Қарсыласу экономикасы: өндіріс және жұмыспен қамту – Иран халқының жаңа жылдағы саяси бағдары
(last modified Sun, 16 Apr 2017 17:02:22 GMT )
Сәу 16, 2017 23:02 Asia/Almaty
  • Қарсыласу экономикасы: өндіріс және жұмыспен қамту – Иран халқының жаңа жылдағы саяси бағдары

Аятолла Хаменеи: «Иран халқының бүгінгі күнгі басты бағдары – экономикалық мәселе. Назар аударыңыздар! Дұшпанның басты мақсаты да – осы экономикалық мәселе.Бұл дегеніміз, бүгінде Ислам Республикасының дұшпандары Иран, ирандықтар мен Ислам Республикасына қатысты өздерінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін экономикалық айла-шарғылар жасауды, басқаша, халықтың экономикасына соққы беруді көздеп келеді» деді.

 

Жыл сайын көктем келіп, жаңа жыл басталған кезде Иранның революцияшыл халқы мен Ислам Республикасы жүйесінің басшылары Иран Ислам революциясы жетекшісінің баяндамасын тыңдау үшін Мешһед қаласындағы имам Резаның (ғ.с.) кесенесіне жиналады.

Революция жетекшісі шамси жыл санағы бойынша жаңа жыл басталар кездегі баяндамасында елдің өзекті мәселелері мен қиыншылықтарын  сараптап, өз ойындағы шешім жолдарын ұсынады. Аятолла Хаменеидің экономикаға баса көңіл аударғанына бірнеше жыл болды.  Хазірет осы аяда өндіріс пен өз-өзіне жеткіліктілікке негізделген экономиканы қуаттап келеді. Революция жетекшісі биыл да басшыларды экономика саласында көбірек әрекет етіп, талпыныс жасауға шақырды. Аятолла Хаменеи шамси жыл санағы бойынша 1396 жылды «Қарсыласу экономикасы: өндіріс және жұмыспен қамту» жылы деп атап, басшылар мен халықтың әрекеттері мен талпыныстарын экономикаға бағыттап, халық пен басшылардың осы маңызды салада көбірек ізденіс жасауын сұрады. 

Хазірет өзінің сөзінде былай деді:  «Иран халқының бүгінгі күнгі басты бағдары – экономикалық мәселе. Назар аударыңыздар! Дұшпанның басты мақсаты да – осы экономикалық мәселе. Бұл дегеніміз, бүгінде Ислам Республикасының дұшпандары Иран, ирандықтар мен Ислам Республикасына қатысты өздерінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін экономикалық айла-шарғылар жасауды, басқаша айтқанда, халықтың экономикасына соққы беруді көздеп келеді. Дұшпанның мақсаты – экономикалық қысым арқылы Иран халқының көңілін исламдық жүйе мен Ислам республикасынан суыту, Иран халқы мен исламдық жүйенің арасын алшақтату. Олар өз мақсаттарын осылай жүзеге асыруға талпынады. Дегенмен, біздің имансыз надан дұшпандарымыздың халықты жүйеден алыстату үшін жылдар бойы жасаған талпыныстары  табысқа жетпеді. Бұдан кейін де Алланың көмегімен табысқа жетпейтін болады».

Барлық өшпенділік пен санкцияларға қарамастан, исламдық Иран даму жолын өткеріп келеді. Қазір Революция жетекшісінің нұсқауларымен түрлі салаларда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, әлемдіктердің таңданысын тудырып отыр. Ислам революциясының жетекшісі аса көрегенділікпен елді биік шыңдарға апарар жолдарды ұсынып, шамси жыл санағы бойынша жаңа жыл басталар кезде жасаған баяндамасында халықтың назарын Иранның жарқын болашағына аудартты. Бұл – экономикалық саладағы талпыныс пен сол саладағы қиыншылықтарды шешу арқылы қол жеткізілетін бұрынғыға қарағанда жарқынырақ әрі үмітке толы болашақ.

