Революция жетекшісінің абан айының он үші күніне орай оқушылар мен студенттерді қабылдауында жасаған баяндамасы
(last modified Tue, 14 Nov 2017 11:02:25 GMT )
Қар 14, 2017 17:02 Asia/Almaty
  • Революция жетекшісінің абан айының он үші күніне орай оқушылар мен студенттерді қабылдауында жасаған баяндамасы

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи абан айының он бірі күні таңертең мыңдаған оқушылар мен студенттерді қабылдауында жас буынды қоғамды дамытатын күш деп атап: «Бұл дарынды жас буын Иранды қиыншылықтар мен кедергілерден өткізіп, жарқын болашаққа жеткізеді. Дегенмен, бұл ұлы мақсатты жүзеге асыру Иранның қас дұшпанын, яғни АҚШ-ты тануды, сондай-ақ, ғылым мен білім үйренуді, талпыныс жасап, еңбек етуді және Жаратушымен қатынасты нығайтуды қажет етеді» деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі абан айының он бірі күні таңертең Студенттер күні және Әлемдік үстемшілдікпен күрес күні қарсаңында мыңдаған студент және оқушымен кездесті. Абан айының он үші –исламдық Иранның тарихында әрқайсысы Ислам революциясының жеңісінде маңызды рөл атқарған бірнеше ерлікті еске түсіретін күн. Жыл сайын абан айының он үші күні оқушылар мен студенттер Ислам революциясының жетекшісімен кездесіп, ирандық жасөспірімдер мен жастардың ерліктерін ұлықтайды.

Шамси жыл санағы бойынша 1342 жылдың абан айының он үші күні Пехлеви режимі имам Хомейниді капитуляцияға қарсы баяндамасына байланысты құрықтап, артынан жер аударды. Капитуляция бойынша, 40 мыңға жуық Ирандағы америкалық кеңесші қылмыс жасаған жағдайда сот алдында иммунитетке ие болды. Он үшінші абан күнінің «Студенттер күні» деп аталуына себеп болған келесі бір оқиғада шамси жыл санағы бойынша 1357 жылдың абан айының он үшінде Теһран унисерситетінің алдында Пехлеви үкіметіне наразылық білдіру мақсатында жиналған студенттер жаппай қырылды. Пехлеви режимі наразы студенттерге оқ атып, шамамен 60 адамды шәһид етті. Бір жылдан кейін, революцияның жеңісінен кейінгі алғашқы айларда Иран халқы АҚШ тарапынан жасалған түрлі қастандықтарға тап болды. Осы тарихи күні орын алған үшінші оқиға елдің болашағын құратын белсенді жастар тарапынан жасалды. Студенттер шамси жыл санағы бойынша 1358 жылы АҚШ-тың Ирандағы елшілігін басып алып, оның қызметкерлерін тұтқынға алып, революция үдерісін жалғастыру және халықты хабардар етуге көмектескен тыңшылық құжаттарын қолға түсірді. Имам Хомейни бұл оқиғаны маңыздылығы тұрғысынан  бірінші революциядан артық  болған «екінші революция» деп атады.

Абан айының он үші күніне орай студенттер мен оқушылардың жетекшімен кездесуі

 

Иран Ислам революциясының жетекшісі жастардың құзырының абан айының он үші күнгі маңызды тарихи оқиғалардың естелігінің қайта тірілуіне себеп болғанын айтып: «Жас адамның болмысы белсенді әрі алға ұмтылғыш келеді. Әр елде егер жастар түрлі жаман әдеттерге тап болмаса, қозғалтқыш тәрізді қоғамды алға тартады. Біздің Иранда бұл күш жасөспірімдік кезеңде пайда болады» деді. Хазірет аятолла Хаменеи мектеп жасындағы жеткіншектердің революция кезінде халықтың басқа таптарымен бірлесіп күрескеніне тоқталып: «Революциядан бұрын мектеп жасындағы жеткіншектер мен жастық шақтың қызығын көріп үлгермеген адамдар майданда күресіп жатты. Революцияның қоғамдық оқиғалары басталған кезде біздің оқушылардың талпыныстары мен жанқиярлығының нәтижесінде абан айының он үші «Оқушылар күні» деп аталды» деді.

