Қасиетті рамазан айының дұғалары 7
Рамазан айының жетінші күнінің дұғасы:
Уа, Алла!
Осы күні маған ораза ұстап, ғибадат етуге көмектес. Менен қателік пен күнә және күмәндарды алыстат. Әр уақытта Сені еске алуға рұқсат етіп, табыс сыйла, уа, қателескендерді дұрыс жолға бағыттаушы.
Қасиетті рамазан айының жетінші күнінің дұғасында Алладан бұл айда ораза тұтуға және басқа да ғибадаттарымызды орындауға көмектесуді сұраймыз. Ғибадаттарымызды орындау деген намаз оқып, уәжіп және мұстахаб етілген ғамалдарды орындау. Ғибадатты орындаудың әртүрлі себептері бар. Имам Әли (ғ.с.): «Кейбіреулер қорыққандарынан Аллаға құлшылық етеді. Бұл құлдардың ғибадаты. Келесі топ жәннәтқа түсеміз деп ғибадат етеді. Бұл сый талап етушілердің ғибадаты. Басқалар өз қалауымен ғибадат етеді, бұл азат ғибадат»,- деп айтқан. («Наһдж ул-Балағе»,238-ші хикмет»). Дұғаның жалғасында Жаратушыдан бізді бұл айда күнәләр мен күмәндарден құтқаруды сұрадық. Күмәндерді шайтандық және нәпсілік адастыру деп айтуға болады. Олар адамды Аллаға құлшылық ету немесе шайтанға бағыну сынды жолайрыққа тірейді. Егер адамның нәпсісі шайтанға бағынса, ол күнә жасап, илаһи ашуға тап болады. Рамазанның жетінші күнінің дұғасында Алладан Өзін ұмытпай, Оны зікір арқылы еске алу үшін көмек сұраймыз. Зікір айту – ғибадаттың айқын үлгілерінің бірі. Зікір айтып Алланы және Оның нығметтерін еске алып, шүкіршілік етуге болады. Алланы еске алмау кәпірлердің ісі. Зікір жүрекке қатты әсер етеді. «Бақаре» сүресінің 152-ші аятынан «Мен сені ұмытпасын десең, сен мені ұмытпа»,- деп оқимыз. Адам Бір Алладан көмек сұрайды. Иманды адам келісімді қалайды. Кейбір уақытта ақиқатқа жету үшін көмек қажет болады. Аталмыш дұғаның соңғы сөйлемінде Аллаға қол жайып: «Уа, қателескендерді дұрыс жолға бағыттаушы» деп, жетінші күннің дұғасын орындауды сұраймыз.