Тілшілер – лаңкестіктің құрбандары
(last modified Wed, 28 Jun 2017 18:42:15 GMT )
Маусым 29, 2017 00:42 Asia/Almaty
  • Тілшілер – лаңкестіктің құрбандары

Әлем түрлі қауіп-қатер және дағдарыстармен арпалысып жатқан шақта лаңкестікті әлем мен адамзатқа төніп тұрған шынайы қауіп-қатер деп атауға болады.

Лаңкестік әсірешілдік, қатыгездік, азап пен зорлық-зомбылықты пайдаланып, діни қағидаларды бұрмалау арқылы елдердің бейбітшілігі, қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қатер төндіріп отыр. Бұл құбылыспен күресу үшін халықаралық интеграция қажет.

Жуырда Ауғанстанның астанасы Кабул қаласында ондаған адамның шәһид болып, жаралануына себеп болған лаңкестік жарылыста Press TV-дің Кабулдағы операторы да мерт болды. Жарылыс орын алған кезде Press TV арнасының кеңсесіне қарай бара жатқан шәһид Хабиболла Хосейнзаде жарылыстың жойқындығы салдарынан сол жерде шәһид болды. Бұл шәһидтің мәйіті анықталмаған құрбандардың арасында қалып, тек 6 күннен кейін ғана тұлғасы анықталды. Press TV арнасы мәлімдеме жариялап, өзі тарапынан және Иран Телерадио ұйымының барлық шетелдік телерадио арналарының атынан Хабиболла Хосейнзаденің туыстары мен жақындарына, сондай-ақ, әріптестеріне көңіл айтып: «Кейбір аймақтық және батыс алпауыт елдерінің жасырын және ашық қолдауларына сүйене отырып жасалатын осындай лаңкестік әрекеттер бейкүнә адамдардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Бұдан былай Press TV арнасы мен басқа да тәуелсіз ақпарат құралдары оқиғаларды шынайы түрде таратуға бар күшін салатын болады» деп мәлімдеді. Хабиболла Хосейнзаде өзінің шәһид әріптестері Майа Насер, Сарна Шим мен Фархад Тағаддосидің қатарына қосылып, өзінің батылдығы мен кішіпейілділігінің арқасында әрқашан есте қалады.

Шәһид Хабиболла Хосейнзаде

Хабиболла Хосейнзаде шәһид болғаннан кейін Иран Телерадио ұйымының шетелдік торабының басқармасы Кабулдағы лаңкестік жарылысты қатаң айыптап, өзінің осы еңбекқор жас қызметкерінің шәһид болуына байланысты Иранның ақпараттық қауымдастығы мен отбасының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

Шындық –әлемдегі тілшілер үшін АуғанстанныңСириядан кейінгі ең қауіпті ел болуында. Ауғанстанда жергілікті және шетелдік тілшілердің өлімінің жоғарғы көрсеткіші, әсіресе 2016 жылғы көрсеткіш Ауғанстандағы жергілікті ақпарат құралдарына шынайы қауіп төніп тұрғанын көрсетеді. Талибан, әл-Каида, ДАИШ пен беймәлім қарулы адамдар өткен жылдары көптеген тілшілердің қазасына себепкер болды. Press TV арнасының операторы Хабиболла Хосейнзаде – Кабулда орын алған лаңкестік жарылыста қаза болған ондаған тілшілердің бірі. 2017 жылдың мамыр айының отыз бірі күні Кабулдың Вазир Акбархан ауданында орын алған лаңкестік жарылыста 80 адам қаза болып, 400-ден астам адам жараланды. Ауғанстанның Ішкі істер министрлігінің ақпарат хатшысының орынбасары Наджиб Данеш: «Жарылыстың күшінің жойқын болғаны соншалықты 30-дан астам көлік жарылды. Сонымен қатар, оқиға орын алған жерден радиусы 1 шақырымда орналасқан ғимараттар, дүкендер мен асханалардың терезелері де сынды. Кабулдағы Иран Ислам республикасының ақпарат агенттігінің өкілдігі кеңсесінің терезелері де шағылып, Иранның Кабулдағы елшілігі мен елшінің үйіне де шынайы нұқсан келді» деді. 

