Маусым 29, 2016 13:31 Asia/Almaty
  • Рамазан керуенімен 14

Бүгінгі қоғамның ең үлкен мәселесі адамдардың рухани осалдығы. Бұл рухани осалдық көптеген қиындықтарға себеп болады.

Қасиетті рамазан айы адамның рухын тәрбиелеп, оның болмысында руханиятты жаңғыртады. Мүмін адам бұл айда өзі мен Жаратушының арасындағы қарым-қатынасын нығайтады. Рухани байлық адамның менмендігін азайтып, басқалар туралы ойлап, олармен достық қарым-қатынас орнатуға себеп болады. Теһрандағы Ғұлама Табатабаи атындағы университеттің  ұстазы, психология ғылымдарының докторы Фатуват оразаны адамның өзін тануына себеп болатын ең маңызды фактор деп санайды. Ол: «Бір ай тұтқан ораза адамды осы кезге дейін көңіл бөлмеген ақиқатқа назар аудартады. Басқаша айтқанда, рамазан айы адамның болмысындағы материалдық тұрғыдан басқа тұрғыларды ашып, физикалық қажеттіліктерден басқа қажеттіліктерге назар аудартады. Осылайша, материалдық мәселелерден оңайырақ алыстауға болады. Материалдық қажеттіліктері басты мәселе саналмайтын адамдар үшін жомарттық пен қайырымдылық түсініктірек болады»,- деген пікір білдірді. Ислам дінінің ең маңызды мақсаттарының бірі адамды ахлақтық тұрғыдан тәрбиелеу және оның сыртқы мінезін құндылықтар және қоғамдық заңдарға сәйкестендіру. Бұл салада ораза діннің негіздерінің бірі ретінде адамның тәрбиесі мен қоғамдағы адамдардың бірлігіне үлкен әсер етеді. Қоғамтанушылар оразаны қоғамдық бірлік пен ынтымақтастықтың факторы деп санайды. Өйткені бұл бір жақтан қоғамның адамдары арасындағы тлеулестікке,  басқа жақтан қоғамдық ынтымақтастықтың өрістеуіне себеп болады. Қасиетті рамазан айында халықтың діни наным-сенімдері күшейген сайын олардың арсында тыныштық пен психикалық қауіпсіздік те өрістейді. Өйткені олар Алланы өздерінің қолдаушысы санап, күнделікті өмірдегі істерде тек бір Алладан көмек сұрайды. Қоғамтанушылар мен психологтардың пікірі бойынша рамазан айы қоғамдық саулық пен адалдықты көбейтуге жағдай тудырып, нәтижесінде қоғамның дамуы мен жанұя мүшелері және басқа да қоғамдық органдардың арасындағы сенімділіктің нығаюына, ал зияндардың азаюына жеткізеді. Ораза адамның адамгершілігін ұлғайтып, адамдардың адал әрі мүмін болуларына себеп болады. Бұл ғамалдың нәтижесінде адамдардың бір-бірінен алыстауы да азайады. Бір-бірінен кешірім сұрау, жақындармен қарым-қатынас орнатып, олармен кездесулерді жаңғырту және қайшылықтардың төмендеуі ораза тұтудың берекесіне жатады. Сонымен бірге ауызашар дастархандарын жаю қоғамдағы мұқтаждарға қамқорлық жасаудың бір түрі болып, кедейлердің қиындықтарынан хабардар болуға және экономикалық қиындықтардың алдында өзін жалғыз сезінбеуіне себеп болады. Қасиетті рамазан айы – Құран түскен ай, береке, рақым және кешірім айы. Алланың елшісі шағбан айындағы құтпасында бұл айдың күндерін ең жақсы күндер, түндерін ең жақсы түндер және сағаттарын ең жақсы сағаттар деп атады. Сол себепті рамазан айы адамдарды бір жыл бойы назар аудармаған жақсылықтарды жасауға жігерленідіреді. Мүмін және уақытты қадірлейтін адам Алланың рақымы жауып тұрған бұл айда өткен кезеңде орындамаған істерін орындап, олардың орынын толтыруға талпынады. Қасиетті рамазан айының әдептерінің бірі жетімдерге назар аударып, оларға көмектесу болып табылады. Исламның ұлық пайғамбарының шағбан айында айтқан құтпаларындағы насихаттарының бірінде: «Халайық, басқалардың жетімдеріне мейірімді болыңдар, сонда сендердің жетімдеріңе де көңіл бөлінеді»,- деген болатын. «Жетім» деп ата-ананың нығметінен мақұрым қалып, оның қолдаушысы мен панасы тек бір Алла болған адамға айтылады. Алла Тағала  мұндай адамдардың құқықтарын құрметтеуді қуаттайды. «ад-Духа» сүресінің 6-шы аятында пайғамбарға: «Алла Тағала сені жетім түрде тауып, орналастырмады ма?»- деп айтылған. Жаратушымыз бұл аятта бала кезінде ата-анасынан айрылып, Алладан басқа пана тұтары болмаған пайғамбарға Оның жетімдерді ұмытпауы керектігін еске салады. Аталмыш сүренің 9-шы аятында: «Ендеше жетімді қорлама»,- деп айтылды. Еш уақытта илаһи бұйрықтардан бас тартпаған  және Алланың нығметтерін ұмытпаған пайғамбардың тек өзіне тән ахлақтық ерекшеліктерін жақсы танып, Алла пайғамбарға басқа мұсылмандар оны үлгі ету үшін ескертулер жасады. Өйткені, Алланың елшісі жақсылық жасаушылардың үлгісі. «Ақзаб» сүресінің 21-ші аятында «Алла елшісі сендер үшін мейірімді, әр қияметте үмітсіз қалмайды»,- деген болатын. Исламдық рауаяттарда жетімдерді құрметту көп қуатталған. Имам Әли (ғ.с.): «Өзінің мейірімділігімен жетімнің басын сипайтын әрбір ер адам мен әйелге Алла сауабын жазады»,- деген болатын.