Аятолла Хаменеи қауіпсіздіктің ең жоғарғы деңгейіне жетіп, ұлттық ар-абырой, қоғамдық салауаттылық пен ауқаттылықтың, жан-жақты даму мен әлемдік үстемшіл алпауыттардан тәуелсіз болып, қабілет-дарындардың гүлденуіне қол жеткізіп,  қоғамдық ауытқушылықтардан арылудың тұрақты әрі мықты экономиканы қажет ететіндігін баса айтты.

Әлемдік деңгейдегі экономикалық бәсекелестікте бір халықтың өндіріс мүмкіндігі басты рөл атқарады. Бұл ғылым, мәдениет пен саясат сияқты басқа бөлімдераса маңызды емес дегенді білдірмейді. Өндіріс күші бастапқыда тек экономикалық критерий болып көрінгенімен, басқа бөлімдерге кірген кезінде ондағы байланыстарды өзгертіп жібереді. Өндіруші немесе тұтынушы болу – елдерді әлемдік деңгейде табыстылыққа жету алаңында бір-бірінен ажырататын көрсеткіш. Әлемдік тәжірибеде өзінің ұлттық өндірісін сақтап қалмастан халқы кеудесін тік ұстап, өз жалауын желбіреткен ел табылмас.

Ислам революциясының жетекшісі халықтың назарын ішкі өндіріске аудара отырып, оның көзге көрінерліктей нәтижелерін баяндады. Хазіреттің пікірінше, жастарды жұмыспен қамтып, жұмыссыздықты жою ішкі ұлттық өндіріске байланысты. Сондай-ақ, ұлттық өндіріс жастардың дарыны мен ықыласының артуына себеп болады. Сонымен қатар елдің қаржы қорының жұмсалмауы да оның тигізер пайдаларының қатарына жатады. Иран  мұнай мен газдың бай қорына ие болғандықтан, ішкі өндіріс артқан сайын осы пайдалы қазбаларды сатудың орнына оларды ішкі өндіріс пен өрнекәсіпті дамытып, экспортқа да жіберуге болатын тауарларды шығару жолында пайдалануға болады. Әлемдік нарықтарға ұнамды мықты тауарларды өндіру экспорттық серпіліске себеп болып, елге байлық әкеле алады. Бұл  аса маңызды мәселе болып табылады.

Аятолла Хаменеи ұлттық қанағат сезімін тудыруды ішкі өндірістің тигізер пайдаларының қатарына жатқызып: «Өндіріс қоғамдық және ұлттық қанағат сезімін тудырған кезде ғана іске асады. Бұл өз кезегінде елдің дамуы үшін маңызды фактор болып табылады. Бүгінде, өкінішке орай,біз артта қалып отырған сала тау-кен өндірісі іске қосылса, Ұлы Жаратушы осы халыққа сыйлаған қорларды пайдаланатын боламыз» деді.

Революция жетекшісінің көзқарасы бойынша, ішкі ұлттық өндіріс мүмкіндіктерді қажет етеді әрі бұл мүмкіндіксіз ішкі өндірісті дамытуға болмайды. Аятолла Хаменеидің пікірінше, бұл мүмкіндіктердің қатарына адам күші, біліктілік, капитал мен дамыған қажетті құрал-жабдықтар жатады. Хазіреттің пайымдауынша, Иран қазіргі кезде мұндай мүмкіндіктерінің кейбіреуіне ие болып отырса, келесі бір тобына алдағы уақытта қол жеткізе алады. Мысалы, Иран білікті адам күшіне ие. Нақты мәліметтер бойынша Иранда 15 жастан 40 жасқа дейінгі адамдардың саны 33 миллионнан асады.  Мұның өзі өндіріске қажет үлкен байлық болып табылады. «Инвестиция» –өндіріске қажет келесі фактор. Революция жетекшісінің көзқарасы бойынша, бұл мәселеде Иран үшін ешқандай қиындық туындамайды. Аятолла Хаменеи былай деді: «Жеке тұлғалық мүмкіндіктермен қатар (жеке тұлғалардың өздерінің мүмкіндіктері болады) үкімет Ұлттық даму қорын құра алды. Ұлттық даму қоры дегеніміз, жыл сайын қосылған құнсыз өндірілетін мұнай саудасынан түсетін кірістің бір пайызы жиналып отырады. Осылайша елдің мұнайға тәуелділігі азаяды. Егер бір ел мұнай қорына ие бола тұра, өз экономикасын мұнай табыстарынан бөліп алса, бұл ел міндетті түрде екі есе дамитын болады».

