Маусым 29, 2016 11:43 Asia/Almaty
  • Қасиетті рамазан айының дұғалары 2

Рамазан айының екінші күнінің дұғасы:

 

Уа, Алла!

Бұл айда мені Өз ризалығыңа жақындатып, ашуыңнан алыстат. Сонымен бұл айда Құран аяттарын оқуға мүмкіншілік бере гөр, уа, Мейірімді және Рақымды!

Алламен қарым-қатынас орнатудың ең маңызды мәселесі Оған жақындау болып табылады. Біздің барлық ғамалдарымыз бен ғибадаттарымыз Аллаға жақындататын құралдар. Мұсылманның дінінің тірегі саналатын намаздағы ниет Аллаға жақындатады, Сондай-ақ, ораза мен басқа да ғибадаттар адамды осы мақсатқа жеткізеді. Алланың ризашылығына бөлену  бұл дүние мен ақыреттегі  ең жоғары бақыт. Бұл бақыт тек өз өмірінің бойында Жаратушының бұйрықтарынан ауытқымаған адамдардың несібесі болады. Олар илаһи сыйлар мен жазаларға риза болып, Алла да оларға риза болады. АллаТағала «Мәиде» сүресінің 119-шы аятында: «Алла олардан разы болады әрі олар да Алладан разы болады. Бұл ірі қол жеткендік»,- деп айтады. Алла Тағала өз пендесіне разы болған кезде ол пенденің илаһи ашу-ызадан аман қалатыны айқын. Имам Хусейн (ғ.с.) хадистерінің бірінде: «Халықтың ашуына себеп болуына қарамастан Алланың ризалығына  ие болғысы келген адамды Жаратушы халықтың істерінен шектейді. Алланы ашуландырып, халықтың ризалығына ие болған адамды Жаратушымыз халыққа тапсырады»,- деген. («Баһар әл-Анвар», 78-ші том). Дұғаның соңғы сөйлемінде Алладан Құран оқу үшін көмек сұралды. Құран – мұсылмандардың қасиетті кітабы. Бұл Жаратушының сөзі Жебірейіл арқылы Исламның ұлық пайғамбарының  жүрегіне жіберілген уәхи кітап. Бұл кітапты оқыған кезде Алла Тағала өзінің пендесімен сұхбаттасып, оған бақытқа жетудің жолын көрсетеді. Дәл осы мәселе оның адаспай, құтқарылуына себеп болады. Алла елшісі: «Сендердің әрқайсың Алламен сұхбаттасқысы келеді. Ондай болса Құран оқыңдар» деген. Сондай-ақ, хазірет хадистерінің бірінде: «Уа, перзентім! Құран оқудан бейқам қалма. Құран жүректерді оятып, бұзақылық, жалғандық және зорлық-зомбылықтан қорғайды»,- деген болатын. Сол себепті  бұл күндері Алладан рақымдылығы және мейірімділігімен бірге ғибадаттарды орындап, ораза тұтушыларға Құран оқуда көмектесу сұралады.