Рауаяттардың бірінде былай деп айтылған: Күндердің бірінде пайғамбар Мәдиненің көшелерінде бірнеше баланың бір баланы қоршап алып, оны әкесінің жоқтығына байланысты айыптап: «Сенің әкең жоқ. Анаң пәлен адам. Ол анандай, ол мынандай»,- деп жатқан бірнеше баланы көреді. Бір кезде жетім бала жылай бастайды. Пайғамбар оған жақындап: «Неге жылап тұрсың?»-деп сұрадйы. Бала: «Мен Ухуд соғысында қаза болған пәлен адамның баласымын. Анам тұрмыс құрып кетті. Мен өзімді жалғыз сезінемін»,- дегенде мейірімді пайғамбар қатты күйзеліп, баланы құшақтап: «Осы кезден бастап мені әкең, әйелімді анаң, қызым Фатиманы қарындасым деп сана»,- дейді. Бала қуанып: «Әй, балалар! Менің әкем мен анам және апам ең жақсы адамдар»,- дейді. Алланың мейірімділігімен пенделеріне жіберген илаһи нығметтерінің қатарына қасиетті рамазан айы да жатады. Бұл айдың әр сәті, түндері мен күндері және сағаттары жылдың басқа айларының сағаттары мен күндерінен және түндерінен артық. Сондай-ақ, бұл айда Алланың барлық пенделері үшін илаһи рақымдылықтың есіктері ашық болады. Бұл айда Жаратушымыз пенделеріне тағы да мұрсат беріп, оларды мейірімділігі мен рақымдылығына бөлейді. Рауаяттардың бірінде арабтардың бірінің пайғамбардан: «Әй, Алланың елшісі! Қиямет күні жаратылыстардың істерін кім есепке алады?»- деп сұрағаны айтылған. Оған «Ұлы Алла»,- деген жауап қайтарылады. Сонда әлгі адам: «Қағбаның Иесімен ант етемін, олай болса мен құтқарылдым»,- дейді. Пайғамбар: «Мұны қалай түсінуге болады?»- деген сұрақ қойғанжа ол: «Алла өзінің Мейірімділігімен кешіреді»,- дейді.  Өз өмірлерінде ластанған адамдар рамазан айында өздерін тазартып, ішкі болмыстарын да тазарту үшін Алладан кешірім сұрайды. Пәк имамдар: «Күнәлар кешіріледі. Бұл өздерінің нәпсілеріне бағынатын адамдар үшін үлкен хабар. Алайда күнәһар өкініп, қасиетті рамазан айында  Алла үшін ораза тұтып, өткендеріне тәубе етіп,   кешірім сұрауы керек»,- деп ақыл-кеңес берген. Исламның ұлық пайғамбары рамазан айының ерекшеліктері туралы «Рамазан айы – Алланың  айы, кешірім айы. Рамазан айы күнәлар  кешіріліп, илаһи азаптан құтылатын ай. Бұл ай – Алла Тағала рақымдылығының есіктерін ашып, күнәһарларды кешіретін ай» деп айтқан болатын.

Исраил әулетінде құрғақшылық апаты орын алып, халықтың жағдайы нашарлап, қиындықтары көбейген. Сол кезде хазірет Мұса халықты дұға тілеп, жаңбыр сұрауға шақырды.  Мүміндер мен хақ талап етушілер жиналып, дұға тілейді. Ұзақ уақыт дұға оқылғанымен аспаннан бір тамшы жаңбыр тамбайды. Хазірет Мұса Құдайдан дұғаларының орындалмауының себебін сұрағанда Құдай: «Сендердің араларыңда күнәһар жас бар. Сол сендердің дұғаларыңның орындалуына кедергі болуда»,- деп жауап береді. Хазірет Мұса жамағатқа қарап: «Өзі туралы білетін күнәһар жас ортамыздан шықсын»,- дейді. Бірақ ол сөзін аяқтамастан бұрын жаңбыр жауа бастайды. Хазірет Мұса таңғалып: «Уа, Құдай! Арамызда дұғаның орындалуына кедергі болып отырған  жас бар дедіңіз.  Ол әлі арамыздан шыққан жоқ қой»,- дегенде «Мұса! Сен сөзіңді айтқан кезде жас адам жамағаттың арасынан тұрып кетуге ұялды. Біз пендеміздің ұялуына төзе алмаймыз. Сол себепті оның күнәларын халықтың жақсылықтарына айналдырдық. Бұл жаңбыр жамағаттың дұғасының нәтижесі емес, сол жастың ұятының нәтижесі»,- деген дауыс естіді.