Ұлттық даму қоры жеке секторға, яғни, ішкі өндірушілерге қаражат беру арқылы оларға өндіріс жұмысын іске қосуға мүмкіндік беруге міндеттеледі. Яғни, ішкі өндіруші бұл қорды үкіметтердің қисынды саясаттары және жоспарларына сүйене отырып пайдалана алады. Өткен жылы осы қордың көмегімен көптеген өндірістік орындар іске қосылған болатын.

Революция жетекшісі ішкі өндірістің келесі бір қажеттілігін «жұмысқа лайықты құрал-жабдықтар» деп атап, былай деді: «Ирандық жас маман қысқа мерзім ішінде уран байытуды 3,5 пайыздан 20 пайызға дейін жеткізе алды. Бұл Иранда жүзеге асырылған ең ауыр жұмыс саналады. Ол жас маман осылайша ұлы ғылыми әрекет жасап немесе халықаралық ауыр санкцияларға қарамастан зымыран немесе ұшақ жасауға көмектесе алса, дәл солай зымыран құрастырып, ұшақ жасап, әскери және дамыған қару жасап, дұшпанды қорқыта алса, бұл жас маман көлік жасап шығаратын немесе басқа нәрсе жасап шығаратын машиналар құрастыра алмай ма? Неге жасамасқа? Біздің жастардың ондай мүмкіндігі бар. Біздің жұмыс күштеріміз – белсенді әрі ойшыл, сауатты әрі дарынды және оқыған ирандық жастар бұл істерге әзір. Көптеген жұмыстарды жасай аламыз. Майданды жастар үшін ашайық. Жастар біздің көптеген қиындықтарымызды шеше алады».

Ғылым мен технология болмаса өндіріс жалғаса алмайды. Академиялық білімі бар қабілетті жастар осы салада қозғаушы күш болып табылады. Өндірісі бар халықтың ұзақ мерзімдіғылымы да болуы тиіс. Шын мәнінде, өндіріс, ғылым мен технологияны қоса ала жүруі керек. Осылайша, ел ғылым мен технологияны жаңарта отырып, экономикалық басымдылықтарынан да айырылып қалмайды. Хазірет Әли (ғ.с.) ғылымды «сұлтан» деп атаған. Экономиканы  ғылымға тәуелді деп те айтуға болады, ал ғылым білімді ғалымдардың қолында. Оқыған әрі таңдаулы жастарды пайдаланып, университет пен өнеркәсіп арасында  өндіріс пен аппараттар жасау саласында байланыс орнату арқылы өндірісті дамытуға көмектесеуге болады.

Революция жетекшісінің көзқарасы бойынша, ирандықтар үшін ішкі ұлттық өндіріс ісінде және тұрақты әрі мықты экономикаға қол жеткізу жолында ешқандай кедергі жоқ. Иран халқы өз күшіне көбірек сүйенген жағдайда дамуға қарай әрекет ететін болады.

Ислам революциясының жетекшісі былай деді: «Біздің қажеттілігіміз – басқалардан көмек сұрап, қол жаюға жол бермейтін өз күшімізге сүйенген, сенімді әрі мықты экономика. Бұл экономика қажетті нәрсені таңдап, әрекет етуге, мұнай бағасына әсер етуге, ұлттық валютаның құнын нығайтуға, халықтың сатып алу мүмкіндігін жоғарылатуға мүмкіндік тудыруы керек. Бір мықты экономика болмаса, толассыз абырой-беделге де, тұрақты қауіпсіздікке де жете алмаймыз. Осы нәрселерді қамтамасыз етуіміз тиіс. Экономиканың маңыздылығы да осында. Дегенмен, ұлттық бірлік те қажет. Халық жүйемен бірікпесе, бұл талаптарға қол жеткізілмейді. Революциялық мәдениетсіз де қол жеткізілмейді. Батыл әрі белсенді басшылар даболмаса, бұл армандар жүзеге асырылмайды. Осылардың барлығын қажет етеміз. Соларды қамтамасыз етуіміз керек. Біздің қолымыздан келеді».