметтері осал болып, халықаралық сахнада өз орнын сақтап қалу мүмкіндігінен кенде болады. Валлерстайн перифериялық немсе шеткі аймақтар туралы былай дейді: "Шеткі аймақтар төменгі деңгейдегі тауарларды өндіретін географиялық аймақ болып табылады".
Азия, Африка және Латын Америкасындағы елдердің барлығы дерлік осы топқа жатады. Бұл елдердің ауылшаруашылығы шикізат өндірісіне негізделген. Олардың мықты банктік жүйесі жоқ. Бұл елдердңі ішкі құрылымдары мен сыртқы күш-қуаты осал әрі орталыққа тәуелді болып келеді. Валлерстайнның пікірінше, жартылай перифериялық қоғамдарды экономикалық жұмыстарының бір бөлігі орталық қоғамдардың жұмыстарына ұқсас, ал келесі бір бөлігі перифериялық қоғамдардың жұмыстарына ұқсас болып келетін қоғамдар құрайды. Бұл қоғамдардың үкіметтері перифериялық үкіметтерге қарағанда көбірек тәуелсіздікке ие. Аргентина мен Бразилия сияқты елдер осы топқа жатады. Бұл елдер орталық пен перифериялық елдердің арасында капитал мен тауар алмасуын жүзеге асырады. Мәселен, олар әлемдік жүйе үшін қажет, бірақ капиталдың тез жиналуына себеп болмайтын тауар өндіреді. Валлерстайн әлемдік экономикаға сәйкестендіріп құрылымдық реформалар енгізетін елдердің көбірек табысқа қол жеткізетіндігіне сенімді. Соңғы жиырма жылда Қытай мен Үндістан біраз мөлшерде, Оңтүстік Корея мен Малайзия экономикалық тұрғыдан Еуропа мен АҚШ-тың экономикасына қосылуда.
Қытай, Оңтүстік Корея мен Үндістанның тәжрибесі олардың экономикалық өсуге бай ресурстарымен емес, жаһандандыру үдерісінен пайда табу арқылы қол жеткізгендерін көрсетеді.
Экономикалық даму туралы ұсынылған келесі теория алдыңғы үш теорияға қатысты күмән тудыруға негізделген "дамудан кейінгі теория". Дамудан кейінгі теория қазіргі заманғы ойлау тәсілі мен өмір сүру тәсілін шеттетіп, орнына батыстық емес пәлсапалар мен мәдениеттерді жандандыруға негізделген деп те айтуға болады. Дамудан кейінгі кезең туралы алғашқы пікірлер ирандық сарапшы Маджид Рахнама тарапынан ұсынылды. Рахнама даму саласындағы әлемдік ұйымдардың жұмыстарына назар аудара отырып, отаршылдықтың жалғасы болып табылатын дамуға тәуелділік үдерісінің жағдайды жақсартудың орнына ұйымдар, делдалдар мен даму саласының мамандары үшін бір "дүкенге" айналғаны туралы пікірді жанама түрде ұсынды. Оның айтуынша, делдалдар дамудың басты мазмұны мен оның негізгі қажеттіліктеріне назар аударудың орнына басты міндеті сөздердің мағынасын жою болып табылатын арнайы мамандандырылған-техникалық тілді құрастыра бастады. Рахнама былай деп жазады: ""Даму" сөзі аса шеберлікпен "отаршылдық" сөзінің орнын басты. Артта қалған елдер алдымен экономикалық тұрғыдан артта қалған, одан кейін дамымаған елдер, ең соңында даму үстіндегі елдерге айналады". Рахнама БАҚ мен БҰҰ-ның мәдени үстемшілдік пен даму үстіндегі қоғамдарда отаршылдықты қалыптастырудағы рөлін сынады.
Әлемдегі даму теорияларына қысқаша көз жүгіртіп өттік. Жоғарыда аталған даму үлгілері кейбір елдерде табысқа жеткенімен, көптеген жайттарда шынайы сын-қатерлерге тап болып, іс-жүзінде сәтсіздікке ұшырады. Сол себепті жергілікті қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени жағдайларды назарға ала отырып, даму үлгісін құру сарапшылар мен ойшылдардың назарларында болуы тиіс қажеттіліктердің бірі болып табылады. Сондықтан Иран Ислам революциясының жетекшісі оң дамуға жетудің үлгісі ретінде ұсынған "қарсыласу экономикасы" теориясының жобасын осы инновациялық теориялардың қатарына жатқызуға болады. Енді сіздерді осы теорияның категориялары және көрсеткіштерімен таныстырамыз.
Диктор
Дәстүрлі экономикада "қарсыласу экономикасына" ұқсас экономикалық жүйелердің түрлі дағдарыстардың алдында әрекет ету жолдарын қарастыратын "экономикалық тұрақтылық" термині ұсынылып, таралды. Бұл термин либералдық экономикалар бұрынғы замандардан бері экономикалық дағдарыстарға бейім болғандықтан маңызды болып табылады. Мұндай дағдарыстардың соңғы жайты 2008 жылы әлемдік өсу көрсеткішінің төмендеуіне себеп болған дағдарыс болды. Осы жерде мынадай сауал туындайды: қарсыласу экономикасы сол экономикалық тұрақтылықтың жалғасы ма, әлде санкциялардың қысымынан туындаған экономика ма? Бұл сұраққа жауап берер болсақ, қарсыласу экономикасы – Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи тарапынан ұсынылған исламдық ой-пікір мен мәдениеттен бастау алатын үлгі мен теория. Бұл исламдық ой-пікір – исламдық экономиканың арнайы мәселелерінің бірі. Қарсыласу экономикасы бір исламдық теория ретінде исламдық ой-пікірмен екі тұрғыдан байланыстырылды. Бұл үлгіде бір жағынан экономиканың осал тұстарын анықтау Ислам көзқарасы тұрғысынан жүзеге асырылса, екінші жағынан экономиканы қауіп-қатерлер алдында қауіпсіздендіру мақсатындағы стратегиялар мен жобалар исламдық ой-пікірден бастау алады. Басқаша айтқанда осал тұстарды анықтау да, стратегиялар мен жобалар да исламдық және діни негіздерді тірек етеді. Мысалы, қарсыласу экономикасындағы джиһадтық мәдениет толығымен исламдық мәдениет пен ой-пікірге негізделген әрекет.
Қарсыласу экономикасы теориясында экономиканың осал тұстарын табу дәстүрлі экономиканың тәсілдерінен өзгеше болып келеді. Исламдық көзқарастан бастау алған бұл теорияда ашкөздік жеке және ұжымдық экономиканық барлық қиындықтарының бастамасы болып табылады. Осы аяда егер адамдар көрсетілген бағыт-бағдарлар шеңберінен шығатын болса, онда қауіп-қатерге тап болады. Осал тұстарды анықтаудың бұл түрі мен рухани ауытқушылықтарды назардан тыс қалдырмау тәлім-тәрбие мен экономиканы жетілдіруге қатысты стратегияларға назар аударуға жағдай тудырады. Ислам дінінің халал мал-мүлік жинау және ашкөздіктің қауіп-қатерлерінен қорқуды қалыптастыруды қуаттауы да осы аяда бағаланады. Себебі бір мұсылман адам ретінде өз өмірінің басты ережелерін уәхилік көздерден алуға міндетті. Исламда адам өзінің пендешілік жолында барлық салаларда, соның ішінде экономика саласында міндеттерін атқаруы керек. Сол себепті, егер бұл адам техника мен өнеркәсіпке қол жеткізсе, оны дін анықтап берген мақсаттарды жүзеге асыру жолында пайдалануы керек.