Қасиетті рамазан айының дұғалары 14
Рамазан айының он төртінші күнінің дұғасы:
Уа, Алла!
Бұл күні мені қателіктерім үшін жазғырма. Бұл күні мені қателіктерден сақтап, менің басыма бақытсыздық пен қиыншылық тудырма, уа, мұсылмандарға абырой сыйлаушы!
Қасиетті рамазан айының он төртінші күні Алладан бізді қателіктеріміз үшін жазғырмауды сұраймыз. Алла Тағала Өзінің рақымдылық айы саналатын қасиетті рамазан айында ең кішкентай сылтаумен адамның күнәләрін кешіреді. Пендесі өзінің қателіктері мен күнәләрі үшін Мейірімді Алланың алдында өкінішін білдіріп, кешірім сұрайды. Жаратушымыз пенделерін мейірімділігі мен рақымдылығына бөлеп, оның күнәлары мен қателерін жылдам кешіреді. Сол себепті бұл күні әлемнің Жаратушысынан күнәларымызды кешіруді сұраймыз. Қасиетті рамазан айының он төртінші күнінің дұғасының жалғасында Алладан біздің басымызға бақытсыздық пен қиыншылық тудырмауды өтінеміз. Бақытсыздық – сынақ, дүние – илаһи сынақтың мекені. Қателіктер мен күнәлар адамды бақытсыздыққа душар етеді. Бақытсыздық пен қиындықтардың себепкері көбінде адамның өзі. Имам Садық (ғ.с.): «Адам күнә жасамаса ешбір ауру мен ешқандай қиындық тумайды. Алла Тағала «Ниса» сүресінің 79-шы аятында: «...бір жамандық келсе, өзіңнен»,- деп айтқан. Осыған орай бүгінгі дұғада Жаратушыдан бізді қателіктер мен күнәләрдан алыстатуды сұраймыз. Дұғаның соңғы бөлімінде Алладан мұсылмандарға абырой сыйлауды сұраймыз.