Маусым 29, 2016 11:34 Asia/Almaty
  • Рамазан керуенімен 1

Алла Тағала адамның өміріндегі күндері мен айларын қадірге толтырды. Рақымдылыққа толы бұл күндер көктемнің самал желі сынды адамның тәні мен жанын көңіл-күйге толтырып, оған жаңа өмір сыйлайды.

Бұл күндері адамның шаршаған   тәні  дүниенің жылтырақтарынан алыстап, Алла мен Оның мейірімділігін және рухани нығметтерді жақсырақ түсіне алады. Бұл күндері нығметтердің арқасында Аллаға жақындау үшін  мүмкіндік туады. Қасиетті рамазан айы адамның өміріндегі алтын кезеңдердің бірі. Аспандағылар мен періштелер бұл айдың келуіне қуанып, аспандарды безендіреді. Ұлы Алланың қасиетті айы келіп, шаршаған халықтың ортасын жүрекке қонымды әтірмен толтырып, Жаратушының ғашықтарының рухын нұрландырды. Рамазан! Уа, нұр мен пәктіктің  айы, илаһи рақымдылық пен мейірімділіктің көрінісі, қош келдің! Қасиетті рамазан айы – Алланың айы, Құран түсірілген ай, жыл айларының арасындағы ең қасиетті ай. Бұл айда аспан мен жәннәттің есіктері ашылып, тозақтың есіктері жабылады. Бұл айдағы, әсіресе қадір түніндегі ғибадаттардың сый мен берекесі мың айдағы ғибадаттан артық. Алла елшісі өзінің шағбан айындағы құтпасында: «Әй, Алланың пенделері! Алланың айы өзінің берекесі, рақымдылығы және кешірімділігімен келді. Бұл ай Жаратушының алдындағы ең жақсы ай, оның күндері ең жақсы күндер, түндері ең жақсы түндер және сағаттары ең жақсы сағаттар. Алланың қонағы болу туралы шақыруға ие болдыңдар. Бұл айда демдерің таспиық, ұйқыларың ғибадат саналып, ғамалдарың қабыл болып, дұғаларың орындалады. Сол себепті ақ ниет және пәк жүректеріңмен Жаратушыларыңды шақырып,  ораза тұтып, Құран оқуға көмек сұраңдар. Бұл айда ішіп-жеуден тартынып, қияметтегі аштық пен шөлді еске алыңдар. Бұл айда Алланың кешірімінен мақұрым қалғандар қандай бақытсыз»,- деп айтқан болатын. Рамазан айы тазаратын ай. Бұл айда адамның рухы мен ішкі жаратылысы мөлдір судай тазарып, ол шайтандық қылықтары және хайуандық тәуелділіктерінен алыстайды. Рамазан ең жақсы күндер мен түндер және ең жақсы сағаттарға ие ай. Бұл айда адамның ұйқысының өзі ғибадат саналады. Бұл айдың қиындықтары мен жеңілдіктері аралас. Ауыртпалығы ішіп-жеуден тартынып, бейқамдық пен нәпсіге қарсы күресуі, артық талап ету мен артық жеуден алыстауында, ал ләззаты Жаратушыға жақын болуды сезіп, сәресі кезінде рақымдылық шығының жанымызға қонуында.  Рамазан  өзінің бүкіл сұлулығымен  тағы да үйлеріміздің қонағы болып, мұсылмандардың  жүректерін ерекше көңіл-күйге толтырды.  Сағаттар қағысымен қасиетті рамазан айының сағаттары туралы хабар берген сайын өмірінде  бірінші рет ораза тұтуды  ниет еткен жаңадан мұсылман болған адамның жүрегін ерекше толқытады. Маркос – филиппиндік жас жігіт. Ол Исламға бет бұрған соң есімін «Ахмад мүмін» деп өзгертті. Ол рамазан айын асыға күтіп: «Мен бұрын рамазан айы және Ислам дініндегі оразаның түсінігін келемеждейтін едім. 10 жыл бойы Біріккен Араб Әмірлігінде өмір сүрген кезде мұсылмандардың ораза тұтуы біз үшін  қызық болатын. Бұл айда қаланың барлық дүкендерінің есігі жабылып, баршамыз  өзімізді барлық нәрседен шектейтінбіз. Бұл рамазан айынан алыстататын  жалғыз мәселе. Мен оразаны адамның рухы мен денесін қорлайтын   ай деп санайтын едім»,- деп есіне алады. Алайда Маркос көптеген  зерттеулерден кейін Исламға бет бұрып, ораза тұтудың шынайы мағынасын түсініп, оның