Ислам революциясы – халықты өзіне деген сенім мен ғылыми жетістіктерге жеткізген жол
(last modified Wed, 07 Feb 2018 03:18:59 GMT )
Ақп 07, 2018 09:18 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы – халықты өзіне деген сенім мен ғылыми жетістіктерге жеткізген жол

Иран Ислам революциясының «Фаджр» онкүндігіне орай дайындалған бағдарламамызда Ислам революциясы жеңісінің Иран халқының өзіне сенімділігінің қалыптасуы және дамудың басты тірегі саналатын ғылыми жетістіктерге жетуіндегі рөліне тоқталамыз.

Бұл бағдарламада Ислам революциясының Иран халқының өзіне деген сенімділігінің қалыптасуына және оның дамудың басты тірегі саналатын ғылыми жетістіктерге жетуіндегі рөліне тоқталамыз. Осындай жетістіктердің арасынан Иранның әлемдік ғылыми өндірістегі айтарлықтай үлесі мен елдің әлемдік рейтингтердегі орнының жоғарылауын атап өту қажет.

Иран Ислам революциясының қалыптасу алғышарттарын түсіндірген сарапшылар Иранда революцияның орын алуына себеп болған факторлардың бірін халықтың озбыр билеушілер мен олардың шетелдік қолдаушыларының өздерін кемсітуіне қарсы реакциясы деп атады. Олардың пайымдауынша, Пехлеви билігі кезінде Иран халқы бұрын-соңды болмаған қорлыққа тап болды. Сол себепті халықтың өзіне деген сенімділгі мен тәуелсіздіктің жаршысы болған имам Хомейни халықтың талабына жауап беріп, исламдық революция ұйымдастырды. Бұл тұрғыдан Ислам революциясы халықтың өзіне деген сенімділігіне деген иманның нәтижесі болып, одан кейінгі жылдары да  халықтың өзіне деген сенімділігін нығайтуда маңызды рөл атқарды. Егер Ислам революциясының негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің сөздеріне назар аударсақ, хазіреттің бірнеше рет халықтың өзіне деген сенімділігін нығайтуға баса назар аударып, оны қуаттағанын көреміз. Мысалы, бір жерде хазірет Пехлеви режимінің осал тұстарын анықтау туралы: «Ең бастысы, ирандықтар өздері де бір нәрсе жасай алатынын түсінуі  керек. Ұзақ уақыт бойы мынадай бір ойды халықтың санасына құйып келді: ирандықтардың қолынан ештеңе келмейді, барлық затты шетелдерден, Еуропа мен Америкадан алып келу керек. Иран халқының басқа халықтардан еш жері кем емес. Тіпті, кейбір елдерден жоғарырақ. Сондықтан, бұл елдің дарындарының жұмыс істеуіне жол берілмеді. Сананы іске қосу керек. Үкімет пен халық осындай дарынды адамдардан жаңа нәрселерді ойлап табуын сұрауы керек. Сол кезде Иран бар нәрсені өзі өндіріп, тәуелсіз елге айналатын болады» деген болатын.

Имам Хомейни

 

Бүгінгі таңда Ислам революциясының жеңісінен шамамен қырық жыл өткеннен кейін революцияның бастапқы жылдары революция жетекшілері мен ойшылдары тарапынан айтылып жүрген «өзіне деген сенімділік» пен «өз болмысын қайта табу» түсініктері Иран  халқының мәдени ерекшеліктері немесе қағидаттарының біріне айналған. Бүгін Иран халқының түсінігінде тәуелсіздік тек бір арман немесе қол жетпес мақсат емес, керісінше, Иран халқы тәуелсіздіктің тәтті дәмін сезініп, өмірдің барлық салаларында оның жемістерін  көріп жатыр. Тәуелсіздік пен өзіне деген сенімділіктің оң әсерлері байқалған алаңдардың бірі ғылым саласы болды. Ислам революциясы Иран халқының тарихи талаптарының бірі, яғни, даму мен гүлденуді қамтамасыз етуді көздеді. Бұл арманды орындау тек ел жастары мен ойшылдарынң өзіне деген сенімділігінің аясында дами түскен ғылым мен білімге байланысты болды. Имам Хомейни революцияның негізін қалаушы әрі жетекшісі ретінде елдегі ғылым мен білімді дамытуды әрдайым революцияның басты мақсаттарының бірі ретінде қуаттап, революцияның саяси, экономикалық және идеологиялық тәуелсіздік сияқты басқа да мақсаттарына қоғамда ғылым және білім дамығанда ғана қол жеткізуге болады деген пікірде болған.