Жетекші Ислам революциясының тарихында «Оқушылар күні» деп аталған абан айының он үші күні орын алған үш маңызды оқиғаға тоқталып: «Егер оқушылар майданға шықпаған болса, егер күреспеген болса, егер олардың құзыры әсерлі болмағанда зұлым режимнің баскесерлерінің қатыгездігімен бетпе-бет келмес еді, шәһид болмас еді» деді. Хазірет жасөспірімдердің таңылған соғыс кезіндегі рөліне де тоқталып: «Он төрт-он бес  жастағы жасөспірімдер соғыс майданына аттанып, қайратты жігіттер секілді соғысты. Хосейн Фахмиде сияқты кейбір жеткіншектер шәһид болды. Басқалары тұтқындыққа түсті. Тұтқындықта болған бірнеше жасөспірімнің естеліктері газет бетінде жарияланды. Оларды оқып отырған кезде адам сол жастардың сезімдерін сезінгендей болып, бұл дүниеден бөлек, басқа әлемде жүргендей болады. Он алты, он жеті, он сегіз  жастағы жеткіншек жауыз Баас режимінің жендеттеріне қарсы тау сияқты мығым тұрды. Әлемнің басқа қай жерінде осындай оқиға орын алды? Әлемнің қай жерінде жас ұрпақтың арасында осындай адамдар бар?» деді.

Абан айының он үші күніне орай студенттер мен оқушылардың жетекшімен кездесуі

 

Хазірет аятолла Хаменеи Иранның бүгінгі күнгі жасөспірімдерінің Алланың қалауымен осы елді шыңға жетелейтін ұрпақ екенін қуаттап: «Менің ұлы армандарым бар. Дұшпандардың өшпенділік әрекеттері осы уақытқа дейін ешқандай әсер еткен жоқ. Бар күшін салып, біздің халықпен өштесіп, түрлі жолдармен Иран жастарын бұзуға тырысқанымен, тіпті бір бөлімдерде табысқа жетіп, кейбір жастарды дұрыс жолдан тайдыра алғанымен, жас ұрпақ революцияның бас кезіндегі көрегендігін әлі де сақтап келеді. Бүгінгі күні шамси жыл санағы бойынша 80-ші онжылдықта дүиеге келген жастар соғысты да, имамды да, революцияны да көрмегенімен, сол түсініктерді сол көрегендік және сол ерік-жігермен қорғап келеді. Сендер дұшпанның айла-шарғысын жеңіп, кедергілер мен қиыншылықтардан өтіп, бұл елді Ислам революциясы мен исламдық армандарға сай деңгейге көтеретін боласыңдар. Ол сендердің қолдарыңнан келеді. Алла жазса, солай болады» деп қуаттады.

 

Ислам революциясының жетекшісі Иранның биік мақсаттарына жетуін бірнеше жағдаймен байланыстырды. Олардың ең маңыздыларының бірі – дұшпанды тану. Хазірет Иран халқының ең басты жауын АҚШ деп атап, Иранның бұл елді қас  дұшпаны санайтынын және бұл үшін анық дәлелдер бар екеніне тоқталып: «Дұшпандық әрекеттерден ешуақытта шаршамайтын АҚШ Иран сияқты табанды елге қарсы тұрады. Жуырда АҚШ президентінің Иран халқын лаңкестер деп атағанын білесіздер. Бұл пікірдің неткен ақымақтық екенін көрдіңіздер ме?! Күллі бір халықты лаңкес деп атап отыр. Жетекшіні, немесе үкіметті емес, бүкіл Иран халқын лаңкес деп отыр. Бұл дұшпандық емес пе?! Бірнеше жыл бұрын тағы бір америкалық үкімет қайраткері Иран халқын түп-тамырымен жою керектігін айтты. Неткен ақымақтық! Бір ұлт түп-тамырымен, оған қоса мынадай тарихы мен мәдениеті бар халық түп-тамырымен жұлынады ма? Дұшпанның көзі соқыр. Дұшпан көзі көрмейтін соқыр адам сияқты дұрыс есептей және баға бере алмай отыр.  Дәл осы мәселе оның сәтсіздікке ұшырауына себеп болады. Қазір Ислам револциясынан кейін қырық жылға жуық уақыт өтті. Революцияның алғашқы күндерінен, жаңа отырғызылған тал-шыбық кезінен бастап оған қарсы шабуыл жасалып, соғыс  басталды. Бүгін де мыналардың соқыр көздерінің алдында революция мәуелі үлкен ағашқа айналды. Бұл олардың жеңіске жете амағанын және жете алмайтынын көрсетеді» деп баса айтты.

