Маусым 29, 2016 12:59 Asia/Almaty
  • Рамазан керуенімен 8

Қасиетті рамазан айы – Құранның айы, Құранға жақындайтын ай; Құранның көктемі және Құранды танып, ол туралы ойланатын ай.

Рамазан айы адам ораза тұтып, ғибадаттарын орындап, дұға тілеп, Алланың сөзінің мағынасын түсінуге күш салатын ай. Шынайы ораза тұтушы адам ораза, ғибадаттары және дұғаларының  берекесінің нәтижесінде Құранға жақындап, өзінің тәсілдерін Құранның насихаттарымен нығайтады. Рамазан айының дұғаларында Құран және оған деген махаббатқа қатысты сөздер халықтың арасына жол нұсқайтын кітап ретінде жіберілді. Алла елшісі айтқан  рамазан айының күнделікті  дұғаларының екінші күнінің дұғасында: «Бұл айда Құран аяттарын оқуға мүмкіншілік бере гөр»,- деп айтылған. Бұл дұғада Құран оқып, ол туралы ойлануға назар аударылған. Мұндай нәтижеге Құран оқыға деген ынтықтық болмаса жету мүмкін емес. Құранға ынтық болу, яғни оның аяттарын оқып, солар туралы ойланып, олардың бұйрықтарына сай әрекет ету. Сол себепті  бұл айда Құран оқып, оның аяттары туралы ойланып, Құранның түсініктерін ойларымыз бен ғамалдарымызда пайдалануымыз қажет. Исламның ұлық пайғамбары мен хазірет әулетінің пәк имамдары және илаһи әулиелер ерекше махаббаттарын білдіріп, Құранның айқын және құпия берекесінен пайдаланған. Олар Құран аяттарын оқумен шектелмей, оның аяттары туралы ойланып, олардың мағынасына назар аударып, аяттарға сай ғамал еткен. Мәселен, Құраннан  «Әй, иман келтіргендер» деген сөйлемді көптеп кездестіруге болады. Имам Реза (ғ.с.) Құранды оқып, осы аятқа жетіп, оны оқыған кезде: «Уа, Алла, Өзіңнің бұйрықтарыңды орындаймын»,- деген. Имам Реза (ғ.с.) Құран оқуды қатты жақсы көріп, үш күнде бір рет Құранды толық оқып: «Егер Құранды үш күннен жылдамырақ оқығым келсе де оқи аламын, бірақ еш уақытта ешбір аятты мағынасы туралы ойланбастан оқымадым. Аяттың қандай мәселеге қатысты және қай уақытта жіберілгені туралы ойландым. Сондықтан Құранды толығымен үш күнде аяқтаймын»,- деген еді. Имам Бақер (ғ.с.): «Әр нәрсенің көктемі бар. Құранның көктемі – рамазан айы»,- деп айтқан болатын («Васаель шие», 4-ші том). Рамазан айы – жүректерде Құран бүршіктерінің ашылуының көрінісі. Ғашық өзінің Сүйіктісінің  көңіліне түсіп, оның жүрегінен орын тапқан кезде оның сөзін естуден ләззат алады. Құран жүрекке қонымды жолдауларға ие. Ол пәк болмысқа оралуға шақырады. Қасиетті рамазан айында адам Құранның берекеге толы дастарханының қонағы болады. Бұл айда Құран оқу ең жақсы ғибадат саналады. Құран оқудың маңыздылығы сондай, оған жететін ғибадат аз кездеседі. Өйткені Құран оқып,  ол туралы ойлану жақсы ғамалдардың қатарына жатады. Құранда Исламның ұлық пайғамбарына: «Түннің жарымын немесе одан да аздап кеміт. Не оған біраз қос. (Түннің жартысында не одан аз, я көп тұруда еріктісің.) Сондай-ақ Құранды өте анықтап оқы», («Мұзамел» сүресі, 2-4-ші аяттары) және барша мұсылмандарға: «Ендеше Құраннан оңай келгенін оқыңдар.»,- деп айтылған. («Музаммел» сүресі, 20-шы аят). Қасиетті рамазан айы Құран оқып, оның материалдық және рухани берекесінен пайдалану үшін ең жақсы уақыт. Құран оқу мүміннің жүрегіндегі татты