Ирандағы ғылым мен білімнің дамуы революция жеңісінен кейінгі жылдары қоғамдағы сауатсыздық деңгейін азайтып, оны жоюмен байланысты болды. Сол себепті революция жеңісінен кейін бір жыл өтер өтпестен имам Хомейни шамси күнтізбесі бойынша 1358 жылдың дей айының жетісі күнгі бір жарлығында сауат ашу қозғалысын бастады. Хазірет осы баяндамасында: "Ғылым мен әдебиеттің бесігі болған және ғылым іздеуді парыз санайтын Ислам дінінің үкімдері бойынша өмір сүретін елде халықтың бір бөлігінің сауатсыз болғаны ұят. Еліміздің тәуелді әрі ұзақ мерзімді мәдени бағдарламасын тәуелсіз және өз-өзіне жеткілікті мәдениетке айналдыруымыз керек. Барлық сауатсыз халық сауат ашуға,  барлық сауатты адамдар ағартушылыққа талпынуы керек" деді. Осы қозғалыс басталғаннан кейін қоғамның сауаттылық деңгейі күрт артты. Халықтың көп бөлігі оқу мен жазуды үйренді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, шамси күн тізбесі бойынша 1357 жылы, яғни, Ислам революциясы орын алған жылы халықтың 6 жастан жоғары бөлігінің жартысынан көбі, яғни, 52 пайызы сауатсыз, 48 пайызы сауатты болды. Революциядан кейінгі жылдары сауаттылық деңгейі 75 пайызға артты. Ислам революциясы жеңісінен жиырма жылға жуық уақыт өткеннен кейін, яғни, 1357 жылы (1996 жыл) Иран халқының 80 пайызы оқу мен жазу білетін болған. Ал 1395 жылы (2016 жыл) бұл көрсеткіш 90 пайыздан асты.

Ирандағы сауаттылық деңгейінің артуы

 

Сонымен қатар, Ислам революциясы әйелдер қоғамның түрлі салаларындағы құзыры мен белсенділігі үшін мүмкіндік тудырды. Әйелдердің ирандық қоғамдағы маңызды рөлі байқалған осындай салалардың бірі ғылым, білім және зерттеу алаңы болды. Ислам революциясы жеңісі алдындағы жылдары елдегі әйел адамдардың тек 35 пайызы ғана оқу мен жазуды білген болса, бұл мөлшер революциядан кейінгі жылдары (1996 жылы) 75 пайызға, 2012 жылы 81 пайызға жетті. Қуанышқа орай, бүгінде Ислам революция жеңісінің 39-шы жылдығының қарсаңында жоғары білімі бар ирандық әйелдер көптеген саяси, экономикалық және әлеуметтік алаңдарда ықпалды рөл атқарып, тіпті кейбір алаңдарда ерлерден де басым түсіп отыр. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, шамси күнтізбесі бойынша 1357 жылы елдегі студенттердің  тек 50 мыңы ғана қыз балалар мен әйел адамдар болса, 1375 жылы бұл көрсеткіш 10 есе артып, 500 мың адамға жетті. Қазіргі таңда бұл мөлшер 2 миллион адамға жетті. Ирандық қыздар мен әйел адамдардың жоғары білім алуға деген құлшынысының көп болғаны соншалықты, тіпті өткен бірнеше жыл ішінде елдегі студенттердің арасында қыз балалардың саны ұлдардан асып түсті. Статисткалық мәліметтерге жүгінсек, Иранның үкіметтік университеттері студенттерінің шамамен 56 пайызын қыз балалар құрайды.