ораза тұтуға қатысты пікірі толығымен өзгерді. Ол Исламды қабылдаған соң рамазан айында бірнеше күн ораза ұстап, өзінің тәжірибесі туралы: «Осыған дейін мұндай тыныштықты бастан өткермеген едім. Сол кезде оразаның рухани әсерін түсіндім. Сонымен бірге оразаның адамды азаптамайтынын, керісінше денсаулығына өте пайдалы екенін түсіндім. Жылдың бір айында ораза тұту ақылға қонымды іс. Алла Тағала жылдың бір айында ораза тұтуды өз пенделеріне уәжіп етті. Қазір рамазан менің өте жақсы көретін айым. Рамазан мен үшін тыныштық пен қуаныш сыйлайтын ай. Мен рамазанды асыға  күттім»,- деді. Амина – Йорданияда өмір сүретін исламға жаңадан бет бұрған,  . рамазан айын асыға күткен келесі мұсылман. Оның бұрынғы есімі Каролина еді. Ол оразаны сабыр, нәпсіні тізгіндеу және руханилықты жоғарылатудағы сабақ санап, намаз бен Құран оқуды Ұлы Аллаға жақындаудағы түзу іс деп атады. Ол оңтүстік Африканың    азаматы.   Ораза туралы ол: «Ораза – рухани тыныштыққа жететін жолдардың бірі.  Рамазан айында мұсылмандар таңғы намаздан күн батқанға дейін ішіп-жеуден және темекі шегуден тартынып, өзін Аллаға жақындатады»,- деді. Қасиетті рамазан айы – Алланың айы, Жаратушыны еске алып, мадақтайтын ай.  Досты жақсы көретіндігімізді көрсететін ең кішкентай белгі оны еске алу. Ғашықты ғашығы туралы еске алуынан тануға болады. Ғашығын еске алу – махаббаттың белгісі. Илаһи әулиелер мен әйгілі тұлғалар Алланы еске алуды мүміннің негіздеріннің бірі және илаһи ризалыққа жеткізетін себеп деп санаған. Өйткені зікір ауызбен қайталау емес, ғашықтың  ғашығының қасында болуын білдіреді. Бұл ғибадаттың бір түрі.  Имам Әли (ғ.с.): «Зікір Жаратушымен сырласу» деген болатын. Расында, әрқашан Алланы еске алатын адамды Жаратушы да еске алады. Бұл достықтың белгісі»,- деп айтқан. Өмірін жалғастыру үшін адам денесінің су мен тамақты қажет еткені сынды оның рухы да өзінің рухани өмірін жалғастыру үшін лайықты қоректі қажет етеді. Имам Әли (ғ.с.) Алланы еске алуды адами рухтың мықтылығының белгісі деп атаған.  Имам Зейнәлабедеин Жаратушымен сырласуында зікір мен Алланы еске алуды маңызды деп атап: «Уа, Алла! Жүрегімді      зікірмен таныстыр»,- деген болатын. Қасиетті рамазан айының дұғаларындағы Алланы еске алудың ерекшелігі ретінде оның тәттілігі айтылған. Алла елшісі өзінің күнделікті    дұғасында: «Уа, Алла, Өзіңді еске алудың тәттілігін маған сыйла»,- деп сұраған. Егер адам Аллаға құлшылық етудің тәттілігін сезбесе Алланы еске алудың мағнасын түсінбей, оның бұл дүние мен ақыреттегі әсерінен мақұрым қалады. Өмір сүрудің тәттілігі Дос пен Ғашықты еске алуға қатысты. Сол себепті Оның әрқашан жақын болуын түсінген адам ақиқатты да түсініп, пәк рухани өмірге жетеді. Алланың Өзі «Өмірдің тәттілігі Мені ұмытпай еске алуға байланысты» дейді. Қасиетті рамазан айы сондай өмірге жетуге мүмкіндік тудырады. Берекеге толы қасиетті рамазан айы! Сен өзіңнің таза ниетіңмен келіп, бізді күнәдән алыстатып, бір жылдық бағынбаушылығымызды кешіресің. Өзің келіп, бізді бейқамдықтан алыстатып, пәк кеңістікте тәубеге келуге көмектес. Бұл қасиетті айда Өзіңе жақындап, Бір Өзіңе үміт артамыз. Жалғыз қалғанымызда Өзің Қамқоршымыз болып, қателіктерімізді кешіріп, тәубемізді қабылдап, дұғаларымызды орындай гөр. Иә, Алла! Бізді күнәлардан сақтап, Бізді Өзіңнен алыстатпа. Сен өзің біздің жәннәтіміз, дүние және ақыретімізсің!