Қасиетті рамазан айының дұғалары 1
Қасиетті рамазан айы – дұға мен ғибадат айы. Қасиетті рамазан айында ораза тұтушы адамның дұға тілеген сәттері оның өмірінің ең маңызды сәттері болып табылады.
Қасиетті рамазан айы да келді. Бұл ай Алланың айы ретінде танымал. Айлардың арасында Алла Тағала бұл айды Өзі үшін таңдап, «Алланың айы» деп атады. Алла Тағала Құран Кәрімнің «Бақаре» сүресінің 183-ші аятында мүміндерді ешбір делдалсыз, тікелей осы айдың қонағы болуға шақырады. Айта кететін жәйт, мүміндерді шақыруымен бірге Жаратушымыз қонақтарды күтуді Өз мойнына алған. Алла Елшісі Рақымды және Мейірімді Алланың «Ораза Менен. Оның сыйың да Өзім беремін» деп айтқанын жеткізген. Қасиетті рамазан айы – дұға мен ғибадат айы. Қасиетті рамазан айында ораза тұтушы адамның дұға тілеген сәттері оның өмірінің ең маңызды сәттері болып табылады. Алла елшісі рамазан айында дұға тілеу туралы: «Уа, халайық! Рамазан айында намаз оқыған кезде қолдарыңды Жаратушыға қарай жайыңдар. Мұндай сәттер өмірлеріңнің ең маңызды сәттері. Бұл кезде Алла Тағала пенделеріне махаббатын аямайды»,- деген болатын. Имам Әли (ғ.с.) де: «Рамазан айында тәубе етіп, көп дұға тілегендер қандай жақсы. Өйткені дұға мәселелеріңді шешіп, тәубе күнәларыңды жояды»,- деп айтқан. «Дұға» деген сөздің мағынасы пенденің Алладан көмек сұрауы дегенді білдіреді. Дұға тарих бойындағы барлық адамдардың ортақ мәселесі. Өйткені адамның ерекшеліктерінің біріне адамның өзін әрқашан өзінен артық әрі күштірек жаратылысқа жақындатқысы келетіндігі жатады. Адамдар әртүрлі жолдармен Жаратушысымен қарым-қатынас орнатып, қажеттіліктері мен тілектерін айтады. Алайда Исламның мәдениетінде, әсіресе Исламның ұлық пайғамбарының мектебінде пайғамбар мен хаіреттің әулетінен шыққан пәк имамдар сынды Өз Жаратушысымен ең жақсы әрі ең терең қарым-қатынас орнатқан кемел адамдардың дұғалары өте көркем сөздермен айтылған. Олардың дұғалары адамның дамып, кемелдікке жетуі үшін қажетті ең жақсы әрі ең жылдам жолды көрсетеді. Шын мәнінде бұл дұғалар Құран Кәрімнен кейін Аллаға жақындайтын ең жақсы құрал саналады. Қасиетті рамазан айының күнделікті дұғалары осындай дұғаларға жатады. Рамазан айының бірінші күнінің дұғасы:
Иә, Алла!
Бұл айдағы ораза, намазымды Өзің қабыл ететіндей шынайы ет. Мені бейқамдықтың ұйқыдан оятып, күнәләрымды кешір, уа, әлемдердің Жаратушысы! Жамандықтарымды кешір, уа, күнәларды Кешіруші!
Бұл дұғада ораза тұтушы адам Алладан ішіп-жеуден тартынумен бірге дене мүшелерінің де ораза тұтуын сұрайды. Яғни, жанарлары харам нәрселерді көрмей, құлағы өсек, кемсіту және сол сияқты нәрселерді естімеуге, басқаларды ренжітетін сөз айтпауға, қай жер болса сол жерге бармауға, жаман істерді жасамауға көмек сұрайды. Сондай-ақ, шынайы ораза тұтушы дене мүшелерінің ораза тұтуымен бірге ойы мен жүрегін де Алланы еске алумен толтырып, Одан басқа ешкім және еш нәрсе туралы ойламауға талпынады. Имам Садық (ғ.с.): «Ораза тұтқан күнің мен ораза тұтпаған күніңнің арасында айырмашылығы болуы керек»,- деген болатын.
Дұғаның келесі сөйлемінде Алладан намаздарымызды Аллаға бүкіл болмысымен бағынған және Оған қызмет етуге дайын адамардың намаздарындай ет деп сұраймыз. Содан соң: «Уа, А! Мені бейқамдықтың ұйқысынан оят» дейміз. Өйткені кейбіреулер ояу болғандарымен өлгендермен бірдей. Олар күнәларын маңызды деп санамайтындар. Олар ойланбайтын парықсыздар. Мұның барлығы бейқамдықтың салдары. Аллаға жақындау үшін оларды бейқамдықтың ұйқыдан ояту керек. Дұғаның соңғы сөйлемінде Алладан рамазанның бірінші күнінен соңына дейн жақсылық пен береке беруді, бізді кешіруді сұраймыз. Өйткені Жаратушы кешірімді. Адамның қылмыстар мен күнәлардан тазаруы бұл айдың ең маңызды жетістігі.