Иран Ислам революциясы жетекшісінің Ислам бірлігі конференциясының қонақтарына берген кеңестері
(last modified Tue, 27 Dec 2016 05:26:17 GMT )
Жел 27, 2016 11:26 Asia/Almaty
  • Иран Ислам революциясы жетекшісінің Ислам бірлігі конференциясының қонақтарына берген кеңестері

Аятолла Хаменеи: «Бірлік тілегі мұсылмандарға тиесілі. Мұсылмандардың бірігу туралы ұраны – шынайы  шыққан дауыс. Ол мұсылмандарды ортақтастықтарына назар аударуға шақырады. Егер солай болып, бұл бірлік жүзеге асырылса, мұсылмандардың бүгінгі жағдайы өзгеріп, абырой-беделге қол жеткізеді» деді.

«Ислам бірлігі» пәк Ислам дінінің маңызды сипаттамаларының бірі саналып, тарих бойындағы саяси реформаторлар мен мұсылман қоғамының басты мәселесі болған. Бүгінде Ислам үмбетінің абыройы мен дамуын мақсат етіп жүрген тұлғалар, топтар мен елдер мұсылмандардың бірлігі мен тілектестігін өз іс-әрекеттерінің басты бағдары етіп қойған. ИИР да 1979 жылы құрылған күнінен бастап әрдайым исламдық бірауыздылықты қуаттап келеді. Сүнниттер Ислам Пайғамбарының (с.ғ.с.) мәуліті күнін раби ал-аууал айының он екінші жұлдызы, ал шиіттер Пайғамбардың дүниеге келген күнін раби ал-аууал айының он жетісі деп санағандықтан осы аралықта «Бірлік апталығын» өткізумен қатар, жыл сайын «Халықаралық ислам бірлігі конференциясы» асында әлемнің бірлікті талап етуші тұлғаларын қабылдайды. Биыл осы конференцияның отызыншы кезеңі желтоқсан айының он бесі-он жетісі аралығында әлемнің 54 елінен келген 250 адамның қатысуымен өтті. Конференция аясында көптеген отырыстар мен бағдарламалар да өткізілді.

30-шы Ислам бірлігі конференциясы. Теһран

Ислам бірлігі конференциясының басты бөлімдерінің бірі – қонақтардың  Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеимен кездесуі және хазіреттің мағыналы баяндамасы. Биыл да бұл кездесу Исламның ардақты елшісінің (с.ғ.с.) мәуліті күні өткізілді. Революция жетекшісі сол хазіреттің биік тұлғасын дәріптеумен қатар, Ислам әлемінің бірлігінің маңыздылығын қуаттап: «Құрметті бауырлар мен қарындастар! Бүгін Ислам әлемі үлкен қиыншылықтарға душар болып отыр. Ол қиындықтар мен бақытсыздықтардың шешімі ислам дінінің көптеген ортақтастықтарының арқасындағы бірлік пен өзара әрекеттестік және ынтымақтастыққа жету мен діни және ой айырмашылықтарынан өту болып табылады» деді. ИИР президенті Хасан Рухани Ислам бірлігі конференциясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде бірліктің маңыздылығын түсіндіріп: «Ардақты пайғамбар (с.ғ.с.) бізге мұсылмандардың барлығы бір-бірінің қасынан табылып, бірге болуы керек екенін айтты. Тіпті бізге бұрынғы таухидтік діндердің ізбасарларының қасында бейбіт өмір сүруді үйретті». Ресейдің бас мүфтиінің өкілі шейх Амираддин да осы жайлы: «Бірлікке шақыру – Құранның үндеуі. Мұсылмандардың бірлігі сүннет пен Құрандағы басты тіректердің бірі. Барлығымыз оған берік болуымыз керек» деді.

Иран Ислам революциясы Ислам бірлігі конференциясының қонақтарын қабылдауында Ислам әлемінде екі тілектің бар екенін, оның біреуінің бірлікті қалайтынын, ал екіншісінің Ислам әлемінде іріткі салуды көздейтінін баяндап: «Бірлік тілегі мұсылмандарға тиесілі. Мұсымалмандардың бірігу туралы ұраны – шынайы  шыққан дауыс. Ол мұсылмандарды ортақтастықтарына назар аударуға шақырады. Егер солай болып, бұл бірлік жүзеге асырылса, мұсылмандардың бүгінгі жағдайы өзгеріп, абырой-беделге қол жеткізеді» деді. Ал екінші топ әрдайым Ислам әлемінде іріткі салып, алауыздық тудыруды көздеп келеді. Бұл пәк діннің дұшпандары мен олардың адасқан жалдамалылары мұсылмандардың арасында жүр. Бүгінде сіздер Шығыс Азиядағы Мьянмадан бастап, Батыс Африкадағы Нигерия мен басқа елдерде мұсылмандардың өлтіріліп жатқанына куә болып отырсыздар. Бір жерде мұсылмандар Будда дінінің ізбасарлары тарапынан өлтірілсе, басқа жерде Боко Харам мен ДАИШ сынды топтар тарапынан қырылып жатыр. Ал келесі бір топ осы отқа май құйып отыр. Бұл жағдайда Ұлыбританияның шиіттері мен АҚШ сүнниттері арандатушылық пен алауыздық тудыруда бір қайшының екі жүзі іспеттес әрекет етуде. Олар мұсылмандарды бір-біріне айдап салуға тырысуда. Бұл – арандатушы  талап-тілек, шайтанның тілегі. Бірақ бірліктің үндеуі мұсылмандарды осы келіспеушіліктерді басып өтіп, бір-бірінің қасынан табылуға шақырады».