Ұлттық өзіне деген сенімділікті нығайтып, соның нәтижесінде Иранның әлемдегі ғылыми үлесін арттыру үдерісі имам Хомейнидің қазасынан кейін аятолла Хаменеидің жетекшілігі кезінде жалғасып, қарқын алды. Хазірет Иранда ислам революциясы жетістіктерінің бірі ретінде Батысқа тәуелділікке негізделген байланыстар тоқтағаннан кейін жастардың өзіне деген сенімділігінің артуы мен дарындарының ашылуын атады. Хазіреттің пайымдауынша, Ислам революциясы ғылыми тәуелділіктің шынжырын үзіп, жастар арасындағы өз күшіне деген сенімділікті нығайтты. Бұл өз кезегінде Ирандағы ғылыми даму мен гүлденуге негіз болды. Аятолла Хаменеи: "Революцияға дейін жастар мен басқа да адамдарға ғылым алаңында бастамалар мен жаңа нәрселер ойлап табуға мүмкіндік берілмеді. Революция қоғамда тәуелсіздік пен өзіне деген сенімділік сезімін тудырды. Ислам революциясы бұл елдің ғылыми дамуына дем берді.

Әлем ғылым саласында ең үлкен жетістіктерге қол жеткізе алған 50-60 жылға созылған әлемдегі ғылыми әрекет пен даму кезіндегі біздің елдің ғылыми даму деңгейімен салыстырғанда революциядан кейінгі қиын-қыстау замандағы ғылыми дамуымыздың мөлшері бірнеше есе артық болды" деді. (Революция жетекшісінің баяндамасынан: шамси күнтізбесі бойынша 1.2.1379 және 14.7.1382 ж.ж.)

Ирандағы ғылыми даму

 

Аятолла Хаменеидің жетекшілігі кезінде хазірет елдің ғылым саласындағы саясаттарын елдің ғылыми даму қарқынын жылдамдату бағытында жобалады.  ISI құжаттама базасы ұсынған мәліметтерге сәйкес, Ислам революциясына дейінгі 37 жылда (1940-1979ж.ж.) яғни, Пехлеви ІІ шахтың билігі кезінде ирандық ғалымдар тарапынан халықаралық беделді басылымдар мен конференцияларда  тек 2026 мақала ғана ұсынылған. Алайда бұл кезеңде әлемдегі ғылыми өндірістің мөлшері айтарлықтай көп болған. Осы кезеңге қатысты қолда бар деректерге сүйенсек, әлемде 8 миллион ғылыми жұмыс тіркелген, ал Иранның осы мөлшердегі үлесі тек 2000 ғана жұмыс, яғни, тек 0,03 пайыз болды. Алайда, революциядан кейінгі жылдары Иранда ғылыми өндірістің қарқыны артқаннан кейін ғылыми мақалалардың мөлшері 245 мыңнан артып, Иранның әлемдік ғылыми өндірістегі үлесі 0,52 пайызға жетті. Иран сегіз жыл бойы таңылған соғыс кезінде ғылым мен зерттеу үшін аса қолайсыз жағдайды бастан өткеріп жатқанда ирандық ғалымдар ғылыми өндіріс саласында осындай маңызды жетістікке қол жеткізді.

Ғылыми өндіріс мөлшерінің артуымен қатар, сапасы тұрғысынан да Иранның жаңа кезеңдегі жағдайы бұрынғы уақытпен салыстырғанда қатты өзгерді. Ғылыми өндірістің сапасын анықтаудың ең басты көрсеткіші басқалар тарапынан ғылыми басылымдарға сілтеме жасау мөлшері болып табылады. Қолда бар деректерге сәйкес, Иранда революцияға дейін жарық көрген 2026 ғылыми мақалаларға тек 1178 рет қана сілтеме жасалған. Бұл көрсеткіш революциядан кейінгі жылдары 945 мың жайтқа дейін артты. Басқаша айтқанда, әлем ғалымдарының ирандықтардың ғылыми мақалалары мен басылымдарына сілтеме жасауы Ислам революциясынан кейінгі 39 жылда революцияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда шамамен 800 есеге артқан. Иран өткен отыз тоғыз жылда саяси және экономикалық қысымдар мен халықаралық санкцияларға ұшыраған жағдайда осындай ғылыми жетістіктерге қол жеткізе алды. Осы кезеңде әлемнің үстемшіл елдері, әсіресе, АҚШ Иранның даму жолына балта шабу үшін көп талпыныс жасады. Осындай кедергілерге қарамастан, ИИР ұлттың өзіне деген сенімділік сезіміне иек артып, ғылым мен білімнің шыңдарына шығып, өз халқы мен әлем үшін жарқын болашақ ұсынды.

 

 

 

 

Тегтер