Рамазан керуенімен 12
Исламдық мәселелер саласы мамандарының пікірі бойынша, Құранның барлық бұйрықтары мен илаһи заңдар мүдделер немесе бұзақылықтарға сай жіберілетіндіктен олардың әрбіреуінің философиясы мен хикметі бар.
Жаратушымыз пенделерін соларды орындауға міндеттеді. Дәрігерлер ораза адамның денсаулығы мен рухына таңғалдырарлықтай әсер етеді деп санайды. Америкалық дәрігер доктор Карло бұл туралы: «Ислам дінінің уәжіп еткен оразасы адамның денсаулығына кепілдік береді»,- деп айтқан. Ирандық дәрігер доктор Пакнежад: «Бір ай ораза тұтып, адам жаңа, «жөнделген», азат денеге ие болып, бойын шырмаған ластықтардан құтқарылады»,-деді. Келесі бір дәрігер бұл салада: «Аз жеудің немесе ішіп-жеуден тартынудың үлкен пайдасы бар. Асқазан 11 ай бойы асқа толы болады. Ораза айында ораза тұтушы солардың барлығын шығарады. Ораза – жылдың белгілі бір уақытында аз жеп, аз ішу болып табылады. Бұл емделу және денсаулық сақтаудың ең жақсы жолы. Әсіресе ас қорытатын жүйе, бауыр аурулары дәрі-дәрмекпен емделмейді. Олар үшін ораза тұту пайдалы. Айтылған барлық пікірлерді Алла елшісінің қысқа екі сөйлеммен қорытындауға болады. Хазірет: «Асқазан – аурулардың орталығы. Ішіп, жеуден тартыну дәрмен үшін ең жақсы мүмкіндік»,- деген болатын. Ораза адамның денесіне ғана әсер етпейді. Ол адамның рухына да әсер етеді. Психологтардың зерттеулері ораза тұтудын науқастардың, әсіресе күйзеліс сынды ауруларды емдеуге әсерін тигізетінін көрсетеді. Сонымен бірге ұмытшақтық сынды аурулардың қатерін азайтады. Оразаның пайдасының бірі оның рухани берекесін пайдалану болып табылады. Имам Әли (ғ.с.): «Үш нәрсе адамның еске сақтау қабілетін нығайтады: мисуақ пайдалану, ораза тұту және Құран оқу»,- деп айтқан. («Бихар әл- Анвар», 59-шы том). Әрбір ғибадат, әсіресе ораза адамның рухани байлығы мен иманын нығайтуымен бірге оның жігері мен сенім артуын көтеруге, нәтижесінде тыныштық пен психикалық саулықтың орнатылуына және адамның ішкі алаңдаушылықтарының азаюына әсерін тигізеді. Зерттеулердің нәтижелері бойынша діндар адамдар, яғни Аллаға иман келтіргендер өмірлерінде психикалық қысымдар мен алаңдаушылық және абыржумен азырақ бетпе-бет келеді. Шын мәнінде діндар адам өмір мен өлімге терең оймен қарап, өмірде кездесетін қиындықтарға төзімдірек болады. Аллаға тәуекел етіп, әділетке сенім арту, жаратылған жүйенің мақсатты болуы сынды діни түсініктер мен тағылымдар діндар адам жолайрыққа тіреліп, шешім қабылдайтын кезде оны күйзелістер мен алаңдаушылықтардан алыстатады. Оразаның көптеген әсері бар. Жігерді нығайту – ораза тұтудың бірінші әсері. Ораза тұтушы адам ішіп, жеуден тартынып, аштық пен шөлді сезіп, сонымен бірге басқа да ләззаттарға назар аудармай өз нәпсісін бақылауға алады. Бұл жаттығу адамның жігері мен шешім қабылдау қабілетін күшейтіп, адамды үкімет пен үстемшілдік ету сезімінен босатады. Исламның әйгілі тұлғалары: «Ең жақсы адамдар өз нәпсісімен күресетіндер, ал ең күштілер аталмыш күресте жеңіп шыққандар»,- деген. Ораза, әсіресе рамазан айының бір айлық оразасы шаһуат пен шайтандық іс-әрекет билігінің өз орынын тақуа және илаһи бұйрықтарды орындайтын билікке беріп, адамның жанындағы қараңғылық пен шаһуаттары нұр мен ішкі жарыққа айналады. Ораза тұтушы хабардар түрде тек ауызы мен қарынын ғана ішіп, жеуден тежеп қоймайды, сонымен қатар аяғы, көзі, құлағы мен тілін Алла тыйым салған нәрседен алыстатып, оразаның нәтижесіндегі пәктікке ие болып, тақуалыққа жетіп, тіпті күнә туралы ойларды өзінен алыстатады. Имам Әли (ғ.