Рамазан керуенімен 7
Қасиетті рамазан айы рақымдылық жаңбыры сынды өміріміздің кеңістігіне жауып, өмір сүретін мекендеріміз бен жандарымыз және жүректеріміздегі біздің өз қолымызбен жасаған ластықтар мен таттарды тазартады.
Сол себепті қасиетті рамазан айы илаһи рақымдылық айы деп аталады. Осыған орай мұсылмандар бұл айда илаһи рақымдылыққа көбірек бөленуге талпынады. Бұл кезеңде насихатталған ғамалдардың бірі тәубе ету болып табылады. Үлкен күнәға немесе кішкентай күнәға қатысты тәубе етудің айырмашылығы жоқ. Бұл ай жүректерді тазартуға берілген мұрсат. Өйткені таза жүректер илаһи рақымдылыққа көбірек бөленеді. Бұл айда жүректер ластықтан тазаратындықтан бұл ай тәубе ететін ай саналады. Рамазан айында әр адам Алладан надандықпен жасаған күнәләрынан тазартуды сұрайды. Қасиетті рамазан айының күндері мен түндері күнәларды кешіруді сұрау үшін берілген мұрсат. Кешірім сұраудың ең үлкен пайдасы адамды бейқамдықтан шығарады. Адам күнәсін кешіруді сұраған кезде күнәлары мен қателерін, өзі мен басқаларға жасаған зұлымдықтарын есіне алады. Сол кезде тәкаппарлық пен бейқамдық білдірмейтін болады. Мұндай жағдайда адам өзінің еш нәрсе емес екенін және илаһи нығметтерге шүкіршілік етпегенін түсінеді. Сол кезде Алланың алдында ұялып, өкінеді. Бұл кешірім сұраудың бірінші пайдасы. Адам қателіктері мен ісінің дұрыс болмағанын түсініп, Жаратушыдан кешіруді сұрайды. Өйткені Ол кемшіліктерді жасырып, оларды жояды. Алла Тағала сондай-ақ, кешірім сұрайтын және күнә жасағанына өкінетін адамның тәубасын қабылдауға уәде берген болатын. Қасиетті рамазан – айы илаһи рақымдылық пен білімнің есіктері ашылатын ай. Бұл айдың келуімен ораза тұтушылар ерекше көңіл күйге бөленеді. Алла Тағала бұл айда пенделерін дастарханына шақырып, олардан еш мейірімділігін аямайды. Исламның ұлық пайғамбары рамазан айының алдында өзінің шағбан айындағы құтпасында сөзін «Әй, халайық»,-деп бастап, бұл айда барлық адамдардың Алланың қонағы болуға шақырылатыны туралы айтқан болатын. Аяттар мен рауаяттарды зерттеудің нәтижесі қасиетті рамазан айының адамның өзін тәрбиеліп, үйін тазартатын ай екенін көрсетеді. Үйді тазартудың ең әдемі тәсілі Құран Кәрімде баяндалған тәсіл болып табылады. Яғни, жамандықты жақсылықпен, қателіктерді тәубамен алмастырып, бұрынғы күнәларды қайталамау болып табылады. «Мәиде» сүресінің 39-шы аятында: «Ал кім зұлымдықтан кейін тәубе қылса, түзелсе, сонда шәксіз Алла оның тәубесін қабыл етеді. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді»,- деп айтылған. Өзінің шексіз құдыретіне қарамастан пендесіне махаббатын білдіріп, алаңдайтын Алла қандай Мейірімді... Ол пендесінің Өзіне қарай қашан оралатынын күтеді. Қасиетті «Құдс» хадисінде Жаратушының: «Мүмін пендем күнә жасап, Менен ұялып, тәубе еткен кезде оның күнәсін кешірумен қатар жақсылыққа айналдырамын»,- деп айтылған. Адам кейбір жағдайларда, өмірінің әртүрлі кезеңдерінде қателер мен күмәндарға душар болады. Кейбір уақытта Алланың пендесі екенін ұмытып, ғибадаттары мен міндеттерін орындамайды. 960 Сондай-ақ кейбір уақытта уәжіп қаржыларын, соның ішінде хомс пен зекетін дұрыс төлемейді. Бұл күнәларға өкініп, тәубе ету үшін орындамаған ғибадаттарды орындап, төлемеген қаржыларды өтеу арқылы ғана мүмкін болады. Кейбір күнәлар халыққа зұлымдық көрсету болып табылады. Кейбір уақытта адамның қаржы құқығы мен жанына немесе абыройына назар аударылмайды. Мұндай жағдайда өкініш білдіріп, тәубе еткен соң, адамдардың құқықтарын қайтарып, олардың ризалығына ие болуға талпыну керек. Қорыта айтқанда, әр күнәнің тәубесі сол күнәға сай және оның орнын толтыратындай болуы керек. Аузын Алланың ризалығына бөленіп ашқан адам қандай бақытты... Фарид ад-Дин Аттардың «Әулиелер шежіресіндегегі» хикаялардың бірінде сопылардың бірінің қызметші сатып алған кезде одан: «Есімің кім?»- деп сұрағаны жазылған. «Кім деп шақырсаң, солай болады»,- деді. «Не киесің?»- дегенімде: «Сен не кигізсең соңы киемін»,- деді. «Не істей аласың?»- деп сұрағанымда: «Не істеуді бұйырсаң, соны орындаймын»,- деп жауап берді. «Не жейсің?»- дегенімде: «Сен не берсең, соны жеймін» деді. «Саған не қажет?»- деп сұрағанымда: «Құлда талап, тілек деген болушы ма еді?!»- деп таңғалды. Содан соң өзіме: «Әй, мұқтаж! Сен өмір бойы Алла үшін осындай пенде болдың ба»,- дедім.