Ислам бірлігі конференциясы қонақтарының Революция жетекшісімен кездесуі

Иран Ислам революциясының жетекшісі Ислам бірлігі конференциясына қатысушыларды қабылдауында батыс үкіметтерінің, әсіресе, АҚШ пен Ұлыбритания қайраткерлерінің арандатушы сөздері мен әрекеттері туралы ескертіп: «Егер сіздер бүгін халықтардың өмір сүру кеңістігін билеп отырған үстемшілдердің сөздеріне назар аударсаңыздар, олардың алауыздыққа шақырып отырғанын көресіздер. Бұрын ұлыбританиялықтардың саясаты іріткі салушы әрі қожалық ету саясаты деп аталатын, яғни іріткі салу арқылы қожалық ету. Ол заманда билік Ұлыбританияның қолында болған кезде бұл саясат соларға тиесілі болған. Бүгінде бұл саясатты қазіргі материалдық дүниенің алпауыттары, мейлі ол АҚШ болсын, мейлі сол Ұлыбритания болсын жүзеге асырып отыр. Бұл аймақта өткен екі ғасырдан бері ұлыбританиялықтардан тек зұлымдық, азғындық пен қоқан-лоққылар ғана шыққан. Сол кезде мына ұлыбританиялық басшы (Ұлыбританияның премьер-министрі) аймаққа келіп, Иранның аймаққа қауіп төндіріп отырғаны туралы уәж айтады. Иран аймаққа қауіп-қатер төндіріп тұр ма? Бұл барып тұрған ұятсыздық. Ұзақ уақыт бойы аймаққа қауіп-қатер мен бақытсыздық алып келген адамдар келіп біздің ғазиз әрі мазлұм елімізді айыптап отыр. Олардың болмысы осындай» деді. Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мей мен батыстың  басқа да басшыларының Парсы шығанағының оңтүстігіндегі елдердің арасында іріткі салу және Ираннан үркіту ағымын таратудағы мақсаты осы елдердің мал-мүлкі мен ресурстарын тонау үшін көбірек қару-жарақ сату болып табылады.

 

30-шы Ислам бірлігі конференциясындағы баяндамаларда іріткі салу және кейбір мұсылмандарды адастыру үшін бөгделердің ықпал ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Иран президенті Рухани осы аяда: «Исламның біртұтас үмбеті Америка мен Англия және басқа да алпауыттардың орнына ұлы Құдайға сүйенетін кезде құрылатын болады. Лаңкестердің қаруларына емес, бір Құдайға бас иген кезде ғана біртұтас үмбет бола аламыз. Біздің, мұсылмандардың табандылығы мен беріктігі ғана бізге біртұтас үмбет құруға көмектесе алады» деді. Сонымен қатар Малайзияның көрнекті үлемдерінің бірі Абдолхади Аванг Ислам бірлігі конференциясында Батысқа бет бұрған кейбір үкіметтерді айыптап: «Аймақтағы кейбір елдер дұшпандар мен олардың зұлым ой-пікірлерінің құралы болды. Олар сионизм мен үстемшілдікті өздерінің басты дұшпандары ретінде санаудың орнына, аймақта іріткі салуға көмектесіп жатыр» деді. Ол Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне сілтеме жасап: «Кейбір батыс елдерінің жиналыстарында барлық мәселелердің талқыланғанын көрдік. Бірақ, өкінішке орай, олар Палестина, Сирия мен басқа да мәселелер туралы сөз қозғаған жоқ» деді.

Малайзияның көрнекті үлемдерінің бірі – Абдолхади Аванг

Алжирлік ойшыл Удде Фалахи де тәкфіршілдерді қолдап отырған үкіметтерді айыптап: «Мазхабтар мен ислам елдерін жақындастыру үшін күш салуымыз керек. Алайда кейбір мұсылман елдер Израильмен қарым-қатынастарын тұрақтандырып, осы режиммен тіл табысуға талпынуда. Аллаға шүкір, жақындастару мәдениеті мен қарсыласу шебін қорғау жалғасып жатыр. Біз үнсіз қалмай, өз қарсыласуымызды жалғастыра алдық. Соған қарамастан, Ислам үмбетіндегі кейбір ішкі қозғалыстар бірлікті бұзу үшін талпыныс жасауда» деді.

