Маусым 29, 2016 13:09 Asia/Almaty
  • Қасиетті рамазан айының дұғалары 10

Рамазан айының оныншы күнінің дұғасы:

Уа, Алла!

Осы күні мені Өзіңнің дәргаһыңа тәуекел ететіндер мен бақыттылардың, Өзіңнің жақсылығыңа жақындардың қатарына қос, уа, мақсатқа жетуге талпынушылардың соңғы үміті!

Бұл күннің дұғасында Алла Тағаладан  береке мен жақсылыққа  толы айда Оған тәуекел ететін адамдардың қатарына қосуды сұраймыз. Тәуекел, яғни адамның бардық істердің Алланың қолында екендігіне сенім арту. Егер адам Жаратушыдан басқа ешкімге үміт артпау, Жаратушыдан басқа ешкімнен қорықпау және Одан басқа ешкімнен көмек күтпеу керек деген дәрежеге жетсе, бұл Аллаға тәуекел етудің өзі. Әрине тәуекелдің мағынасын дұрыс түсінбей, тәуекел қолда бар құралдар мен жолдарға назар аудармай, қол қусырып, шетке шығып, оқшауланып отыру деген сөз емес. Құралдарды, сонымен бірге табиғи мүмкіндіктер мен табиғат әлемін пайдалану Аллаға тәуекел етумен  бір. Исламның ұлық пайғамбары түйесін тұсамай, бос жіберген және бұл ісін Аллаға тәуекел етудің белгісі деп санаған адамға: «Түйені тұса, содан соң Аллаға тәуекел ет»,- деген. Дұғаның келесі бөлімінде Алладан бізді шыншылдардың, яғни бұзақылардың емес, бақытты болатындардың қатарына қосуды сұраймыз.  Бақытты деп Алла Тағала оны өзінің рақымдылығына бөлеп, азаптардан алыстатқан және қиямет күні жәннәтқа жол ашатын адам туралы айта аламыз. Қасиетті рамазан айының оныншы күнінің дұғасының жалғасында Алладан Өзіне жақындауға  көмек сұраймыз. Аллаға жақындар –  Жаратушыға иман келтіріп, құлшылық етіп, тек жақсылық жасап, уәжіптерін орындап, алға қадам басатындар. Олар Аллаға қатты ғашық болып, ешкімді көрмейді.  Дұғаның соңында  дұға жасаушылар бізді тәуекел етушілер мен шыншылдардың және Өзіне жақындардың қатарына қоса гөр деп сұрайды.