Қасиеті рамазан айы мұсылмандардың бірге жиналатын және бір-біріне тілеулестіктер мен өздерінің бірліктерін көрсететін мұрсат. Бұл айда жүректер бір-біріне жақындап, ораза тұту мүміндерді бір-бірінің жағдайынан хабардар болуға себеп болады. Бұл кезде мешіттерде жиналып, жамағат намазына қатысатын адамдардың саны көбейеді. Адамдардың көбі бұл айда намаздарын жамағатпен және дер уақытында оқуға талпынып, рамазан айын жақсырақ пайдаланғылары келеді. Олар намаздарын орындап, жамағатпен ауыз ашу үшін мешіттерде жиналып, мұсылмандардың бірлігі мен күш-қуатын көрсетеді. Адамдар намаз саптарына тұрып, бір-біріне қосылған кезде рухани кеңістік пен Алланы еске алу қоғамды ерекше көңіл күйге бөлеп, жүректерді тыныштандырады. Иветт Валдачино – өз зерттеулерінің арқасында ақиқатқа нұсқайтын жолды тауып, жаңадан мұсылман болған 31 жастағы Австралия азаматшасы. Ол: «Мен Інжілді оқып өстім, бірақ оның бөлімдерінің көбінің Құдайдың сөздері емес екенін сездім. Біраз уақыт бойы әртүрлі жазбалар мен кітаптарды оқыдым. Кештердің бірінде бөлмемде отырып, қасиетті Құран кітабін ашқан кезде оның «Хамд» сүресіне көзім түсті. Оның ағылшын тіліне аударылған нұсқасын оқып, аяттардың адамның сөзі емес екенін сездім. Сөздердің мағынасы мен оның баяндалған тәсілі Алланың құдіретін сездірді. «Ықылас» сүресін оқып, өте айқын түрде Алланың Жалғыз екенін түсіндім. Сол кезде ойымдағы күмәндер кетті. Сол түнде ойламаған жағдайда таңға дейін Құран оқыдым. Келесі күні азанның дауысын естіген кезде ол менің жүрегіме сондай қонымды болып, мен сөздерін қайталадым. Біраз уақыттан кейін мұсылмандардың тобымен жамағат намазына қатыстым. Жамағат намазының имамы «Хамд» сүресін дауыстап оқыған кезде Алланың Бір екенін сезіп, болмысым ерекше көңіл күйге бөленіп, толқыдым. Басында намаздың сөздері мен қимылдарын білмесем де адамдардың бірге намаз оқығандары маған ерекше әсер етті. Ерекше көңілге күйге ие болып, намаздың сөздерін ағылшын әріптерімен қағазға жазып, оларды қайталадым. Жамағат намазына қатысуға тырыстым. Өйткені мен үшін жамағатпен намаз оқу ерекше көрінді»,- деді. Қасиетті рамазан айында азанның дауысын естіп, орнымыздан тұрып, дәрет алып, бізді өзіне қызықтыратын әр нәрседен алыстап, жамағат намазының саптарына қосылғанымыз қандай жақсы болады. Бұл кезеңде шайтанның адамның жүрегіне кіретін жолы қалмайды. Исламның ұлық пайғамбары: «Мүміндер бес мезгіл намаз оқыған кезде шайтан оларға араласа алмай, олардан қорқады. Ал егер мұсылмандар күнделікті намаздарын орындамаса, шайтан оларды адастырып, үлкен күнәға итермелейді»,- деген.