Сонымен қатар осы конференцияға қатысқан тұлғалар Ислам атын жамылған тәкфіршілік пен лаңкестікті қатаң айыптады. Ресейдің Мүфтилер кеңесінің өкілі шейх Амираддин иман мен күпірліктің арасындағы байланысты дұрыс түсіндіруді қазіргі кездегі қажеттіліктердің бірі деп атап: «Тарих бойындағы және қазіргі кездегі шиіт және сүннит үлемдерінің көбісі тәкфірлік ой-пікірге қарсы болған. Исламның ең басты мақсаты – мұсылмандардың бірлігі. Діни талпыныстардың барлығы соған бағытталуы керек» деді. Көптеген жылдар бойы лаңкестік және тәкфіршіл топтармен күресіп жатқан және олардың кесірінен ауыр зардап шеккен  Ауғанстанның азаматы Абдолрауф Тавана өз сөзінде: «Тәкфіршілдер хабардар және хабарсыз деп екі топқа бөлінеді. Хабардарлардың тобына бөгде сарбаздар жатса, әлемдік үстемшілдіктің қастандықтарының қақпанына түсіп қалғандар хабарсыз адамдар болып табылады. Тәкфіршілдер сана-сезім, діни және адами ар-намыстан кенде. Олар Исламды таратушылар емес. Олардың наным-сенімдерінің ешқандай діни негізі жоқ. Тәкфіршіл топтар өздерінің атағын шығару үшін халықаралық қылмыстарға барады» деді.

Абдолрауф Тавана

Сенегал президентінің кеңесшісі Амасто Савдине ханым Теһран конференциясында дұшпандардың Ислам үмбетін ыдыратуды көздеп отырғанын қуаттап: «Бүгінде Ислам үмбеті тәкфіршілдік пен арандатушылықтан жапа шегіп отыр. Мұның өзі дұшпандардың ризашылығы үшін жеткілікті. Өкінішке орай, барлық қиындықтар, дағдарыстар, тәкфіршілдік пен келіспеушіліктер Исламның атымен қалыптасады. Алайда Ислам – кешірім мен бейбітшілік діні» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи Ислам бірлігі конференциясының қонақтарын қабылдауында тоқталған маңызды жайттардың бірі  Исламдық ояну ағымының таралуымен бір мезгілде іріткі салу әрекеттерінің көбеюі мәселесі болды. Хазірет бұл жайында: «Бұл аймақта жаңа сөздер, жаңа исламдық пікірлер, халықтардың табандылығы, халықтардың жандануы мен бой көтерілуі сезіле бастағаннан кейін дұшпандардың іріткі салу әрекеттері де көбейе бастады. Иранда Ислам дінінің жалауын көтерген исламдық жүйе орныққаннан кейін Құранды қолға алып, біз Ислам бойынша әрекет ететінімізді мақтаншыпен жария еттік... Сол кезде арандатушылық әрекеттер көбейді. Бұл әрекет исламдық төңкеріс пен  исламдық ар-абыроймен күресу мақсатындағы арандатушылықты арттырды» деді. Иранның сүннит үлемдерінің бірі Моулави Абдолхамид осы аяда былай дейді: «Бүгінде бір жағынан исламдық оянудың куәсі болсақ, басқа жақтан үстемшіл әрі отаршыл алпауыттар бұл оянушылыққа тәкфіршіл-әсірешіл топтарды қолдау арқылы қоқан-лоққы жасап отыр. Себебі исламдық ояну бұл алпауыттардың мүдделерінің жолын бөгеді. Олар іріткі салу арқылы Ислам үмбетін бір-бірінен алшақтатып, өз мүдделеріне жетуді көздейді».

Сирияның бас мүфтиі шейх Бадраддин Хасунның «Біз барлығымыз пайғамбардың сүннетіне сүйенген сүннитпіз және пайғамбар әулетіне сүйенген шиітпіз. Барлығымыздың мақсатымыз бір. Ол – пәк Ислам. Сондықтан шиіттер мен сүнниттер арасындағы келіспеушілік мәселесін үстемшіл жүйе қалыптастырған. Біз одақтасу және ниеттесу арқылы өз дінімізді Палестина мен Құдсқа сыйға тартуымыз керек» деген сөздері  30-шы Ислам бірлігі конференциясында айтылған әң көркем сөз болар.

Сирияның бас мүфтиі шейх Бадраддин Хасун аятолла Хаменеимен кездесуде

Осы маңызды әрі әсерлі конференция бірлік талап ету, кез келген арандатушы әрекеттер мен Ислам дұшпандарымен сыбайласудан бас тарту мәселелерін қамтыған 27 тараудан тұратын мәлімде жариялаумен аяқталды.