Маусым 29, 2016 13:19 Asia/Almaty
  • Қасиетті рамазан айының дұғалары 12

Рамазан айының он екінші күнінің дұғасы:

Уа, Алла!

Осы күні маған қарапайымдылық пен тақуалық бере гөр және барға қанағат еткіз.  Маған әділдік пен адалдық беріп, күнә саналатын әр нәрседен сақтай гөр, уа тақуаларды күнәлардан сақтаушы!

Қасиетті рамазан айының он екінші күні Алладан бізге үлкен күнә саналатын басқалардың кемшіліктері мен жамандықтарын айтудан алыстатып, Өзінің ашу-ызасынан  құтқаруды сұраймыз. Алла Тағала кемшіліктер мен жамандықтарды жасырушы. Адам да басқалардың құпия-сырын әшкерелемеуі керек. Дұғаның екінші бөлімінде бізге қанағатшылықты нәсіп етуді сұраймыз. Қанағат деген адамның қажетті азғана нәрсені місе тұтуы. Басқаша айтқанда, қанағатшылық деген адамның  Алланың берген ырзығына қанағат білдіруі, яғни, аз болса да қолындағысына риза болып, басқаларға көзін тікпей, өз қажеттілігінен артық талап етпеуі. Дәл осы мәселе адамның абыройы мен беделіне себеп болады. Бірақ басқалардың қолындағысына көзін тіккен адам өзін төмендетіп, басқалар оған  жек көрінішпен қарайтын болады. Имам Әли (ғ.с.): «Абырой-бедел қанағаттың арқасында келеді»,- деген болатын. Дұғаның жалғасында Алладан бізді Өзінің әділетіне бөлеуді өтінеміз. Әділеттің лексикалық мағынасы әр нәрсенің өз орнында болуы дегенді білдіреді. Әділ болу, яғни өз мүддесінен гөрі басқалардың мүддесін алға қою. Имам Садық (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде: «Мүмін бауырымызға қатысты ең аз құқығымыз өзіміз қалайтын нәрсені ол үшін де тілеуіміз болып табылады. («Бихар әл-Анвар»,- 1-ші том). Адам өмірінің бойында оның қорқынышы мен алаңдауына себеп болатын оқиғалармен бетпе-бет келеді. Сол себепті әрқашан тыныштыққа жетіп, қорқыныштан алыстайтын жолды іздейді. Осыған  орай  дұғаның соңында Алладан бізді қорқынышымызға себеп болатын әр нәрседен қорғауды сұраймыз.