Теһранда 36-шы Халықаралық Құран Кәрім жарысы өтті
(last modified Mon, 22 Apr 2019 15:21:03 GMT )
Сәу 22, 2019 21:21 Asia/Almaty
  • Теһранда 36-шы Халықаралық Құран Кәрім жарысы өтті

36-шы Халықаралық Құран Кәрім жарысы «Бір халық – бір үмбет» деген тақырыпта ислам әлемінің ең үлкен Құран оқиғасы ретінде әлемнің 80-нен астам ел өкілдерінің қатысуымен Теһранның үлкен діни-мәдени мекенінде сәуірдің 9-14 күндері өтті.

Теһранның діни-мәдени мекеніне әлемнің әртүрлі елдерінің қарилері, хафиздері мен Құран  саласындағы белсенділері келді.  Құранның хош әтірі мен рухани кеңістік ерекше көңіл-күйге себеп болды. Құран өзінің көңілді рухты көтеретін аяттарымен Аллаға иман келтірген адамдардың басын қосты. 36-шы Халықаралық Құран Кәрім жарысы «Бір халық – бір үмбет» деген тақырыпта ислам әлемінің ең үлкен Құран оқиғасы ретінде әлемнің 80-нен астам ел өкілдерінің қатысуымен Теһранның үлкен діни-мәдени мекенінде сәуірдің 9-14 күндері өтті. Халықаралық Құран Кәрім жарысының бұл кезеңінде қарттар, әйелдер, діни оқу орындарының шәкірттері, зиялылар мен оқушылардың қатысуымен мәдени, Құран, оқу бағдарламалары мен халықаралық конференциялар өтті.

 

36-шы халықаралық Құран Кәрім жарысы Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі, Уақф және қайырымдылық істер ұйымының басшысы, елдің мемлекеттік және әскери басшылары, Құран саласының белсенділері мен Құранға ынтық жандардың қатысуымен өз жұмысын бастап, әртүрлі елдердің өкілдері Құранды жатқа оқу, қырағат ету, мақамдап оқу салалары бойынша жарысты. Уақф және қайырымдылық істер ұйымының басшысы Сейед Мәһди Хомуши шараның ашылу рәсімінде Құранның рөліне тоқталып: «Имам Садық (ғ.с.): «Егер жастар мен жасөспірімдер Құран оқығысы келсе, Алла Тағала оны пайғамбарларға жақындатып, қиямет күні Құран оны қорғайды»,- деген. Сондай-ақ, Құран қарилері: «Уа, Алла! Жақсылық жасаған барлық адамдар өз нәтижелерін ең жақсы түрде алды, ал қаридің амалы не?» деп сұрап, Алладан оған ең жақсы амалды беріп, Құраннан риза болуы сұрайды. Құран: «Мен қари үшін одан жоғарыны және жаннат бағында мәңгілік қалуы мен әрбір аятты оқыған сайын жоғарылауын сұраймын,- деді»,- деген.    

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Сейед Аббас Салехи 36-шы Халықаралық Құран Кәрім жарысының ашылу рәсімі аясында исламдық әртүрлі қоғамдарда Құран мәдениетін дамыту тақырыбына тоқталып: «Біз ислам әлемінің қарым-қатынасында құрандық дипломатия туралы көбірек ойлана аламыз. Құран – ислам әлеміндегі бір миллиардтан астам мұсылманды бір-біріне жақындататын ең маңызды құрал. Бұл жарыс бізге Құран арқылы ислам әлемнің бірлігіне жетуге көмектесе алады»,- деді. 

Құран – мұсылмандардың қасиетті кітабы. Әлемнің әртүрлі елдерінің мұсылмандары күн сайын оның көркем әрі берекеге толы аяттарын оқиды. Ислам дінінде дін негіздері, ахлақ ережелері, қоғамдық және саяси қарым-қатынастар, сот пен экономикалық негіздер бұл қасиетті кітаптың тағылымдарына сүйенеді. Сондай-ақ, Құран аяттарының жаңалығы оны мәңгілікке айналдырғандықтан ол еш уақытта ескірмейді. Бұл аяттар өмірді жандандыратын жаңбыр секілді. Құран аяттары рухани тартымдылығымен бірге ерекше мейірімге ие. Құранды жақсы көретін адам оны нұр мен жарыққа қарай шақыратын күшке ие болады.  Халықаралық Құран Кәрім жарысына қатысушылардың Құран аяттарын оқуы дәл осы мәселенің белгісі. 

