Маусым 29, 2016 11:55 Asia/Almaty
  • Қасиетті рамазан айының дұғалары 3

Рамазан айының үшінші күнінің дұғасы: 

 Уа, Алла!   Сен мені жеңіске жақындат. Маған қырағылық пен сергектікті нәсіп ет. Ақылсыздық пен күмәннан алыстат. Береке, игілік және жақсылығыңды бере гөр, уа, жомарттардың жомарты!    

Қырағы және сергек болу – адамның Алладан сұрайтын ырзығы. Қырағылық – білімді меңгерудің бастамасы. Имам Бақер (ғ.с.) қасиетті рамазан айының үшінші күнінің дұғасын айқындап: «Білім алып, жамандықты өзіңнен алыстат. Ақ ниетіңмен ғылымды жұмысыңа пайдаланып, ғамалды ықыласпен орындап, бейқамдықтан абай болып, Алладан қорқып, кемел де қырағы бол»,- деп айтқан болатын. Қасиетті рамазан айының үшінші күнінің дұғасының жалғасында Алладан ораза тұтушы  пендесін жаман әрі жалған ғамалдардан алыстатуды сұраймыз. Адам ақылсыздық пен күмәннан алыстап, Аллаға иман келтіріп, Оның бұйрықтарын орындауға кіріседі. Имам Садық (ғ.с.)-ның хадистерінің бірінде: «Иман мен күпіршіліктің арасында тек ақылдың аздығынан басқа ештеңе жоқ. Алла елшісі бұл қалай?» деп сұрағанда пайғамбардың: «Алланың пенделері  өзінің Жаратушысынан қажеттіліктерін сұрайды. Егер ниеттері таза болса, сұрағандарына жылдамырақ жетеді»,- деп жауап бергені айтылған. Яғни, Аллаға иман келтірген болса мұндай адам еш уақытта Алладан басқа ешкімнің алдында қолын жаймайды, пайдасыз, тыйым салынған іске бармайды. Қасиетті рамазан айы – Алланың рақымы жауатын ай. Илаһи рақым бүкіл жерге жауып, адамдардың тас жүректерін жібітеді. Бұл күні мейірімді Алладан осы айда жіберетін әр нәрсесінен ораза тұтушы пендесіне нәсіп етуін сұраймыз. Мейірімді әрі қайырымды адам ешқандай сыйды күтпестен жақсылық жасайтын адам. Алла Тағала. мейірімділердің Мейірімдісі. Ол еш нәрсе күтпей, әр адамға оған лайық несібесін сыйлайды.