Қасиетті рамазан айының дұғалары 13
Рамазан айының он үшінші күнінің дұғасы:
Уа, Алла!
Бұл күні мені ластық пен кесапаттардан тазарт. Маңдайыма жазылғанға шыдамды ет. Бұл күні маған сабырлық пен тақуалық сыйлап, ізгілермен кездесуге жәрдемдес, уа мұқтаждардың жанарларын нұрландырушы!
Қасиетті рамазан айының он үшінші күнінде Алладан бізді күнәлардың ластығынан тазартуды сұраймыз. Адам күнә жасаған кезде күнәсі оның ішкі және сыртқы болмысына теріс әсер етеді. Рауаяттарда күнә жасаған сайын адамның жүрегіне қара дақтың түсетіндігі туралы айтылған. Күнәләр қайталанған сайын қара дақтар үлкейіп, адамның бүкіл жүрегін басады. Жүрегін қара дақ толығымен басқан адам илаһи ақиқатты түсіну мүмкіндігінен айрылады. Сондықтан өзінің материалдық мүддесі қатерге тірелген кезде хаққа қарсы шығады. Сабыр сақтау – қиындықтарға төзімділік білдірудің бір түрі және адамды жағымсыз нәрселердің алдында күшейтетін қарсылық. Өмірдегі әрбір ауыртпалық адамның психикасына әсер етеді. Алайда Аллаға иман келтірген және Оның қайырымдылығына сенім артқан адамдар қиындықтарға төзімділік білдіріп, илаһи тағдырға наразылық білдірмей, қиындықтарды кемелдікке жету жолындағы баспалдақтар деп санайды. Алла Тағала «Бақаре» сүресінің 155-ші аятында: «Әрине сендерді қayiп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз. (Мұхаммад с.ғ.с. сондай жағдайларда) Сабыр етушілерді қуандыр!»- деп айтады. Илаһи тағдырға риза болып, қиындықтарға сабыр сақтағандар ғана табысқа жететіндер. Сол себепті бұл күні Алладан бізді сабыр сақтайтын адамдардың қатарына қосуды сұраймыз. Илаһи тақуалыққа жеткізу осы қасиетті күні біздің Аллладан сұрайтын келесі қалауымыз. Тақуалық – илаһи міндеттерді орындау және Алланың тыйым салғандарынан (харам еткен) алыстау. Тақуалық адамды дүние мен ақыреттің жоғары деңгейіне жеткізеді. Тақуа адамдар еш уақытта жамандық жасайтындармен кеңеспейді. Сол себепті бұл күні Алладан бізді жақындарының қатарына қосуды өтінеміз.