Халықаралық Құран Кәрім әйелдер жарысының үшінші кезеңінің оқушылар бөліміне қатысушы Иорданиядан келген Рим Эшбул жарысқа дейін Иран мен бұл елдің халқын қаншалықты білгені туралы: «Осыған дейін Иранды исламдық елдердің бірі ретінде таныдым. Бірақ, Иранға сапар шегіп, жарыстарға қатысып, мейірім және қонақжай  халықты көріп, ел әйелдерінің Құран жұмыстарының жоғары деңгейіне таңғалдым. Иран халқы араб болмағанымен, Иран әйелдерінің Құранға деген сүйспеншілігі жоғары. Бұл бірнеше күнде олардың Құран саласындағы жұмыстарға белсенді қатысатынын көрдім. Құбыла мен Құран ортақ болып тұрғанда, кейбір мазхабтық айырмашылықтар біздің бірлігімізге нұқсан келтіре алмайды. Құран Кәрім жарысы секілді шаралар бірлігіміздің артуына жағдай қалыптастырады»,- деді. ол  Құран жұмыстарының тәкпіршіл-лаңкестік ой-пікірмен күресуге әсер етіп, ислам әлеміне, әсіресе Сирияға тыныштықты қайтарудағы рөлі туралы: «Ирандағы халықаралық Құран Кәрім жарысының «Бір кітап – бір үмбет» деген тақырыбы пайғамбарлық ұран болып, Құранмен үйірлесу арқылы лаңкестік пен тәкпіршілікті жоюға болатынын көрсетеді. Ислам әлемі әйелдерінің Құранға сай амал етіп, діни ұрандарын арттыруын тілеймін»,- деді.

 

Иорданиялық Рим Эшбул

Сейф Мостафа Латиф  – халықаралық Құран Кәрім жарысындағы бүкіл Құранды жатқа білетін ең кішкентай хафиз. Ол сегіз жасынан қасиетті кітапты жаттауды бастап, тоғыз жасында өз ұстазының ақыл-кеңесімен бүкіл Құранды жаттап алды.

Сейф жарыстың ерекшелігінің бірі ретінде әртүрлі елдер өкілдерінің қатысуын атап, оны өзі үшін сабақ алатын оқиға деп бағалады. Ол халықаралық Құран Кәрім жарысына Ирактан келгенін, Иран туралы айтқан сөзінде: «Иран – Иракқа дос әрі шекаралас мемлекет. Мен бұл елге келгенде халқына қатысты ерекше сезімге ие болдым. Өйткені, Иран халқының мейірімін көрдім. Жарыстың кеңістігі де өте жақсы»,- деді.

 

Сейф Мостафа Латиф  – халықаралық Құран Кәрім жарысының бүкіл Құранды жатқа білетін ең кішкентай хафиз

Бүгінгі адам ғылыми және өндірістің әртүрлі салаларында дамып, оның материалдық сұраныстарының көбі қамтамасыз етілді. Бірақ, мұндай жағдайына қарамастан, адам көптеген жеке және қоғамдық қиындықтармен бетпе-бет келіп, әртүрлі дағдарыстар қоғамды қатерге тіреуде. Негізінде материалдық және машиналы әлемде адам рухани және адамгершілік қажеттіліктеріне немқұрайдылық білдіргендіктен, дәл осы мәселе оның қиындықтары мен алаңдаушлықтарының артуына себеп болды.  Құран Кәрім адамзатты әртүрлі дерттерден құтқаратын ең жақсы дәрмен деп таныстырылды. «Исра» сүресінің 82-ші аятында: «Құраннан, мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол залымдардың зиянын тым арттыра түседі»,- деп айтылды.

Теһранда өткен 36-шы халықаралық Құран Кәрім жарысы қазылар алқасының шешімі бойынша, Құран қырағаты бойынша индонезиялық Салман Амралла бірінші, ирандық Мәһди Ғоламнежад екінші, ирактық Мохаммадреза Салман үшінші орындарды иемденді. Сондай-ақ, Құранды жатқа айту саласында ирандық Мохаммад Джавад Моради бірінші, алжирлық Абдәли әл-Туқи үшінші, сириялық Ахмад Бадраддин Хамам үшінші орын алды. Сонымен бірге оқушылар бөлімінде де жеңімпаздар марапатталды.

Құран Кәрім халықаралық жарысына қатысушылар 15 сәуірде Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеимен кездесті.

 

Құран Кәрім халықаралық жарысына қатысушылар аятолла Хаменеимен кездесті

Аятолла Хаменеи бұл кездесуде әлемнің әртүрлі елдерінің мұсылман бауырларын жинаған халықаралық Құран жарысын қадірлеу керектігін баса айтып: «Құран тек қырағат ету үшін ғана керек емес, оны түсініп, оның білімін үйрену де қажет. Адамдардың қате жолға түсуі, бір-бірін дұрыс түсінбеуі мен бір-біріне қиянат жасауы мен дұшпандығы, тағұттардан азап-қорлық көруі мен басқа да қиындықтарының себебі – олардың Құраннан алыстауында. Құран бізге рухани байлық пен білімді сыйлайды. Құран – адамзатты дүние мен ақыретте бақытқа бөлейтін кітап. Құран адамның тек ақыреттегі бақытын ғана емес, бұл дүниедегі бақытын да қамтамасыз етеді.  Құранға сай ғамал ету ғиззат, тұрмыс, даму, құдырет, бірлік пен бұл дүниедегі тату-тәтті өмір мен ақыреттегі бақытты да қамтамасыз етеді. Сондықтан бір Алладан Құранға жақындауды арттырып, Құран біз үшін белгілеген мақсаттарға жетуге көмектесуді сұраймыз»,- деп қуаттады.