2017 жылдың мамыр айының отыз бірі күні Кабулдың Вазир Акбархан ауданында орын алған лаңкестік жарылыс

 

2016 жыл Ауғанстандағы тілшілер қауымдастығы үшін апатты жыл болды. Бұл жылы Ауғанстанда түрлі оқиғаларда 15 тілші қаза болды. Дегенмен, өткен жылдары да Ауғанстандағы тілшілердің жағдайы жақсы болған жоқ. 2001 жылдан бері Ауғанстанда шамамен  шетелдік және жергілікті 63тілші қаза болды.

Өткен жыл Ауғанстанда Гераттың Азиялық телевизиясының басшысы Аманолла Атаидің өлімімен басталды. Одан кейін маусым айында Талибан тобы БАҚ-ның жеті қызметкеріне террор жасады. Бұл оқиғаны Ауғанстандағы тілшілерге қарсы жасалған ең апатты әрі жан түршіктірерлік оқиға деп сипаттауға болады. Одан кейін жылдың соңына дейін Хосейн Амири, Зейнеб Мирзаи, Мехри, Мариям Ибрахими, Мұхаммад Әли Мұхаммади, Мұхаммад Насир Модсар, Хаксар Мирза, Забихолла Таманно, Хосейн Мухаммади, Мұхаммад Яғуб Шарафат, Мұхаммад Хосейн мен Нығметолла Зохейр сынды тұлғалар Ауғанстанның жер-жерінде орын алған лаңкестік әрекеттерде өлтірілген тілшілер мен ақпарат құралдары  қызметкерлерінің қатарын құрады.

Бұл жағдайдың алаңдаушылық тудырғаны соншалықты, тіпті әлемдегі сөз бостандығын қорғайтын 108 ұйымнан құралған Ifex халықаралық арнасы Ауғанстан үкіметінен Ауғанстанда өлтірілген тілшілер мен ақпарат құралдары қызметкерлерінің істерінің жағдайын неғұрлым тезірек қарастыруды сұрады.

«Ауған дауысы» ақпарат агенттігінің мәлімдеуінше, Ifex халықаралық арнасы Ауғанстан президенті Ашраф Ғаниге Ауғанстадағы тілшілердің жағдайы туралы ашық хат жолдады. Бұл хатта Мұхаммад Ашраф Ғаниден өзі басқарған үкіметтің осы халықаралық өтінішке жауап ретінде есеп дайындап, ұсыну сұралған. Ifex-тің мәліметіне сәйкес, 2016-2017 жылдары әлемде 900  тілші мен ақпарат құралдарының қызметкерлері өлтірілген. Бұл оқиғалардың 90 пайызының себепкерлері жазаланбаған. Ауғанстандағы тілшілер орталығының деректеріне сәйкес, 2001-2016 жылдары осы елде 70 тілші мен ақпарат құралдарының қызметкерлері өлтірілген. Бұл оқиғалардың басым бөлігінде себепкерлер жазасыз қалған.

Ifex әлемдік арнасының төрағасы осы хатта: «Тілшілерге қарсы қылмыстардың себепкерлерінің жазасыз қалу мәдениетінің қалыптасуы осындай қылмыстардың қайталану ықтималдылығын арттырады. Сол себепті, жазадан құтылу – әлемдегі сөз бостандығы мен ақпаратқа қол жеткізу еркіндігіне төніп тұрған ең үлкен қауіп-қатер» деді.

Шекарасыз тілшілер ұйымы өзінің жуырдағы есебінде 2016 жылы әлемнің түкпір-түкпірінде кем дегенде 57 тілшінің өз міндетін атқару үстінде қаза болғаны айтылған. Шекарасыз тілшілер ұйымының мәлімдеуінше, 2016 жылы Сирияда 19, Ауғанстанда 10, Мексикада 9, Иракта 5 тілші опат болған.