с.) дәл осы мәселеге тоқталып: «Шын жүректен тұтылған ораза күнә ойлардан алыстатып, ішіп, жеуден тартынатын қарынның оразасынан артық. Бірақ бұл ішіп-жеуге рұқсат бермейді, тек мұнымен ғана шектелмей, оразаның рухани нәтижесіне жетуге талпынады. Хазірет Иса бен Мәриәм де бұл туралы: «Қарындарыңды бос ұстаңдар. Сол кезде Жаратушыларыңды жүректеріңмен көресіңдер»,- деген болатын. («Сафинат уль-Неджат», 1-ші том). Сабыр сақтау – ораза тұтудың келесі әсері. Адам әрқашан жеке және қоғамдық өмірінде қиындықтармен бетпе-бет келеді. Сабыр болмаса қиындықтарды жеңіп, мақсаттарға жету оңай болмайды. Сабыр мен табандылық адамның тұрақты күштерін көбейтіп, жігерімізді нығайтады. Расында ораза адамның ішіндегі сабырды дамытады. Исламның ұлық пайғамбары: «Ораза – сабырдың жартысы»,- деген. Сондықтан ораза тұтып, өздеріңді сабырлық пен төзімділікке үйретіңдер. Ораза тұту, әсіресе шөлге шыдауды қиындататын жаздың ұзақ әрі ыстық күндеріндегі ораза адамға сабырлық пен табандылық сылап, қиындықтарға төзуді жеңілдетеді. Құран Кәрім оразаның бұл әсеріне назар аударып: «Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер»,- дейді. («Бақаре» сүресі, 45-ші аят). Имам Садық (ғ.с.) бұл қасиетті аяттың тәпсірінде: «Бұл аяттағы сабыр – ораза. Қиындықтармен кезіккен әр адам ораза ұстасын. Өйткені Алла көмекті «ораза мен намаздан алыңдар» деп айтқан. Исламның ұлық пайғамбары да бұл айды «сабырлық айы» деп атап: «Рамазан – сабыр айы. Сабырдың нәтижесі – жәннәт»,- деген. («Бихар ал-Анвар», 96-шы том). Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.): «Рамазан айында иманына байланысты және Алладан сый аламын деген үмітпен ораза тұтатын адамның өткен кезеңдегі барлық күнәләрі кешіріледі»,- деп айтқан болатын. Қасиетті рамазан айында мұсылмандар Алланың рақымына үміт артып, күнәләрі үшін тәубеге келеді. Алланың рақымдылығынан үмітті болу мұсылмандар үшін жақсы әрі құтқаратын қасиет. Яғни, мүмін тек өзінің ғамалына ғана сүйенбей, оны тозақ отынан тек Алланың жігері ғана құтқара алады деп санап, ғамалдың үлкен болуының оның құтқарушысы бола алмайтынын біледі. Алланың рақымдылығынан үміттену маңызды болғандай Жаратушының рақымдылығынан үмітсіз қалу үлкен күнә болып саналып, айыпталады. Адам күнә мен бүлікке батқан болса да Алланың рақымдылығынан үмітсіз қалып, өзін тозаққа түседі деп ойламауы керек. Өйткені мұндай ой адамның күнәға одан сайын батуына себеп болуы мүмкін. Алайда Алланың рақымдылығынан үміті бар күнәһар өзін Алланың рақымдылығына жеткізуге талпынады.
Ертеде қаланың сыртында 600 жыл ғибадат еткен сопы өмір сүріпті. Ол күн сайын ораза тұтып, әр түнді ғибадатпен өткізген. Оның үйі бұлақтың басында орналасып, ол бұлақтың суын ішіп, сол жерде өсіп түрған анар ағашының жемісімен тамақтанды. Алладан ажал періштесі келіп, сопының жанын алып, Төрешінің алдына жетуді сұрады. Жебірейіл бұл оқиғаны Исламның ұлық пайғамбарына айтып бегенде хазірет өзінің ерекшелігімен қиямет орнап, сопының сұрақ-жауапқа түскенін көреді. Алла Тағала сопыға: «Менің рақымдылғыммен жәннәтқа бар»,- деді. Сопы ғибадатына байланысты тәкаппарлық білдіріп: «Менің 600 жылғы ғибадатым не болады? Неліктен мен жәннәтқа Сенің рақымдылығыңмен кіремін?»- деп сұрайды. Жаратушы сопының ғамалдарын қайтадан қарастыруды бұйырады. Алланың әділдігімен сопының ғамалдарына есеп жүргізіліп, соңында оған: «600 жыл орындаған ғибадаттарың мен білдірген шүкірліктерің жемісін жеген анар ағашының бір анарына да татымайды. Басқа пайдаланған нығметтеріңнің шүкірлігі қайда?»- деп айтылады. Сопы ұялып, басын төмен түсіріп, басқа нығметтерге шүкіршілік етпегені үшін оның орны барзақта екенін түсінді. Сол кезде Алладан өзінің әділеті емес, рақымдылығымен шешім қабылдауын сұрайды. Алла Тағала оған рақымын білдіріп, оны жәннәтқа кіргізді.