Қасиетті рамазан айының дұғалары 5
Рамазан айының бесінші күнінің дұғасы:
Уа, Алла!
Бұл айда мені Саған құлшылық етіп, тәубеге келушілердің қатарына қос. Бұл айда мені Өзіңе жақын құлдарың мен достарыңның арасына енгіз, уа, Рақымды және Мейірімді!
Бұл дұғада басынан бастап кешірім сұрау мен тәубеге келу туралы айтылған. Құран Кәрімнің «Бақаре» сүресінің 222-ші аятында Алла Тағаланың тәубеге келушілерді жақсы көретіндігі туралы айтылған. Тәубе мен кешірім сұрау шынайы жасалса, адамның рухының өзгеруіне, яғни адамның істеген жамандықтарына өкініп, жақсылық жасап, өткен жамандықтарының орнын жақсылықпен толтыруына себеп болады. Имам Әли (ғ.с.): «Кешірім сұрау алты негізгі сүйенеді: өткенге өкіну, бұрынғы күнәләрдан алыстап, оларды еш уақытта орындамау, басқа жаратылыстардың құқығын қайтару, әр нәрсенің хақын орындау, харам істер арқылы пайда болған еттен өкініштің қайғысы арқылы арылып, олардың арасына жаңа ет бітіру және күнәнің тәттілігін оған татырған сынды бағыну мен мойынсұнудың дерті мен қиыншылығын да денеге татырған кезде ғана кешір деп айтуға болады»,- деген. Дұғаның келесі сөйлемінде Алладан бізді жақсы пенделерінің қатарына қосуды өтінеміз. Адам илаһи уәжіптерді орындап, тыйым салынған нәрселерден алыстаған кезде ғана Алланың құлы саналады. Алла Тағала «Мәиде» сүресінің 88-ші аятында мүміндерден харам іс жасамауды талап етеді. Қасиетті рамазан айының бесінші күнінің дұғасында сонымен бірге Алладан бізді достарының қатарына қосуды сұраймыз. Оның жақын достары тозақтан қорыққандарынан немесе жәннәтқа жету үшін ғибадат жасамайды. Олар Алла Тағала ғибадат етуге лайықты болған соң Оған құлшылық етеді. Соңында Оның мейірімділердін Мейірімді екенін айтамыз.