Маусым 29, 2016 13:02 Asia/Almaty
  • Қасиетті рамазан айының дұғалары 9

Рамазан айының тоғызыншы күнінің дұғасы:

Уа, Алла!

Осы күні маған Өзіңнің кең рақымыңды нәсіп ете гөр! Мені Өзіңнің жарық та жарқын дәлел-дәйектеріңе нұсқа. Маңдайымды Өзіңнің жан-жақты ризашылығың мен достығың және мейірімің жаққа бағытта, уа, армандаушылардың Арманы!

Бүгінгі дұғада Алладан бұл айда Өзінің кең рақымдылығынан бізге нәсіп ете гөр деп сұраймыз. Алла Тағала өзінің барлық  жаратылыстарын шексіз рақымдылығына бөлеген. Алла Тағала бұл жаратылыстарға өмір сүру нығметін, олардың барлығына физикалық және психикалық саулық сыйлады. Иә, Алла! Бізге шексіз рақымдылығыңнан бере гөр! Рақымдылыққа  материалдық, рухани және өлімнен кейінгі өмір мәселері де кіреді. Дұғаның жалғасында адаспау үшін айқын жолға нұсқау туралы сұрдық. Исламның Ұлық пайғамбары өз үмбетін дұрыс жолдан ауытқудан құтқару үшін баршаға танымал «Сақалайын» хадисінде: «Мен сендердің араларыңда екі нәрсені аманатқа қалдырамын: менің Кітабім мен менің әулетім. Ол екеуі Кәусардың қасында өзіме қосылғанша бір-бірінен ажырамайды. Әрқашан сол екеуіне сүйенсеңдер, еш уақытта адаспайсындар»,- деген. Осыған орай осы күні  Алладан бізді Құран мен әулетінің жақтасы болуға және тура жолға түсуге көмектесуді сұраймыз. Қасиетті рамазан айының тоғызыншы күнінің дұғасының соңында Алладан біздің маңдайымызды Өзінің ризалығына ие болатын жолға нұсқауды сұраймыз.  Маңдай – сәжденің орыны. Сәжде жасаған кезде өзіміздің Аллаға бағынғанымызды білдіреміз. Бұл дұғада маңдаймызды шайтанға бағынатын мекен емес, А..ның Өзіне бағынатын мекенге айналдырды өтінеміз. Нәтижесінде Оның достарының қатарына қосылымыз. Бұл баршаның арманы. Барлық дұғаларымызды қабыл ете гөр!