2015 жылы да әлемнің жер жерінде 67 тілші қаза болған. Осы мәселеге байланысты аса қауіпті елдерден, әсіресе, Сирия, Ирак, Ливия, Йемен, Ауғанстан мен Бурундиден тілшілер  шығарылды. Бұл мәліметте: «Соғыс пен дағдарысқа тап болған елдерден тілшілердің шығарылуы ақпарат алуға үлкен кедергі тудырды. Ауғанстанда қаза болған тілшілердің барлығы дерлік өздерінің кәсіптеріне байланысты нысанаға алынған» деп қуатталған.

 

50 жыл бұрын 1966 жылы Ливандағы «әл-Хайат» газетінің негізін қалаушы әрі бас редакторы Камел Марвеге террор жасалды. Оның жетісі рәсімдерінде имам Мұса Садр өз сөзінде тілшінің мәртебесі мен сөз еркіндігін қорғауды қуаттады. Бұл сөздер әлі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Ақпарат тарату жолында қаза болғандардың, әсіресе, шәһид Хабиболла Хосейнзаденің рухына құрмет білдіре отырып, осы баяндаманың бір бөлігіне көз жүгіртейік: «Ағайындар! Еркіндік – адамның барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін шоғырландырудың ең басты құралы. Ешкім де азаттығы жоқ қоғамда қызмет ете алмайды және өзінің мүмкіндіктерін жетілдіріп, илаһи шапағатты арттыра алмайды. Азаттық – адамзаттың мүмкіндіктерін қоғамға қызмет ету жолында пайдаланудың ең жақсы тәсілі. Азаттық – адамның құндылығын ресми түрде тану. Ал азаттық жоқ жерде адамның құндылығы азаяды. Азаттық – қоғам тарапынан ұсынылатын тілшінің құқығы. Азаттық –тілшінің өз жұмысын орындай алуы үшін жасалатын қызмет түрі. Бұл –қоғамды  барлық нәрседен хабардар ететін қызмет. Азаттық болмаса азаттықты қорғау мүмкін емес. Азаттық басқалар айтып жүргендей шектелетін немесе бітіп қалатын нәрсе емес. Толық азаттық ақиқат сияқты шексіз нәрсе. Шынайы азаттық – шеттен және іштен қысым көрсететін факторлардан толығымен арылу. Имам Әли (ғ.с.) айтып өткендей, нәпсісінен құтылған адам азат болады.

... Ағайындар!Тілші қорлық пен қысым көрмеуі керек; кедейшілік пен жоқшылыққа ұрынбауы тиіс; қоқан-лоққы мен террорлардың нысанасына айналмауы керек. Террор – мақсатқа жетудің ең жаман жолы. Бұл мақсат не болса да, қаншалықты маңызды болса да, террорды ақтай алмайды. Алдау, рақымсыздық пен террор адамның діні, ар-намысы мен санасы тұрғысынан қылмыс саналады.

Алла жарылқасын сені Абу Джамил. Сен өлімді қабылдадың. Алайда өлім мәңгілікке жоқ болу деген сөз емес. Мүміннің пікірінше,өлім жерден аспанға қарай көшу әрі шектеулі жерден шексіз аспанға өту. Өлім – шынжырлардың үзілуі. Құран Кәрімнің мына сөзіне қалайша сенбейміз?! «Өлімнен кейін жоқ болу емес, қайта туу келеді. Шынайы өмір тек өлімнен кейін басталады». Өлім мен одан кейінгі өмір құбылысы өзгеріс, даму мен жетілу болып табылады. Өлімсіз ешқандай өзгеріс орын алмайды. Адам  шынайы кемелдікке тек өзі өмір сүрген кезеңнен өткеннен кейін ғана жетеді. Адам денесінің жасушалары ой мен санаға ауысуы тек өлімнен кейін жүзеге асады. Өлім – кемелдікке жету жолы, өзгерістің басы, мәңгіліктің бастамасы мен ақиқатты танудың жолы».