тазартады. Исламның ұлық пайғамбары: «Жүректерді темір сынды тат басады. Оны Құран оқу арқылы тазартуға болады»,- деп айтқан болатын. Құран оқу сондай-ақ, үй мен өмір сүретін мекеннің нұрлануына себеп болып, адамның ырзығының көбеюіне әсер етеді. Алланың елшісі: «Үйлеріңді Құран оқып нұрландырыңдар. Үйлерде Құран оқу көбейген сайын жақсылық пен береке де көбейе түсіп, оның тұрғындары илаһи нығметтерге бөленеді. («Усуль Кафи», 2-ші том). Сонымен қатар Құранның әр сүресі мен аяттары дүниелік мәселелер мен науқастардың дерттерін және уайым-қайғыны шешетіндей ерекше әсер етеді. Рауаяттардың бірінде науқас адам үшін «Хамд» сүресін 70 рет оқыса  оның дертін азайтады деп айтылған. Әйгілі тұлғалардың бірі: «Егер бір себет қызыл алманы иығына көтеріп, көшелер мен базарларды араласаң, бойыңа күш бітпейді, керісінше әлсіреп қаласың. Бірақ егер сол алмалардың біреуін алып жесең, саған күш береді. Құран Кәрім қызыл алмаға толы себет сынды. Егер оның аяттары біздің жанымызға қонып, өмірімізде пайдаланылатын болса адамға күш, білім мен хабардарлық сыйлайды. Қасиетті рамазан айы Құранның көктемі. Бұл айда Құранның рухани және материалдық берекелерінен пайдалану үшін мұрсат туатындықтан бұл айда Құран оқу қуатталған. Білімді тұлғалардың кейбіреулері бұл айда Құранды бірнеше рет оқып, оның сауаптарын пәк имамдарға бағыштайды. Имам Хомейни Құранды ерекше жақсы көретін. Ол тәулік бойы, әсіресе түнгі намаз кезінде және кез келген мұрсатты пайдаланып Құран оқитын. Ол Францияда қуғында жүрген кезде сұхбат алу үшін журналистер келіп, камераларын дайындау үшін 10-15 минут айналғанда имам сол кезді де пайдаланып, Құран оқитын. Кейбіреулер: «Сұхбатқа дайындалыңыз (яғни Құран оқымаңыз)»,- дегенде имам: «Бұл уақытымды босқа өткізейін бе?!»- деп жауап беретін. Сонымен бірге жыл сайын рамазан айынан бұрын имам өзінің көңілінен шыққан адамдар үшін бірнеше рет Құран оқуды бұйыратын. Ол өзі күнделікті, тіпті науқастанған күндері де екі намаздың ортасында Құран оқитын. Рамазан айында Құран оқитын мұрсатты көбейту үшін кездесулерін өткізбейтін. Хазірет үш күн сайын Құранды басынан аяғына дейін оқитын. Имамның Наджаф қаласындағы қызметшісі Ибрахим Ходем Наджафи: «Мен көбінесе  хазірет Әли (ғ.с.)-ның кесенесінде Құран оқитым еді. Имам Хомейни менің Құран оқып отырғанымды талай рет көрген еді. Бір күні бір адамды жіберіп, менен қасына келуімді өтінді. Бірақ мен назар аудармадым. Имамның адамы қайтадан қасыма келіп: «Имамның сізде жұмысы бар»,- деді. Мен: «Не іс екенін айтсаңдаршы»,- дедім. Ол: «Мен білмеймін»,- деп жауап берді. Ол маған ренжіген болар деген ойымды айттым. «Жоқ, ол тек сізді қасына ертіп келуді сұрады»,- деді. Мен имамның қасына барғанымда имам менің есімімді сұрады. «Ибрахим Ходем Наджафи», - деп жауап бердім. Имам: «Бұл үйде маған көмектескің келеді ме?»- деп сұрады. «Аға, мен сізге қандай көмек көрсете адамын?»,- дедім. «Жұмыстармен бірте-бірте танысасың. Бұл жерде саған ауыр болмайды. Мен сені ұнаттым. Жұмысты қалай орындауың маңызды емес, өйткені сені мүмін адамсың. Мен намазханаға келген сайын сенің Құран оқып отырғаныңды көрдім»,- деді.