Абан айының он үші күніне орай студенттер мен оқушылардың жетекшімен кездесуі

 

Хазірет аятолла Хаменеи: «Кейбіреулер іштерінен АҚШ-тың талаптарына көну оның дұшпандығын азайтады деп ойлауы мүмкін. Алайда бұл қате пікір. Тәжірибе көрсеткендей, АҚШ өзіне сенім артқан адамдарды да аямайды» деді. Ислам революциясының жетекшісі билік басындағы әулеттің күш-құдіретін заңмен шектеуге талпыныс жасаған Иранның сол кездегі премьер-министрі доктор Моссадеқтың тағдырына тоқталып: «Доктор Моссадеқ ұлыбританиялықтармен күресіп, оларға қарсы тұра алуы үшін америкалықтарға бет бұрды. Олармен кездесіп, сұхбаттасып, өтініш жасап, оларға сенім артты. Моссадеққа қарсы мордад айының жиырма сегізі күнгі төңкерісті ұлыбританиялықтар емес, америкалықтар ұйымдастырды. Бұл дегеніміз, Моссадеқ сияқты адамдар да оларға жеткіліксіз. Оларға құл керек. Бас иіп, айтқандарынан шықпайтын адам керек. Қандай адам дейсіздер ғой?! Мұхаммад Реза Пехлеви сияқты бүкіл болмысымен сатылған адам.

 

Егер біреу солай бүкіл болмыс-бітімімен сатылмаса, онымен өштесе бастайды. Иранға да сол себепті дұшпан болып отыр» деп қуаттады. Хазірет АҚШ-тың  Иранға қарсы кейбір қастандықтарына, соның ішінде, мордад айының жиырма сегізі күнгі төңкеріс пен жолаушылар тасымалдайтын ұшаққа жасалған шабуылға, Табас даласындағы оқиғаға, санкциялар мен ядролық келіссөздер кезіндегі кедергі тудырушылықтар мен тағы басқа қастандықтарына тоқталып, АҚШ-тың дұшпандығымен күресудің жалғыз жолын табандылық деп қуаттап, оны жеңіске жетудің басты шарты деп атады.

Абан айының он үші күніне орай студенттер мен оқушылардың жетекшімен кездесуі

 

Хазірет аятолла Хаменеи Ислам революциясының биік мақсаттарына жетудің маңызды шарттарының келесі бірін білім және ғылым жолында шынайы талпыныс жасау деп атап: «Ғылым мен білім үйрену – дұшпандармен күресте күш-құдіретке қол жеткізетін басты құралдардың бірі. Біздің жастар аса дарынды. Егер бұдан былай да сабақтарын жақсы оқып, жұмыстарын дұрыс жасауды жалғастырса, елдің ғылыми деңгейінің көтерілетіні сөзсіз» деді. Ислам революциясының жетекшісі ғылыми деңгейдің жоғары болуын Иран халқының ішкі күш-құдіретінің қайнар көзі деп атап, ғылымның арқасында адамның үлкен армандарына жете алатынын баса айтты.

 

Хазірет аятолла Хаменеи баяндамасының соңында жасөспірімдерді Ұлы Жаратушымен қарым-қатынасты нығайтуға шақырып: «Сендердің жүректерің пәк әрі жан дүниелерің кіршіксіз таза. Бізге қарағанда сендер үшін илаһи шапағат пен нұрға бөлену оңайырақ болады. Иман келтіріп, дұға тілеп, намаз бен Құран оқып, маңызды істер мен ғибадаттардың бірі саналатын Алланың пенделеріне көмектесіп, күнәлардан алшақ болуға талпыныс жасауларың керек. Алла қаласа, қазіргі сендердің буындарыңның революция көрсетіп кеткен барлық армандарға қол жеткізе алатындығына кәміл сенемін. Ұлы Жаратушы сендердің алдарыңнан жол ашып, оны оңайлатып, жетістіктеріңді күннен күнге арттыратындығына үміттенемін» деді.

Абан айының он үші күніне орай студенттер мен оқушылардың жетекшімен кездесуі

 

 

Тегтер