Қасиетті рамазан айының дұғалары 4
Рамазан айының төртінші күнінің дұғасы:
Уа, Алла! Бұл айда маған Өзіңнің бұйрық, нұсқауларыңды орындауға шыдамдылық бер гөр. Бұл айда Өзіңді еске алудың ләззатын беріп, маған берген нығметтерің үшін шүкір айтуды үйрет. Мені күнә жасаудан сақтай гөр, уа, бақылаушылардың ең сұңғыласы!
Қасиетті рамазан айының төртінші күнінің дұғасы оразаның тек ішіп-жеуден тартыну ғана емес, бүкіл дене мүшелерімен ораза тұту екендігіне назар аударады. Әрбір іс-әрекетті орындау үшін илаһи күш қажет. Өйткені, егер Алла Тағаладан істі орындау үшін пендесін қолдап, оған көмектеспесе, ол іс жүзеге аспайды. Осыған орай бұл күні Алладан бізге істерімізді орындау үшін күш-қуат беруін сұраймыз. Дұғаның келесі сөйлемінде Алладан Оған шүкіршілік білдіруімізге көмектесуді өтінеміз. Шынайы шүкіршілік деген илаһи нығметтерді Оған құлшылық ету жолында пайдалану болып табылады. Нығметтерді Аллаға бағынбау және Оның бұйрықтарын орындамау жолында пайдалануға болмайды. Жаратушымыз пенделеріне көптеген нығмет сыйлады. Нығметтерге шүкіршілік ету олардың жалғасуына себеп болады. Шүкіршілік етудің өзі Алланың көмегімен ғана мүмкін болады. Егер Алланың көмегі болмаса, ешкім нығметтерге шүкіршілік ете алмайды. Сондықтан шүкіршілікті Алланың адамға сыйлаған еткен нығметтерінің бірі деп айтуға болады. Алла Тағала кемшіліктерді жасырушы. Яғни, егер адам өзі өзінің күнәсі мен қателігін басқаларға әшкере етпесе Ол қателік пен күнәдән туындаған адамардың кемшіліктерін жасырады. Осыған орай осы күні барлық нәрседен хабардар Алладан біздің әрекеттерімізді бақылап, күнә жасаудан қорғауды сұраймыз.